Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



бет7/46
Дата07.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#18264
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Саралап оқыту ұстаным

Оқушылардың ерекшеліктерінің негізінде оқу топтарына әр түрлі мүмкіндіктер туғызатын дербес оқу үдерісі болып табылады. Саралап оқыту тұғырына арнайы дайындалған құралдардың көмегімен және саралап оқыту белсенділігінің әр түрлі топтағы оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі кіреді. Саралап оқыту жұмысын ұйымдастырудың шарты, күрделілігі жағынан айырмашылығы бар, танымдық қызығушылығы негізінде, оқытушының тарапынан көмек көрсету сипаты айқындалады.



Коммуникативтік ұстаным

Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет