Білу керек: байлау түрлерін, оның қолданылуын,мысалы мына түрлерін:
түзу,прямой, рифті, рифовый, қарама қайшы,встречный, ткацкий, академиялық академический, шкотовый, брамшкотовый, удавка, стремя, проводник, проводник- сегіздік восьмерка, булинь.
4.4. Туристік жорықтарға дайындық.
Тәжірибе жұмыстары.Туристік топтардың жоспарланған жорықтарға дайындалу іс шараларын талқылауы.
жорықтың мақсатын, баратын орнын;
топты жасақтау,міндеттерін бөлу, тапсырмалар беру;
жорыққа дайындық жоспарын құру;
жорық орнын зерттеу, алдын ала барлау (зерттеу, сол жер туралы әдебиеттен, интернет арқылы, бұрын сол жерде болған адамдардан, карталардан, ескі есептерден мағлүматтар, ақпараттар жинау т.б.);
қозғалу бағытының кескінін, қозғалу грфигінің жоспарын жасау;
топтық және жеке туристік құрал жабдықтарды дайындау;
жорықтың дайындығына, өткізуіне кететін шығынның сметасын жасау;
алатын тамақтардың тізімін,ас мәзірін жасау;
жорыққа рұқсат беретін қажет құжаттарды рәсімдеу, бекіту.
жорыққа дайындалу жоспарын құру,жорық орнымен алдын ала танысу, барлау,құрал жабдық дайындау,таңдап алған азық түлікті реттеу.
4.5. Туристік жорықтың қорытындысы.Жорықтың қорытынды есебін жасау тәртібі.
Тәжірибе жұмыстары.Жорықтың қорытындысын талқылау.Жорық туралы есеп беру.Топ құрамындағы қатысушылардың іс әрекетін талқылау.Жорықта жиналған материалдарды реттеу, экспонаттар ,гербариилер дайындау.Қорытынды туристік кештер ұйымдастыру, туристік газеттер дайындау.
Құрал жабдықтарды жөндеу және өткізу.
Топ құрамындағы қатысушылардың есеп беру жұмыстарын дайындағандағы рольдері,жорық бағытының күнделігін өңдеу,фото шығару,жорыққа байланысты барлық құжаттарды өңдеп өткізу.
Білу керек: қорытынды жасау, есеп беру, құжаттарды рәсімдеу тәртібін.
V. Топография және бағыт анықтау .
5.1. Топография мен и топографиялық карта туралы түсінік.
Топография мен топографиялық карталарға түсініктеме.Туристер үшін топографиялық картаның маңызы.Топографиялық картаның мазмұны ( шартты белгілер, масштаб, координаттық тор). Туристік жорықтарда бағыт анықтауға жарамды, туристерге қажет карта түрлері.
Білу керек: туристер үшін топографиялық картаның маңызы,картаның мазмұны.
5.2. Масштаб, масштабпен жұмыс. Картадан ара қашықтықты өлшеу.
Масштаб. Масштабтың түрлері:сандық,атаулық,сызықтық. Масштабтың түрлерімен жұмыс.Карта арқылы ара қашықтықты өлшеу тәсілдері, тәртібі.
Тәжірибе жұмыстары: Масштабы әртүрлі карталармен жүмыс.Картадан қашықтық өлшеу,масштабын анықтауды жаттығу.
Білу керек: масштаб түрлерін; картадан қашықтық өлшеудің әдістерін,тәртібін,масштабпен жұмыс істеуді.
5.3. Топографиялық карталадың шартты белгілері.
Шартты белгілердің түрлері, қолданылуы.Топографиялық белгілерге жалпы сипаттама. Топографиялық белгілердің топқа бөлінуі.
Тәжірибе жұмыстары:. Топографиялық белгілерді топқа бөліп оқыту. ( жол және жол нысандары, тұрғындар мекені,жер бедері, өсімдік,гидрографиялық белгілер). Топографиялық диктант, шартты белгілерді еске сақтауға арналған жаттығулар,ойындар, сайыстар.
Білу керек: Шартты белгілердің түрлерін, қолданылуын, топографиялық белгілердің топқа бөлінуін,белгілерді оқуды.
5.4. Картада жергілікті жердің,жер бедерінің белгіленуі.
Жер бедері дегеніміз не?Картада жер бедерін көрсетудің әдіс, тәсілдері.Горизонталь, бергштрих сызықтары.Биіктік,өлшеу белгілері, су деңгеін өлшеу белгілері.Жер бедерінің түрлері, оның картада белгіленуі.Жергілікті жерді жер бедеріне сай сипаттау .
Тәжірибе жұмыстары: Топографиялық диктант, шартты белгілерді еске сақтауға арналған жаттығулар,ойындар, сайыстар.
Білу керек:картада жер бедерінің белгіленуін, оның негізгі түрлерін,жер бедерінің түрлерін анықтауды,биік, төмен жерлерді т.б.
5.5. Картаны оқу.Қашықтықты өлшеу.
Тәжірибе жұмыстары:Масштабы әртүрлі картаы оқу. Топографиялық диктант, жаттығулар. Картадан қашықтықөты өлшеу.Ойындар,сайыстар, жарыстар.
Білу керек: карта оқуды,қашықтық өлшеуді.
5.6. Бағыт анықтау. Азимут. .
Көкжиектің Білу керек: негізгі бағыттары:солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс.
Азимут туралы түсінік.Азимут табу әдістері.
Тәжірибе жұмыстары.азимут анықтауға арналған жаттығулар.
Білу керек:негізгі бағыттарды,азимут туралы түсінікті, азимут өлшеуді,анықтауды.
5.7. Компас. Компастың түрлері. Компаспен жұмыс.
Компас деген не? Компастың түрлері. Компастың құрылысы. Адрианов және спорттық компас. Компаспен жұмыс істеу ережелері.Компас арқылы бағыт анықтау тәсілдері.
Тәжірибе жұмыстары:Картаны компаспен бағыттау.Негізгі бағыттарды анықтау, градусын табу.Берілген зат бойынша азимут табуға арналған жаттығулар.
Достарыңызбен бөлісу: |