Бағдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері


В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі



бет52/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#23452
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
БА дарламасы (силлабус) П н Р мектептерін реформалауды педаг

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері пәнінен

Емтихан сұрақтарының

Т І З Б Е С І

1-ші тақырып «Педагогиканың жалпы негіздері»бойынша сұрақтар:



  1. Педагогика ғылымының объектісі, пәні, функциялары. Білім беру
    әлеуметтік феномен және педагогикалық процесс ретінде.

  2. Педагогика ғылымының құрылымы, салалары, басқа ғылымдармен
    байланысы.

3. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері. Әдіснаманың
философиялық, жалпы ғылыми деңгейлері.

4. Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері. Ғылыми-педагогикалық
зерттеудің құрылымы, логикасы.

5. Педагогиканың ізгілендіру әдіснамасы.

6. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Педагогикалық
құбылыстарды аксиологиялық тұрғыдан зерттеу. Білім беру
жалпы адамзаттық құндылық ретінде.

7. Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсатының педагогикалық
теориясы және практика үшін мән-мағынасы, оның қоғамдық-тарихи сипаты.
Тәрбие мақсатын белгілеуге әсер ететін факторлар.

8. Жан-жақты үйлесімді тәрбиенің мақсаты, қазіргі кездегі тәрбие мақсаты.

9. Жеке тұлға туралы түсінік. Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы. Жеке
тұлғаның дамуы туралы түрлі теориялар. Жеке тұлға тәрбие мақсаты ретінде.

  1. Адам, индивид, жеке түлға. Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін
    факторлар. Даму және тәрбие.

  2. Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытудағы белсенділіктің рөлі. Педагогикада
    оқушылардың дамуының жас кезеңдері.

  3. Тұтас педагогикалық процесте оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда
    жас және дербес ерекшеліктерін ескеру. Акселерация кезеңі. (Дамудың
    актуальді және «дамудың ең жақын аймағы»).

  4. Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Мектеп әлеуметтік педагогикалық
    жүйе ретінде үздіксіз білім берудің негізгі буыны. ҚР оқу-тәрбие мекемелері.
    Мемлекеттік, мемлекеттік емес білім беру мекемелері: гимназия, лицей,
    колледждер.

  5. ҚР білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері. Білім
    беру жүйесіне жалпы сипаттама. Үздіксіз білім беру жүйесі. 12 жылдық білім
    беру моделін құру. Жалпы білім берудің даму перспективасы.

2-ші тақырып «Тәрбие теориясы»бойынша сұрақтар:



1. Тәрбие педагогикалық теорияның пәні ретінде, оның міндеттері және
функциялары. Тәрбие процесінің мәні, ерекшеліктері.

2. Қазақстанда тәрбие мәселесіне жаңаша көзқарас. Тәрбие түрлері.
Авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие беру.
Прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, жеке ара тәрбие беру.

  1. Тәрбие процесінің заңдылықтарына сипаттама.

  2. Қазіргі тәрбие принциптері, негізгі принциптерге сипаттама.

  3. Қазіргі педагогикадағы тәрбие беру мазмұны.

  4. Азаматтық және отансүйгіштік тәрбие беру міндеттері. Отансүйгіштік
    тәрбие беруде мемлекеттік рәміздерді қолдану.

  5. Құқықтық қоғам құруда оқушыларға құқықтық тәрбие беру қажеттілігі,
    құқықтық тәрбие беру міндеттері, құралдары және формалары.

  6. Адамгершілік тәрбие беру мазмұны, формалары. Адамгершілік тәрбие
    берудің экологиялық тәрбие берумен байланысы. Бәсекелестікке,
    шыдамдылыққа қабілетті тұлғаны тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиесінің
    міндеттері.

  7. Еңбек тәрбиесі мен оқушылардың кәсіби бағыты, кәсіби бағыт беруде
    бейіндік оқытудың рөлі. Кәсіби бағыт беруде мектеп психологінің
    міндеттері.

  8. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиенің ақыл-ой,
    дене тәрбиелерімен байланысы. Оқушылардың валеологиялық
    дайындықтары.

  9. Тәрбие әдістері туралы түсінік, тәрбие әдістерін жіктеу. Тәрбие әдістеріне
    сипаттама. Тәрбие құралдары және формалары.

  10. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру - қазіргі мектептің
    басты міндеті.. Дүниеге көзқарастың түрлері, атқаратын функциялары, мәні
    және құрылымы.

  11. «Балалар ұжымы» туралы түсінік. Ұжым туралы теория. Ұжым белгілері,
    функциялары. Балалар ұжым типтері, құрылымы. Балалар ұжымының даму
    кезеңдері.

  12. Ұжымды құру, қалыптастыру әдістері. Ұжым және жеке тұлға. Ұжымның
    жеке тұлғаның қалыптасуына тәрбиелік ықпалы. Балалардың «формалды емес
    бірлестіктері».

  13. Сынып жетекшісінің негізгі функциялары. Сынып жетекшісінің
    диагностикалық қызметі. Сыныптың тәрбие жұмысының жоспары.

  14. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің жұмысы.
    Сынып жетекшісінің дарынды балалармен жүргізетін жұмыс түрлері,
    әдістері. Дарындылық типтері. Сынып сағаты - тәрбие жұмысының негізгі
    формасы.

  15. Сынып жетекшінің педагогикалық ұжыммен байланысы. Оқушылардың
    сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру, қиын балалармен жүргізетін жеке
    дара жұмыс түрлері. Оқу - тәрбие жұмысын саралау мақсаты.

  16. Отбасындағы бала тәрбиесі. Қоғамдық тәрбиемен отбасы тәрбиесінің
    байланысы. Отбасындағы атмосфераның, мәдениеттің тәрбие нәтижесіне
    ықпалы. Отбасы тәрбиесіндегі қиындықтар мен кемшіліктер.

19.Отбасы мен мектептің байланысы. Мектептің отбасына педагогикалық
көмек беру түрлері.

3-ші тақырып «Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде» бойынша сұрақтар:



  1. Дидактика туралы жалпы түсінік.

  2. Дидактиканың объектісі, пәні, қызметтері және міндеттері.

  3. Дидактиканың категориялары.

  4. Дидактиканың негізгі мәселелері.

  5. Дербес әдістемелерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы.

  6. Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактика рөлінің артуы.

4-ші тақырып «Оқыту процесі тұтас жүйе» бойынша сұрақтар:



  1. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.

  2. Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі.

  3. Оқыту екі жақты процесс.

  4. Іс әрекет оқытудың мәндік сипаттамасы.

  5. Тұтас оқыту процесіндегі оқу оқушының танымдық іс әрекеті.

  6. Оқыту процесінде бастауыш білім беру жасындағы оқушылардың дербестігін қалыптастыру.

  7. Оқыту функциялары.

  8. Оқыту функцияларының арақатынасы.

  9. Оқыту түрлері.

  10. Оқытудың қозғаушы күштері.

  11. Дамыта оқыту туралы түсінік

  12. Оқыту процесінің тиімділігінің көрсеткіштері.

5-ші тақырып «Оқытудың заңдары,заңдылықтары және принциптері» бойынша сұрақтар:



  1. Оқытудың заңы. Заңдылықтары және принциптері туралы түсінігі.

  2. Оқытудың негізгі заңдарына, заңдылықтарына шолу.

  3. Оқыту прнциптері және ережелері.

6-ші тақырып «Қазіргі білім берудің мазмұны» бойынша сұрақтар:



  1. «Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі.

  2. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негігі теориялары.

  3. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдап алудың принциптері мен критерилері.

  4. Білім беру мазмұны құрамаларына сипаттама.

  5. ҚР Конститутциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері.

  6. ҚР «Білім» заңы.

  7. 2005-2010 жылдардағы ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

  8. Мемлекеттік білім беру стандарты.

  9. Білім беру белгілейтін нормативтік құжаттар.

7-ші тақырып «Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары» бойынша сұрақтар:



  1. Оқыту дидактика категорияларының бірі.

  2. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы.

  3. Оқыту әдістерін топтап бөлу және оларға сипаттама құралдарының өзара байланысы.

  4. Әдістердің оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкестілігі.

  5. Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану ерекшеліктері.

  6. Оқытудың белсенді әдістері.

8-ші тақырып «Қазіргі оқытуды ұйымдаструдың формалары.» бойынша сұрақтар:



  1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама.

  2. Сабақ мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

  3. Сабақтың типтері және құрылымы.

  4. Оқу пәнін оқыту, оқушы тқлғасын қалыптастыру мен дамыту жүйесіндегі сабақ.

  5. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары.

  6. Сабаққа қойылатын қазіргі заманғы талаптар.

  7. Сабақта ынтымақтастық, қарым қатынас күйін тудыру.

  8. Сабақты талдау және өзіндік бағалау.

  9. Дәстүрлі емес сабақтар.

  10. Экскурссияның түрлері.

  11. Оқушылармен қзіндік жұмыс ұымдастыру.

  12. Өзіндік жұмыстың маңызы.

9-ші тақырып «Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау» бойынша сұрақтар:



  1. Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі.

  2. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері.

  3. Оқыту процесін және нәтижесін бағалауға психологиялық педагогикалық талаптар.

  4. Оқу іс әрекетінің нәтижелерін бағалау жәнге есепке алу.

  5. «бағалау» және «баға» түсініктеріне сипаттама беру.

  6. Оқушылардың үлгермеушілігі.

  7. Оқушылардың үлгермеу себептері.

  8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмалаудың жолдары.

9-ші тақырып «Оқушылардың оқуын мотивациялау» бойынша сұрақтар:



  1. «Оқытудың түрткілері» туралы түсінік.

  2. Оқытудың мотивтерді зерттеу және қалыптастырудың тәсілдері.

  3. Оқудың белсенділігі.

  4. Оқушылардың оқу іс әрекетін белсендіру.

  5. «Қызығушылық» , «танымдық қызығушылық» ұғымдарына сипаттама.

  6. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдары, тәсілдері, құралдары.

  7. Қызығушылық пен қажеттіліктердің байланысы.

10-ші тақырып «Оқытудың педагогикалық технологиясы» бойынша сұрақтар:



  1. Оқытудың педагогикалық технологиясы түсінігіне сипаттама беріңіз.

  2. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу.

  3. Оқытудың дәстүрлі технологиясына сипаттама беріңіз.

  4. Дамыта оқыту технологиясы.

  5. Бағдарламалап оқыту технологиясы.

  6. Проблемалық оқыту технологиясы.

  7. Оқытудың модульдік технологиясы.

  8. Қашықтан оқыту технологиясы.

  9. Оза оқыту технологиясы.

  10. Оқытудың ойын технологиясы.

  11. Р.Штайнердің Вальдорф педагогикасы.

  12. Оқытудың кіріктірілген технологиясы.

  13. Тұлғаға бағытталған білім беру технологиясы.

  14. Оқытудың ұжымдық тәсілдері.

  15. Оқытуды жекелендіру және дараландыру технологиясы.

Н.4.02-06

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)



5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет