Бағдарламасы ҚҰрастырушы: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы Жалау Мыңбаев мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі



бет5/10
Дата20.12.2023
өлшемі49,04 Kb.
#141686
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Білу керек: туристердің міндеттерінің тізімі,жорыққа дайындағанда,жорық барысында міндеттерін дұрыс атқару.
3.6. Жорық барысында қозғалысты дұрыс ұйымдастыру.Демалу.
Туристік қатар – ол тәртіптің, ұйымшылдықтың, қауіпсіздіктің негізгі факторы. Топ мүшелерін қатарға, колоннаға тұрғызу ережелері.Қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс қарқыны.Асуларды өтудің нормасы,қозғалыс жылдамдығы.Біркүндік жүру,қозғалу нормасы.Күн ережесі.Демалысты дұрыс ұйымдастыру,ауа райына қарай, жер бедеріне байланысты,топ мүшелерінің жағдайына қарай демалыстың ұзақтығы, жиілігі.Жолың жер бедеріне қарай өту ережелері.
топ мүшелері негізгі жүру ережелерін, қатарға дұрыс тұру тәртібін,қозғалу,демалу режимін білулері керек .Қауіпсіздік ережелерін,жүру, демалу режимдерін сақтау керек.
3.7. Жорық өткізу барысындағы қауіпсіздік ережелері.
Жорықта қауіп туғызатын негізгі себептер:( тәртіп сақтамау,топтың әлсіз дайындығы, топ құрамының, бағыттың аяқ асты өзгеруі, жүру, қозғалудың техникасы мен тактикасының бұзылуы, құрал жабдықтың жетіспеушілігі,қозғалыс ережесін бұзуы, жорық бағытымен жеткіліксіз таныстығы,күрделігін, қауіпсіздігін бағаламағадықтан,өз күштерін артық бағалаудан, тауда жүру кезінде сақтандыру техникалық әдістер мен өзін өзі сақтандыру әдістерінің тәсілдерін дұрыс қолданбағаннан). Тәртіп сақтау – жорықтың өз дәрежесінде өткізудің ең негізгі факторы.
Жол жүру ережелері.Көліктен түсу,міну кезінде, көліктің ішінде жүру ережелерін сақтау. Суға шомылу,қиын, қауіпті жерлерден өту ережелері.
Білу керек:көлікте,суға шомылу, қиын, қауіпті жерлерден өту ережелерін,жіппен сақтандырудың байлау түрлерін.
3.8. Турист шаруашылығын ұйымдастыру.Қонатын жерді дұрыс таңдау. (бивуакты).
Топтың бивакқа келгеннен кейінгі іс шаралары.Қонатын жерге қойылатын негізгі талаптар: өмірге ыңғайлы (ішуге жарамды суы бар,отын ағашы бар жер), қауіпсіз (жергілікті жерден алысырақ, өзеннен биік жерге,лагерь территориясында құрғақ,шіріген ағаштардың болмауы керек.т.б.), комфортты (күн сәлесі жақсы түсетін, тегіс, әдемі табиғат көрінісі бар жер).
Лагерьді құру, бұзу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, жоспарлау: (шатыр құратын,от жағатын жерді дұрыс таңдау, жуынатын, қоқыс тастайтын жерлерді ұйымдастыру). Кетер алдында лагерь маңын жинап кету.Жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтау.
Білу керек: бивак тұратын жерге қойылатын негізгі талаптарды; лагерді құрғанда,жинағанда істелетін жұмыс тәртібін, қауіпсіздік шараларды.
3.9. От жағу және оның түрлері. От жағудың дұрыс әдістерімен ережелері, оған қажет жабдықтар.
От жағу түрлері, оның қолданылуы. От жағатын жерге қойылатын талаптар.Отын дайындау оны дұрыс сақтау. Жаңбырлы күні от жағу әдістері.Отын жарғанда, от жаққанда қауіпсіздік шараларды сақтау. Кетер алдында ошақ маңын жинап кету талаптары.
От жаққанда керек құрал жабдықтар.Тамақ істейтін ыдыстар.Асханаға қажет жабдықтар.Жорыққа арналған балта, ағаш кесетін ара, оларды қолданғанда, сақтағанда,тасымалдағанда қойылатын талаптар. Қауіпсіздік шаралары.
Тәжірибе жұмыстары. Демалу, қону үшін лагерь құратын жерді таңдау.Бивакты қүрып,бұзу жұмыстары.От жағу.
Білу керек: от жағудың негізгі түрлерін, оның қолданылуын,от жағу ережелерін ; қажет құрал жабдық түрлерін; балта, арамен жұмыс істегенде, от жағып, отын дайындағанда қауіпсіздік шараларын сақтауды.
3.10. Киім кешек,құрал жабдықтарды жөндеу, кептіру жұмыстары.Жөндеуге арналған құралдар.
Киім кешек,құрал жабдықтарды кептіру әдістері. Құрал жабдықтарды дайын дау, жөндеу. Құрал жабдықтарға қажет күтім. Кептіру, жөндеу жұмыстары барысында, қауіпсіздік шараларын сақтауды.
Жөндеу құралдарының құрамы, қолданылуы.
Тәжірибе жұмыстары. Жөндеу құралдарын жинақтау.Құралмен жұмыс істеу ережелерін үйрену.
Білу керек: құрал жабдықтарды кептіру әдістерін, кептіру, жөндеу жұмыстары барысында, қауіпсіздік шараларын сақтауды,қажет құралдардың түрлерін білу. 3.11. Туристік жорықта тамақтану.Отқа тамақ әзіңрлеу.
Жорықта тамақтанудың маңызы,ерекшелігі, режимі.Қажет тамақ түрлері, мөлшері.Бір адамға қажет тамақ мөлшері.Туристік мәзір туралы түсінік.Тамақты дұрыс тасымалдау, дорбаға дұрыс салу.Отқа тамақ пысырудың ерекшеліктері.Жорық барысында тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.
Тәжірибе жұмыстары Қажет тамақтардың біркүндік, бірнеше күндік тізімін жасау.Сатып алу, дұрыс сақтау ережелерін үйрену,отқа түрлі тамақ істеу әдістерін үйрену.
Білу керек: жорықта қажет тамақтарды дұрыс сақтау әдістерін, мәзір дайындаудың ережелерін,керек тамақ тізімін жасауды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет