Модуль 5. Қазақ графикасы мен орфографиясының даму тарихы
13
Дәріс
Орфоэпия
Орфоэпияның әдеби тілдегі орны, маңызы. Орфоэпиялық норманың негізгі критерийлері. Қазақ орфоэпиясының қазіргі жай-күйі. Дыбыстар үндесімі және орфоэпия. Дыбыстар тіркесі және орфоэпия. Орфография мен орфоэпияның арақатысы. Орфографиялық норма және орфоэпиялық норма критерийлері. Тіліміздегі кірме сөздердің орфограммасы мен орфоэпиясы. Орфоэпиялық сөздіктер, олардың ұстанған принциптері.
2
Семинар
Орфоэпия, оның әдеби тілдегі орны.
Тілдегі орфоэпиялық нормалар, оның межелері.
1
БОӨЖ
Дыбыстар үндесімі және орфоэпия.
1
БӨЖ
Тілдегі кірме сөздердің орфограммасы мен орфоэпиясы.
Тілдегі орфоэпиялық сөздіктер құрылымы (сөздікпен жұмыс).
5
14.
Дәріс
Қазақ графикасының
тарихы
Графика туралы түсінік. Әріп – дыбыстың шартты таңбасы. Графика мен орфографияның арақатысы. Графика мен алфавит. Графиканың мақсаты – дыбыстарды дәл беру. Графема, фонема. Қазақ жазуының тарихы. Қазақ әріптерінің тарихы. Қазақ жазуы – фонемалық жазу.
Тілдегі әріптердің негізгі және қосалқы мәні.
2
Семинар
Графика туралы түсінік.
Графика және алфавит.
Графика және орфография.
1
БОӨЖ
Қазақ жазуының тарихы.
1
БӨЖ
Қазақ әліпбиінің тарихы.
5
15.
Дәріс
Орфография
Қазақ орфографиясының тарихы. Қазақ орфографиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі. Орфографияның негізгі принциптері. Морфологиялық принциптің артықшылықтары мен кемшіліктері. Фонетикалық принциптердің артықшылығы мен қиындықтары. Дәстүрлі принцип, оның қайшылықтары. Дифференциялаушы принцип. Қазақ тіліндегі дифференциялаушы принциптердің көріністері (үкім ет-өкімет, ауа-әуе, уақиға-оқиға, ғылым-ілім, қазір-әзір т.б.). қазақ орфографиясының негізгі принципі. Орфографиялық сөздіктер. Олардағы азын-аулақ ауытқудың түрлері, себептері. «қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері». Фонетикалық қайшылықтар. Орфографияны жетілдіру жолдары.
2
Семинар
Қазақ орфографиясының тарихы.
Орфография ұстанымдары.
Орфографиялық сөздіктер.
Латыннегізді қазақ жазуының жаңа емлесі
2
БОӨЖ
А.Байтұрсынов – қазақ жазу ілімінің атасы
1
БӨЖ
Жаңа алфавит жасау мәселесіне қатысты С.Аманжолов ұстанымдары.