Бағдарламасы ҚҰрастырушы: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы Жалау Мыңбаев мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі



бет3/10
Дата20.12.2023
өлшемі49,04 Kb.
#141686
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Жас турист» үйірмесі
Оқу бағдарламасының әр бөліміне түсініктеме
I. Кіріспе сабағы.
Туризм – өз өлкесінің табиғатын, тарихын танытатын негізгі құрал.Сонымен қатар,рухани дамуға,еңбекке баулу,жан жақты болуға тәрбииелеу,салауатты өмір салтын насихаттау құралы.Қазақстанда туризмнің дамуы. Туриз түрлері, түсінік, ,дәстүрлері.Жас туристер станциясы балалар туризмі орталығы. Жаяу жүру туризмі
Білу керек: туризм туралы негізгі мағлұматтарды,туризмнің түрлерін оның әр түрінің сипаттамасын; туризмнің қағидаларын,заңдарын;ережелерін; үйірменің мақсаты мен жоспарын.
II. Гигиена негіздері және алғашқы дәрігерлік көмек.
2.1. Жорықта болуы мүмкін қауіп қатерлер.Қауіпсіздік шаралары.
Табиғат әсерінен болатын қауіп қатер: жер бедері, таулы аймақ, өзендер,сель,жел, жер сілкінуі, су тасқыны, қар көшкіні. Улы өсімдіктер, улы жәндіктерден, жылан, жыртқыш аңнан, табиғи кедергілерден сақтану.Төтенше жағдайлардың алдын алу,далада өткізілетін сабақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.
Білу керек: табиғатта кездеесетін улы өсімдікттер, жәндіктерден болатын қауіпті, далада,жорықта өткізілетін сабақ барысында қауіпсіздік шараларын сақтай білу.
2.2. Туристің жеке басының гигиенасы.Аурудың алдын алу шаралары.
Туристің жеке басының гигиенасы,яғни үсті басының, киімі, аяқ киімінің. Дене шынықтырумен,спортпен айналасу-аурудың алдын алудағы негізгі құрал, мысалы су процедуралары :жуыну,сүртіну «обтирание»,шомылу, таза ауамен ,күн сәлесімен шынығу процедуралары. Жүйелі түрде спортпен шұғылдану денсаулықтың басты кепілі.
Темекі шегу, спирттік ішімдіктердің ағзаға кері әсері.
Жаяу жүру туризмімен айналысу барысында болуы мүмкін аурулардан сақтану шаралары.Мысалы ,кене шағудан,көпшілік жерде болатын инфекциялық аурулардан сақтану.Шаршағанда,сық тигенде, буын қақсағанда жасайтын массаж түрлері.
Тәжірибе жұмысы. Кешенді гимнастика жаттығуларды үйрену.Жорықта, спорт жаттығуларында ыңғайлы киімді, аяқ киімді дұрыс таңдау,жеке бас гигиенасын дұрыс сақтау,массаж түрлерін үйрену.
Білу керек: туризм сабақтарында қажет гигиена талаптары,шынығу түрлерін,аурудың алдын алу шараларын,кешенді жаттығуларды, массаж түрлерін, өзін, киім кешегін күтінуді.
2.3. Жорықтық дәрілік қобдиша.
Дәрілік қобдишаның құрамы,тізімі, қолданылуы.Дәрілердің жағымды және жағымсыз әсерлері оны сақтау әдістері. Туристің жеке дәрілік қобдишасы. Дәрілік өсімдіктер.
Тәжірибе жұмысы.дәрілік қобдишшшашаға қажет дәрілердіжинақтау.Дәрі түрлерімен, қолдануымен танысу
Білу керек: дәрілік қобдишшшашаның қүрамын, түрлерін, қолдануын,дұрыс тасымалдау, сақтау ережелерін.
2.4.Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі тәсілдері.
Суық тию, ангинаның алдын алу, емдеу.Күн өткенде, тамақтан уланғанда, асқазан ауырғанда көмек көрсету.Тамақты,суды дұрыс таңдау, сақтау, ыдыс аяқты таза ұстау.
Күйік шалу. Үсік шалу.Одан сақтану жолдары.Алғашқы дәрігерлік көмек.Жарақат,жара оның түрлері. Жараны емдеу,бинтпен,жгутпен,мақта дәкемен таңу түрлері.Қан тоқтату,жарақат алғанда алғашқы дәрігерлік көмек .
Тәжірибе жұмысыЖарақатты таңудың негізгі әдістерін үйрену.Тамақтан уланған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйрену,.
Сындыру,соғу,шығару, сіңірдің созылу сипаттамалары. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелері.Қолда бар заттардан шина даярлау,жарақат алған адамның киімін дұрыс шешу.
Кене, жылан шаққанда болатын аурулар. Алғашқы дәрігерлік көмек.Найзағай түскенде, тоқ тартқанда, суға батқанда көмек көрсету,жасанды тыныс алуды қолдану. Тәжірибе жұмысы. Шина қолдануды үйрену.Жасанды демалудың түрлерін үйрену.
Білу керек: жоғарыда қаралған ауру,жарақатқа дұрыс дәрігерік көмек көрсетуді, тамақтан уланудың алдын алуды ,уланған жағдайда дәрігерлік көмек көрсетуді, аяқ қол сындыру,соғу,шығару, сіңірдің созылу салдарының сипаттамаларын ,қан тоқтатуды, шина қоюды,жасанды тыныс алуды жасай білу керек.
2.5. Жарақат алған адамдарды тасымалдау әдістері.
Тасымалдау әдісін жарақат алған адамның жарақат алған жеріне,түріне науқастың жағдайына байланысты қолдану. Жарақат алған адамдарды тасымалдау әдістері.Науқасты қолда бар заттармен тасымалдау,тасымалдау барысында оны дұрыс жатқызу. жарақат алған адамды тасымалдау әдістерінің түрлерін.
Білу керек: жарақат алған адамды тасымалдау әдістерінің түрлерін,табиғи жағдайда зембіл дайындау жолдарын, тасымалдау барысында науқасты дұрыс жатқызып қозғалтуды,тасымалдаудың дұрыс әдісін таңдауды.
Тәжірибе жұмысы. жарақат алған адамды тасымалдау әдістерінің түрлерін,дұрыс қоозғалтуды, табиғи жағдайда зембіл дайындауды үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет