Бағдарламасы (Syllabus) 07 ттzhkk-тіл тарихы және кәсіби коммуникациялар модулі


Студенттердің оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар



бет7/8
Дата31.12.2021
өлшемі409,5 Kb.
#23584
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Студенттердің оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өзіндік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында академиялық адалдық қағидаттарын қатаң сақтау талап етіледі.

Өзіндік жұмысын орындау формалары әр түрлі: конспект бойынша талдау, баяндама арқылы іздену, зерттеу, салыстыру, талқылау, пікір білдіру, ой қорытындылау, мәтінге кешенді фонетикалық талдау жүргізу арқылы теориялық білімді тәжірибеде іске асыру.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет