Бағдарламасы ҚҰрастырушы: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы Жалау Мыңбаев мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі


III. Туристік дайындықтың негіздері



бет4/10
Дата20.12.2023
өлшемі49,04 Kb.
#141686
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
0007fb0d-3b81e7da (2)

III. Туристік дайындықтың негіздері.
3.1.Қазақстанда туризмнің шығу тарихы.
Қазақстанда туризмнің пайда болу тарихы.Алматы қаласында туристік ұйымдардың шығуы.Туристік жорықтың, экскурсиялардың жас өспірімдердің қалыптасуындағы ролі, отансүйгіштік сезімдерін дамыту,мектепте алған білімдерін тереңдету,еңбекке баулу, көпшіл болуды тәрбиелеу.
Жорықтарға қойылатын талаптар,саяхаттардың күрделігіне қарай түрлері, «Жас турист» төс белгісіне қойылатын талаптар.Туристік жарыстарға қойылатын талаптар.
Білу керек: Қазақстанда, Алматы қаласында туризмнің пайда болу тарихын,. туристік жорықтардың маңызын,ролін; жорықтарға қойылатын талптарды.
3.2. Топтық және жеке бастың құрал жабдықтары.
Туристік құрал жабдықтарға қойылатын талаптар:жеңіл, ыңғайлы, мықты гигиенаға сай,қолданғанда қауіпсіз, эстетикағалы.Жеке құралдардың тізімі.Қол дорбаның, ұйықтайтын қаптың түрлері. Қысқы,жазғы саяхаттарға киетін киім, аяқ киімдер, құрал жабдықтарға, киімге жасалатын күтім. .
Топтық құрал жабдықтардың тізімі. Шатырлар түрі, қолданылуы, топтық құрал жабдықтардың тізімі,топтық құрал жабдықтарға, киімге жасалатын күтім.
Тәжірибе жұмысы. Жорыққа қажет топтық және жеке бастың құрал жабдықтарының тізімін жасау. Туристік құрал жабдықтармен таныстыру.
Білу керек: туристстік құрал жабдықтарға қойылатын талаптарды,тізімін,қолданылуын,күтім жасаудды , ,жорыққа қажет құралдардың тізімін жасауды білу керек .
3.3. Қол дорбаның ішіндегі заттарды салу.Шатыр құру.
Тәжірибе жұмысы. Қол дорбаның ішіндегі заттарды ретімен, дұрыс салуды үйрену,шатыр бұзуды,құруды үйрену,
3.4.Жорыққа дайындалу. Жорықтың мақсаты, маңызы.Жорыққа қатысушыларға қойылатын талаптар. Туристік топтарды саяхатқа ұйымдастыру,ұйымдастыру шаралары,жоспар құру,әр кімнің атқаратын міндеттерін бөліп беру..
Білу керек: туристерге қойылатын талаптарды, жорыққа ретімен, жүйелі түрде дайындалуды, мақсатын білу.
3.5. Жорықтағы туристік міндеттер.
Уақытша және тұрақты міндеттер. Топ басшысы, оған қойылатын талаптар:туристік тәжірибе, басқалармен жақсы қарым қатынас.Оның міндеті топты басқару,берілген тапсырмаларды орындауларын қадағалау, топта дұрыс қатынастарды қалыптастыру. Басқа міндеттерге қысқаша сипаттама:тамаққа жауапты адам,санитар,өлкетанушы,редактор, фотограф,құралдарға жауапты адам,есеп жазуға жауапты, уақытша міндеттер:от жағуға жауапты,аспаз,ыдыс жуатын,ас дайындауға жауапты адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет