Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт
Тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт оның компоненттерінің жиынтығында жалпы формасында (және әсіресе тұлғалық) оқытушының тарапынан оқушының мақсатқа бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және басқаруды білдіреді. Тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт мұғалімнің оқыту процесін білімдерді жеткізу, дағдылар мен іскерліктерді дамыту, яғни, оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру ретінде ғана анықтауды қайта қарастыруды білдіреді.
Тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт оқыту процесінің өзін оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (және басқару) ретінде қарастыра отырып осы процесті олардың өздерімен нақты бір оқу тапсырмаларын қою және шешуге (таным, зерттеу, жобалық және т.с.с.) қайта бағдарлауды білдіреді. Әрине іс-әрекеттік бағытта мұғалім оқу тапсырмаларының тізімдемесін анықтауға, олардың иерархиясын, көрсету формасын анықтауға және оқушылардың осы әрекеттерді олар оларды орындаудың бағдарлы негізін және алгоритмін меңгерген жағдайда ғана орындауды ұйымдастыруға тура келеді.
Кез келген іс-әрекет, сондай-ақ оқу іс-әрекетінің де алғышарты тұлғалық-іс-әрекеттік бағытты жүзеге асырушы мұғалімнің, оқытушының қажеттілігі болғандықтан, негізгі және келесі сұрақтар бұл оқушылардың, студенттердің онымен қарым-қатынаста коммуникативті және оқу-танымдық қажеттілігін қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ олардың өздерінің оқу іс-әрекетінің жалпылама әдістері мен тәсілдерін үйренуде, жаңа білімдерді меңгеруде, оқытылатын іс-әрекеттің барлық түрлерінде неғұрлым
жетілдірілген іскерліктерш қалыптастыруда оқу қажеттілігін қалыптастыру болып табылады.
Тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт оқыту процесі мен объектісінің
сипатының өзгеруін анықтай отырып, оқытушының, мұғалімнің және
оқушылардың студенттердің өзара әрекеттестігінің негізгі сызбасын
өзгертуді де білдіреді. S - О мұндағы S -мұғалім, оқытушы - педагогикалық
әсер ету және басқару субъектісі, О - оқушы-студент - осындай әсер етудің
объектісі, өзара әрекеттестігінің кең таралған сызбасының орнына субъектік-
субъектік, дидактикалық мұғаліммен ұйымдастырылған оқушылармен,
студенттермен шешілетін оқу тапсырмаларын шешудегі мұғалім,
оқытушының және студенттің тең құқылы оқу серіктестігі сызбасын қою
қажет. Мұғалімнің, оқытушының ақпараттық-бақылаушы функциялары
координациялықтарға орын беру керек. «Мұғалім, ғылыми көзқарас
бойынша - әлеуметтік тәрбиелік ортаның ұйымдастырушысы ғана, оның
әрбір оқушымен өзара әрекеттестігінің бақылаушысы деп
Л.С.Выготскийдің өзі айтқан.
Тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттың шартарындағы оқыту мен педагогикалық қарым-қатынас осылайша S1 – S2 сызбасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс, мұндағы S1 — мұғалім, оқытушы, қарым-қатынас затына деген, өзіне серіктес ретінде шынайы қызығушылық тудыратын адам, оқушылар үшін ақпараттық мазмұнды тұлға, қызық әңгімелесуші, S2 -оқушы, студент, оқытушы, мұғалім онымен қарым-қатынасы оның ұйымдастырушы, үйлестіруші, көмекші реакциясымен оқу тапсырмаларын шешудегі серіктестік ретінде қарастырады. Бұл жерде ұжымдық субъект қалыптасуы және оқытудың ұжымдық коммуникативтілігі принципі жүзеге асырылуы үшін оқу тапсырмаларын орындауда оқушылардың өздерінің оқулық серіктестігі ұйымдастырылуы қажет. Жоғарыда аталған принцип жүзеге асырылған ересектерді Г.А.Китайгородский бойынша тұлғаның резервтік мүмкіншіліктерін белсендендіру әдсінің үшінші принципімен сәйкестендірілуі тиіс. Басқаша айтқанда оқу процесінде «субъект» сызбасы жұмыс істеуі керек: S1 (окушы, мұғалім) <-> S2+ Sз+ S4+ ... + S5 (оқушылар, студенттер), осының нәтижесінде бір өзара әрекеттесуші ұжымдық, жиынтық субъект пайда болады (SП).
Достарыңызбен бөлісу: |