Бағдарламасы ҚҰрастырушы: Дүйсен Абдулқасым Еркінұлы Жалау Мыңбаев мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі


VII. Спорттық шынығу дайындықтары



бет10/10
Дата20.12.2023
өлшемі49,04 Kb.
#141686
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
0007fb0d-3b81e7da (2)

VII. Спорттық шынығу дайындықтары.
7.1. Жалпы шынығу дайындықтары. Тәжірибе жұмыстары.
Жалпы шынықтыратын жаттығулар:жүгіруден жүруге, жүруден жүгіруге көшу,аяқтың басымен,өкшемен жүру, отыру, жартылай отыру, Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен жүру.Жүгіру алдыға,артқа, оңға,солға,тізені жоғары көтеру арқылы.
Қолға,иыққа арналған жаттығулар:қолды бүгу,жазу,айналдыру,сермеу.
Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:иілу, басты әр түрлі бағытқа айналдыру, қозғау. Денені тік ұстауға, жалпы денеге арналған жаттығулар:иілу,денені бұру, айналдыру,жатып аяқты көтеру,түсіру,екі аяқты бірдей немесе кезекпен көтеріп, түсіру,денені жатып көтеру, түсіру.
Аяққа арналған жаттығулар:отыру, жартылай отыру,аяқты жан жаққа сермеу, қозғалту. Жұппен жасайтын жаттығулар:денені бұру, артқа, алдыға иілдіру,қолды бүгу,жұппен отырып тұру,жұбын арқамен тасымалдау,күрестің элементтері, жұппен ойнауға арналған ойындар.
Спорттық құралдармен жасайтын жаттығулар: скакалка,доп,гантельді қолданып жаттығу жасау.
Білу керек: шынығуға арналған спортттық жаттығулар кешенін білу керек.
7.2. Эстафеталар, ойындар.
Белсенділік ойындары-көпшілікке, балаларды бірлікке,ұйымшылдыққа шақыратын ойындар.Командалық ойындар.Мұқиаттылыққа,ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар. Спорттық ойындар: баскетбол, футбол, волейбол, қол добы, көкпар.
Спорттық сайыстар: «қуып жету», «кім бұрын», «күштілер» «шапшаң,тез», «арқан тарту».
Эстафеталар:туристік кедергілер,туристік әртүрлі эстафеталар.
Білу керек:ойындардың түрлерін, оны ойнауды.
7.3. Арнайы спорттық шынығу дайындықтары. Тәжірибе жұмыстары.
Ағзаны әр түрлі жағдайға үйрету, шынықтыру.Туристке қажет шыдамдылыққа, шапшаңдылыққа,күшті болуға үйрету.
Шыдамдылыққа арналған жаттығулар.Тегіс, таулы, сулы жерде бір қалыппен 1 ден 5 км жүгіру. Тауға, жоғарыға қарай жүгіру.
Шапшаңдыққа арналған жаттығулар. 30, 60, 100, 200, 400 метрлік дистанцияға жүгіру. Бір орында тұрып,аяқты жоғары көтеріп жүгіру.Бағытты өзгертіп жүгіру,тез отырып тез тұру. Скакалкамен жаттығулар,бір аяқпен,екі аяқпен секіру.Шапшаңдыққа арналған ойындар.Судан секіру, «аттан секіру»,баспалдақпен жоғары, төмен секіру.Тепетеңдікке сақтау жаттығулары,бөрене,қозғалып тұрған бөрене арқылы судан, өзеннен,сайдан өту.Өзеннің биік жағасына, тау жоталарына жоғары көтерілу.
Күшті дамыту жаттығулары. Қолды бүгу,жазу, бір аяқпен,екі аяқпен отырып тұру.Аяқ қолдың бұлшы еттеріне арналған жаттығулар.Ауыр заттарды тасымалдауға арналған эстафеталар.
Туризм техникасына,табиғи кедергілерді жеңуге арналған арнайы жаттығулар. .
Білу керек: туристке қажет арнайы және барлық спорттық жаттығулар кешенінің түрін оны жасауды білу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет