Бағдарламасы ҚҰрастырушы: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы Жалау Мыңбаев мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі



бет9/10
Дата20.12.2023
өлшемі49,04 Kb.
#141686
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
VI. Өлкетану.
6.1. Туған өлкем Жетісу. Табиғат ерекшеліктері.
Жетісу өлкесіне жалпы сипаттама. Территориясы, шекаралас аудадары.Жер бедері.Ауа райы, климаты, табиғаты оның туризм дамуына ықпалы.Пайдалы қазбалары.
Өзен, көлдері Өзен, көлдерінің пайда болуы,ағысы, қоректену режимі,мұз қатуы,арнасынан шығуы.Жетісудың негізгі.басты өзендері..
Топырағы.Өлкенің өсімдігі, жануарлары.Табиғат ескерткіштері.Тамғалы тас. Сақ қорғандары.Шарын шатқалы .Есік көлі.Үлкен Алматы көлі. Турген шатқалы.
Көлсай ,Аққайын көлдері.
Тәжірибе жұмыстары:Алматы облысының картасымен танысу.Өлкетануға арналан сайыстар, ойыпдар өткізу. .
Білу керек: Жетісу өңірінің жалпы сипаттамасын, табиғат ерекшеліктерін ,табғат ескерткіштерін, заңмен қорғалатын қорықтарын, туризм орталығы екенін.
6.2. Әкімшілік бөлінуі. Атақты адамдары.
Халқы. Ең алғашқы өлкені қоныстанған адамдар туралы мәліметтер.Ұлт құрамы,саны, шоғырлануы, тығыздығы.Әкімшілік бөлінуі, қала және ауылдары. Атақты адамдары,олардың өлкеміздің тарихындағы, жалпы Қазақстан тарихындағы ролі.
Білу керек:өлкенің ерте заманнан бастап қоныстануының басты себептерін,халқының тығыз орналасуының айырмашылықтарының себептерін,әкімшілік бөліну түрлерін, қала халқы мен ауыл халқының санының өзгеруін.
Білу керек: үлкен қалаларын, ауылдарын, жер бедерінің түрлерін, өзен, көлдерін,қорықтарды, табиғат ескерткіштерін картадан көрсету.
6.3. Негізгі өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы. Транспорты.
Өнеркәсібінің, көлігінің, көлік магистральдерінің даму жолдарының сипаттамасы. Күрделі өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығы.Басқа аймақтармен,елдермен экономикалық, мәдени байланыстары. .
Білу керек: өз өлкеміздің өнекәсібін, ауыл шаруашылығын,транспортының даму жлдарын.
6.4. Туған өлке жылнамасы. Туған өлке тарихы.
Тәжірибе жұмыстарыАлматы қаласының көне заманнан келе жатқан мың жылдық тарихын оқып, зерттеу. Жылнамасын жасау.Жұмыстың мазмұны:тарихының, табиғатының,мәдениетінің дамуының, экономикасының, ерекшеліктерін тауып оны тарихи,табиғи процесстермен байланыстыру. Жеке,көп зерттелмеген тарихи оқиғаларды,табиғи құбылыстарды зерттеу.
Зерттелген жұмыстарды фото,көрген адамдардың әңгімелерімен,сол оқиғалар туралы жазылған мақалалармен,толықтыру,бекіту.Арнайы күнделік жүргізу, өлкетану материалдарын жинастыру. .
Өз облысыңның, қала,аудан, мектеп, көше жылнамаларын жасау.
6.5. Үлы Отан соғысына байланысты тарихты оқу. Соғысқа қатысқан адамдардың өмірбаяндарямен танысу. .
Тәжірибе жұмыстары Өлкемізде өткен ғасырларда болған тарихи оқиғалармен танысу,осы өңірден шыққан батырлардың өмірбаяндарымен танысып,зерттеу.Алматы тәуелсіздігіміздің алтын бесігі тақырыбына мағлұматтар жинау, тарихи оқиғаларға байланысты ғылыми жобалар жазу, оны қорғау.Өңірімізден шыққан тарихи тұлғалар, өнер қайраткерлері,ақын, жазушылардың еңбектерімен танысып, ескерткіштеріне бару,мемориалдық мұражайлармен танысу, мағлүматтар жинау.
Қорытынды есеп жасау. Зерртеу жұмыстарын жасау үшін, өткен тарихтан бастап бүгінімізге дейінгі тарихымызды қамтитын жоғарыда берілген кез келген тақырыпты таңдауға болады.
6.6. Жетісу өңірінің Отандық туризмді дамыту мүмкіншіліктері.
Жорық, экскурсия өкізуге қолайлы, қызықты, тарихи орындар.Мәдени, тарихи ескерткіштер,қаламыздағы, облысымыздағы мұражайлар.Өлкетану,мектеп мұражайлары,мемориалдық мұражайлар.Тарихи,мәдени табиғат ескерткіштері,басқада қызықты орындар,олардың орналасқан жері,бару тәртібі. Туған жеріміз туралы әдеби кітаптар.Тарихи, мәдени ескерткіштерді қорғау. .
Білу керек:тарихи ескерткіштерді, қала, облыстағы мұражайларды,табиғат ескерткіштерін, олардың орналасқан жерлерін .
6.7. Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие.
Экология туралы түсінік. Экология мәдениетін тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті, табиғатты қорғауға арналған белгілі шаралар арқылы қалыптастыру.Экология мәдениетінің мағынасы табиғат заңына,ондағы тіршілікке дұрыс көз қараспен қарау керек. Адамдардың табиғатқа оң және кері әсері, әртүрлі әдебиеттен, әдет ғұрып, дәстүрлер арқылы адам өмірінде табиғаттың ролін анықтау.
Жорық барысында көпшілік баратын туристік орындарды тазалауға арналған шараларға,акцияларға қатысу.Табиғатты қорғау.Жас туристердің табиғатты қорғаудағы ролі, қағидалары,ережелері.
Білу керек: экология мәдениетінің мағынасын; туристердің табиғатты қорғау ережесін,қағидаларын білуі керек.
6.8.Жорықтағы қоғамдық пайдалы жұмыстар.Метеорологиялық бақылаулар. .
Қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері мен формалары.Шараларды жүзеге асыру тәсілдері: жұмыс, еңбек,үгіт,тәрбиелеу, іздену,бақылау,зерттеу,т.б.
Өлкетану жұмыстары-қоғамдық пайдалы жұмыстардың бір түрі. Өлкетану жұмыстарын орындау:материал, мәліметтер жинау,іздену жұмыстары,тарихи оқиғаны өз көздерімен көрген адамдармен кездесіп,сол кісілердің естеліктерін жазып алу, тарихи мәдени ескерткіштерді зерттеу.
Метеорологиялық бақылау: бұлтты аспанды бақылау,желдің бағытын бақылау, қар қалыңдығын бақылау,бір күндік, бір айлық, бір жылдық ауа температурасының амлитудасын, орташа температурасын анықтау.Ауа райын болжау.Ашық ауа райының белгілері.Ашық ауа райының бұзылу белгілері. Жауын шашынды ауа райының белгілері.Ауа райының жақсару немесе бұзылу белгілері.
Білу керек: қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері мен формаларын. Жорық кезіндегі өлкетану жұмыстарының орындалу тәртібін, оны орындау тәсілдерін, зерттеу жұмыстарын білу керек



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет