Білу керек: компастың түрлерін,компастың құрылысын,онымен жұмыс істеуді.
5.8. Бағыт анықтаудың тәсілдері.Бағытты білмегендегі іс әрекеттер. Жергілікті жерде бағыт анықтаудың түсінігі. Бағыт анықтаудың тәсілдері.Бағыт анықтаудың түрлері:дыбыстық бағыт анықтау,маяк арқылы,жергілікті заттар арқылы,.Карта арқылы тұрған жерін табу.Карта арқылы бағыт анықтау,Компаспен бағытты табу,Табиғат құбылыстары арқылы, жұлдыздар, өсімдіктер,Күн,Ай арқылы бағытты табу. Бағытты жоғалтудың негізгі себептері. Бағытты жоғалтқанда қолданатын тәсілдер:қозғалысты тоқтату,өткен жолды сараптау,картадан ұқсас жлдарды іздеу,үлкен жолға шығу, өзен бойымен жүруге тырысу,дыбыс арқылы жүру, түнде жарыққа жүру. .
Топ мүшелері қатаң тәртіп сақтаулары керек,сабырлық сақтау керек.
Тәжірибе жұмыстары:Белгілі бір зат бойынша азимут анықтауға тарналған жаттығулар.Берілген азимут бойынша қозғалу, кедергілерден өту.Бағытты жергілікті заттар, күн, жұлдыздар арқылы анықтауға арналған жаттығулар.Картадан тұрған жерін табуға берілетін тапсырмалар.
Білу керек: бағыт анықтау туралы түсінікті және оның әдістерін,бағыттан адасқандағы іс әрекеттерді .
5.9. Берілген жерде қашықтықты анықтау. Қашықтықты өлшеу. Қашықтықты өлшеудің тәсілдері:қадаммен,көз мөлшерімен,қозғалу уақыты бойынша,дыбыстардың естілуімен т.б.
Тәжірибе жұмыстары:Өз қадамының орташа ұзындығын өлшеу.Әртүрлі қашықтықтарды өтеге арналған жаттығулар.Өзеннің,сайдың ендерін көз мөлшерімен өлшеу.Қашықтықты кеткен уақыт арқылы санау. Білу керек:қашықтық өлшедің тәсілдерін білулері керек. 5.10. Бағыт анықтауға арналған жарыстар. Жарыстардың түрлері.Берілген бағыт бойынша, маркировкаланған трассада бағыт анықтау, азимутпен жүру.Эстафеталық жарыс, берілген бағыт бойынша.Жарыстың өткізілу тәртібі. .
Тәжірибе жұмыстарыкартаны оқуға ,түсінуге арналған жаттығулар
Білу керек: жарыстардың түрлерін, маңызын, картаны жарыс кезінде қолдануды.