Бағдарламасы ҚҰрастырушы: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы Жалау Мыңбаев мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі



бет2/10
Дата20.12.2023
өлшемі49,04 Kb.
#141686
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тақырыптар

Сағат

Мерзімі

Туризмнің теориялық және ғылыми негіздері



1

Туризм түрлері және оның түсінігі

1




2

Демалу мақсатындағы туризм

1




3

Мәдениетті зерттеу мақсатындағы және қоғамдық туризм

1




4

Спорттық туризм

1




5

Экономикалық туризм Конгресстік (саяси) туризм

1




6

Жаяу және шаңғы туризмінің әдіс-тәсілдері
Тау туризмі
Су туризмі

1




7

Туған өлке табиғаты мен тарихы

1




8

Маңғыстау туристік объектілері

2




9

Маңғыстау бойынша туристік маршруттар

1




10

Маңғыстау туристік фирмалары және агенттіктері

1




11

Қонақ үйлер, демалыс аумақтары

1




12

Туристік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

1




13

Бивуак орындарын белгілеу

1




14

Айналаны бағдарлау
(азимут, компас)
Масшатаб.

1




15

Шатыр (палатка) орнату (теория)

1




16

Жеке адамдарға арналған құралдар (арқақап (рюзак), жатын
күннен қорғайтын көзілдірік, жаңбыр қап,
жуынатын заттар т.б. )

2




17

Белсенді туристтік саяхаттың
техникалық қамтамасыз ету (аяқ-киім, киім, құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек)

1




18

Азық-түлікті таңдау және оның
құрамы. Дайындалған азық-түлікті дұрыс қолдана білу

1




19

Арқан байлау тәсілдерін үйрену

1




20

Қауіпсіздік ережелері

1




21

Алғашқы көмек көрсету

1




22

Маршрутта кездесетін күрделі аймақтардан өтудің әдіс-тәсілдері

1




23

Асу және оның түрлері

1




24

Туристік құрал-жабдықтар тізімі

1




25

Туристік экология

1




26

Алау және оны жағу әдістері

1




27

Туристік саяхаттар кезінде жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1




28

Таным - жорық немесе топсерен ауданын таңдау

2




29

Туристік жорықтарды жоспарлау

1




30

Туристерді жорыққа дайындау

1




31

Курсты толық қайталау

2




32-33

Табиғатқа таным-жорық пен топсеруен
ұйымдастыру

2




34

Жорықтың қорытындысын жасау
(ой – пікір, презентация жасау)

1






Қолданылған әдебиеттер тізімі
И.К. Жданова. Мир вокруг нас. Минск, 1991.
 Арбит А.Е. Луговьер Д.А. Фотография и киносьемка в путешествий.-м.
К.С. Лазаревич. Я иду на урок географии. Москва. Первое сентября. 2000.
Г.Н. Элькин. География материков и океанов. Санк-Петербург «Паритет», 2001.
http://upt.sko.gov.kz/page.php?page=turizm_kz&lang=1

Жалау Мыңбаев мектеп - гимназиясы


Бекітемін: Бекітемін:
Директор Оқу ісінің меңгерушісі:
Тажигулова Б.С. Турланова К.Б.
__________________ ____________________
__________ __________
«Жас турист»
Үйірме жоспары
10 – сынып


География пәнінің мұғалімі:
Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы


2022-2023 оқу жылы

Бағдарлама төлқұжаты

  1. Бағдарламаның аты : « Жас турист»

  2. Авторы: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы

  3. Ұйымның аты: Жалау Мыңбаев мектеп – гимназиясы

  4. 10 сынып оқушыларына арналған

  5. Бағдарлама мақсаты: оқушыларды салауатты өмірге,туризм негіздерін білуге,отансүйгіш қасиеттерін қалыптастыруға,өз елінің, өз жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізуге тәрбиелеу, мамандық таңдауларына ықпал ету.

  6. Бағыты: туристік-өлкетану


Түсініктеме парағы


Кіріспе
Жалпы алғанда туризм туған өлкені танудың негізгі құралы болып табылады,себебі телевизордың алдында отырып немесе кітап оқу арқылы, туған жердің табиғатының , әдемілігін түсіну мүмкін емес.Ал,өз еліңді,өз жеріңді білу үшін саяхат, жорыққа шығу қажет.Жаяу жүру туризмі адамды шынықтырады, десаулығын нығайтады, төзімділікке тәрбиелейді.Бірақ та адам өзін табиғатта өзіне де, қоршаған ортаға да зиянын тигізбей дұрыс ұстай ала ма? Өкінішке орай жоқ.Сондықтан,мектеп қабырғасынан бастап жас өспірімдерді туризмге,турист болуға үйрету қажет,яғни қоршаған ортаға деген дұрыс көз қарастарын қалыптастыру керек.
Жаяу жүру үйірмесіндегі туристік-өлкетану жұмыстары жас өспірімдерді жан-жақты тәрбиелеудегі маңызы мол. Оны дұрыс жолға қойып, дұрыс пайдаланса балалардың бойындағы патриоттық,экологиялық,рухани,эстетикалық және еңбекке баулу қасиеттерін сонымен қатар интеллектуалдық білімдерін дамытудағы ролі үлкен. Бұл жұмыстың әр түрі білім беруде,салауатты өмір салтын сақтауда, дұрыс ұйымдастырылса берер нәтижесі көп. Сол көп жұмыстардың ішіндегі маңыздысы саяхаттар, жорықтар. «Жаяу жүру туризмі» бағдарламасының мақсаты,оқушыларға туризмнің негізін түсіндіру,сабақта алған білімдерін нығайту,табиғатта кездесетін төтенше жағдайларда өзін ұстай білуіне үйрету.
Бұл бағдарлама бірінші оқу жылына арналған, сондықтан бұл жерде оқушыларға туризм техникасының, өлкетанудың, бағыт анықтаудың,алғашқы медицина көмектерінің бастапқы біліміне үйретеді.
«Жаяу жүру үйірмесінің» бағдарламасы 10 сыныптарға арналып бірінші оқу жылында
– 36 сағат беріледі.Үйірмеге медициналық байқаудан өткен,десаулықтары жарамды оқушылар қбылдана алады. Бірінші оқу жылында топ құрамы – 20 оқушы.
Бағдарламаның мақсаты :

  • Жасөспірімдерді туристік өлкетану жұмыстары арқылы тәрбиелеу;

  • Баланың денсаулығын шынықтыру, физикалық тұрғыдан дұрыс дамуына ықпал ету;

  • Баланың шығармшылық дамуына,сұраныстарын қанағаттандыратын жағдай жасау ;

  • туристік өлкетану жұмыстары арқылы дұрыс мамандық таңдау көз қарастарын қалыптастыру;

  • балаға басқалармен дұрыс қарым қатынас жасауды үйрету ;

  • Экстремальді жағдайда дұрыс шешім қабылдауды, төзімді, шыдамды болуды үйрету ;

  • Оқушыларды туристік өлкетану іздену шығармашылық жұмыстарына баулу;

  • Саяхат ,жорықтар арқылы эстетикалық,экологиялық тәрбие беру ;

  • Оқушылардың патриоттық сезімдерін,табиғатты қорғау жауапкершіліктерін қалыптастыру;

  • Оқушыларды еңбекке баулу,тәртіпке, достыққа ,бір біріне көмектесуге үйрету ;

  • Спорттық жаттығулар, туристік жарыстар арқылы алдына қойған мақсаттарына жетуді,тез шешім қабылдауды,өмірге қажет тәжірибе алуды үйрету ;

  • Өлкетану шаралары арқылы Маңғыстау облысы туралы білімдерін тереңдету, өз туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет