«Жас турист» атты 10- сыныпқа арналған үйірме бағдарламасы ҚҰРАСТЫРУШЫ: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы Жалау Мыңбаев мектеп - гимназиясының география пәні мұғалімі Түсініктеме хат
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауындатуристік индустрия қызметінің мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп, қалыптасып, келе жатқан Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларында еліміздің әлеументтік-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады.
Әрине, халықтың әл-ауқатының артуы мен рухани және гармониялық жағынан дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы түрде жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктердің маңызды бөлігін құрайтын демалыс және ойын-сауықтық бағдарламалармен қамтамасыз ету мен байланысты қызметтердің маңызы сөзсіз. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей.
Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Сол қара шаңырақта ауыз толтыра айтарлықтай тарих тағылымынан хабар беретін, көне жәдігерлер мен жауһарларымызды бойына түйген шежірелі ескерткіштер көп. Жаратқан тарту еткен тұлғасын қаз қалпында сақтап қалған табиғаттың тылсымы да осында. Облыстың атын әлемге әйгілі ететін ең ірі тарихи орындар мен демалыс кешендері жайында тоқталуды жөн санадым. Қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатының жақсаруына қол жеткізуге бағытталған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыру стратегиясы көптеген мәселелерді, соның ішінде қызметтер аясын дамыту мәселесін - шешу негізінде мүмкін.
География пәнінен
10 - сыныпқа арналған үйірме жоспары
««Жас турист» аптасына 1 сағат, жылына 36сағат