Бағдарламасы (Syllabus) 07 ттzhkk-тіл тарихы және кәсіби коммуникациялар модулі



бет4/8
Дата31.12.2021
өлшемі409,5 Kb.
#23584
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Модуль 4. Үндестік заңы

11.

Дәріс

Үндестік заңы, оның түрлері


Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Көрші дыбыстардың тіл табысуына әсер ететін факторлар.

Үндестік заңының түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі. Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі.

Тіл үндестігі – тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Бұл көнеден келе жатқан заң, қазіргі қазақ тілінде әсіресе байырға сөздерде жақсы сақталған. Бунақ ішіндегі аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып кету себебі. Орыс сөздерінің тіл үндестігіне қатысы. Қазіргі қазақтың аты-жөнінің айтылуы, жазылуындағы заңсыздықтар. Осы заңға илікпейтін қосымшалар, оның себебі, кері ықпал.

Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үндестігі туралы түсінік. Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер. Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Ерін үндестігінің тілдің табиғатына қатысы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшеліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші.



2




Семинар




1. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік.

2. Буын үндестігі, оның түрлері.



2




БОӨЖ




  1. Буын (тіл, ерін) үндесіміне қатысты көзқарастар.

1



БӨЖ




  1. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің даму дәрежесі.

5

12

Дәріс

Дыбыс үндестігі


Аккомодация – дауысты дыбыстардың өзара тіл табысуы, үндесуі. Дауыстылардың әркез дауыссыздарды игеріп тұратыны. Дауыссыздардың да ықпалы болатыны. Сөз соңында, сөз басында келетін (қ.к,п) қатаңдарының алмасуға бейімділігі. Үйлестік (ассимиляция) – дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан үндесіп, тіл табысуы. Ілгерінді ықпал кезіндегі алмасулар, олардың сыры. Қатаңнан соң қатаң, ұяңнан соң ұяңның келу себебі.

Қатаңдардың өзара үйлесімі кезінде болатын дыбыстық өзгерістер: кқ, сш, шс, тш, тс тіркестерінің фонологиялық табиғаты. Айтуда ұшырайтын өзгерістердің акустика-артикуляциялық сыры. Бейүндестік (диссимиляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.



2




Семинар




1. Ассимиляция. Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал кезінде байқалатын дыбыс алмасулары.

2. Аккомодация, оның түрлері.

3. Диссимиляция


1




БОӨЖ




  1. Дыбыстардың алмасуы.

  2. Игерулі дыбыс өзгерістері

1




БӨЖ




  1. Дыбыс үндестігі (мәтінмен жұмыс).

  2. Аккомодация, оның түрлері (талдау материалдары)

5




4 Модуль бойынша барлығы

18






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет