Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



бет4/46
Дата07.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#18264
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Оқу бағдарламасы Музыка Бастауыш мектеп

Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыкалық негізгі білімі мен біліктіліктерін, музыкалық қызметтегі шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникациялық әдіс-тәсілдерін меңгеру, ұлттық және адамзаттық мәдениеттің көркемдік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктемелерді қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамыту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • музыкалық сауаттылық бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру;

  • стиль, жанр, музыканың көркемдік құралдары туралы түсініктерді қалыптастыру;

  • музыкалық негізгі терминдер мен түсініктемелерді игеру;

  • музыкалық іс-әрекет үдерісінде білімдер мен дағдыларды дамыту, оның ішінде музыканы басқа өнер түрлерімен кіріктіру арқылы;

  • музыкалық орындаушылық дағдалырды, сонымен қатар АҚТ қолдану арқылы қалыптастыру;

  • дәстүрлі қазақ музыкасы және фольклорының, әлем ұлттарының музыкалық шығармашылығының, классикалық және қазіргі композиторлар шығармаларының үздік үлгілерін білу;

  • музыкалық қызмет үдерісінде білім алушылардың шығармашылық қабылдауын қалыптастыру;

  • музыкалық іс-әрекеттер үдерісінде зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;

  • білім алушылардың өмір тәжірибесі негізінде когнитивтік және эмоционалдық іс-әрекеттер саласын, көркемдік-эстетикалық сезімдерді, ассоциациялық және бейнелеп ойлауды қалыптастыру, музыкалық іс-әрекеттер арқылы қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіру.

Бастауыш мектептегі «Музыка» пәнінің мазмұны:



  • қазақ музыка фольклорын, дәстүрлі, классикалық және қазіргі музыка үлгілерін;

  • музыкалық сауатының негізін;

  • орындау және тәжірибеде музицирование жасау үшін музыкалық материалды (композиторлар, халық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанр және стильдер бойынша мағлұматтар);

  • музыка шығару мен импровизацияға арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АҚТ қолдану арқылы;

  • өнердің басқа түрлері және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет