Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды. Седентаризация (отырықшыландыру) идеясы, сондай-ақ ауылды жаппай ұжымдастырудың болашағы шаруашылық-мәдени үлгілердің ауысуымен тығыз байланыстырылды. Басқаша айтқанда, қазақ шаруа шаруашылығының даму жолдары мал өсіретін шаруашылықтардың егіншілікпен айналысатын немесе тұрақтап мал өсіретін шаруашылықтарға ауысуымен (мемлекеттің бағыттауымен) теңестірілді. Мұндай ұғымның шенеуніктік-әкімшілік санаға берік орныққаны сонша, ол абсолютті шындық ретінде қабылданды. Алайда жаңа революциялық ойлау кеңістігімен проблемаларды бұлайша қабылдау қате болар еді, өйткені бұл арада дамыған дәрежедегі түсініктің дәстүрлі факторлары әлдеқайда басымдық рөл атқарады. Оның арнасында көшпелілер құрылымының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дағдылары тәжірибелік өркениеттермен және мәдениеттермен бітіспес жанжалға түсетін ескі-артта қалған дәстүр ретінде қарастырылады. Әрине, қалаған жағдайда сол кезде мал өсірушілердің Қазақстанда қанат жайған жайылымдық-көшпелі жүйесін барынша ұтымды және қарапайым жүйе ретінде сипаттауға болар еді. Алайда ол тек, аталған феноменді оған жағдай жасайтын кешеннен бөліп алып, индустриалды қоғамның ұғымына сүйене отырып, тап сол «ұтымды» экономикалық логиканың аясында қарастырған, өндірісті кеңейту мен табысты өсіруді мақсат тұтқанда ғана әділетті болады. Оның үстіне дәстүрлі шаруашылықтың дәлелі сапалық тұрғыдан өзге міндетке — биологиялық және әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруға бағдарланған және осы мақсатқа икемделуде ол айтарлықтай ұтымды болып шығады.
1927 жылы XV съезінде қабылданған науқан. Осыған орай 1928 жылы конфискация, яғни тәркілеу басталды. Халыққа азық жетіспей, демография қатты құлдырады. 6,2 млн адамның 2,1 млн қайтыс болған (шамамен 40 %). Осы тұста 1930 – 1932 (кей деректерде 1931 – 1933) жылдар тарихта аштық жылдары деген атпен белгілі. 400ге жуық көтерілістер болған. Ірі көлемділері: