Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



бет8/46
Дата07.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#18264
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Ортақ тақырыптар арқылы оқыту

«Музыка» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.



Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту

Оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Музыкалық іс-әрекеттер барысында ойынды қолдану оқушылардың музыкалық есте сақтау, ассоциативтік-бейнелік және шығармашылық ойлау, есту, ырғақтық, орындаушылық дағдыларын және музыкалық білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет