Пәнді оқыту мақсаты студенттерге қазақ тілі фонетикасының қалыптасу тарихы мен дамуы, тіл дыбыстарының жасалу ерекшеліктері, дыбыстардың тіркесу заңдылықтарына қатысты толыққанды мәлімет беру, латын графикасы негізінде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
Пәнді оқыту міндеттері:
фонетиканың тіл білімінің дербес саласы екендігі, оның салалары мен зерттеу әдістері туралы толық қамтылған жүйелі мәлімет беру;
үндестік заңы: буын үндестігі мен дыбыс үндестігі арқылы қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктерін байқату;
орфография және орфоэпия туралы түсінік беру;
латын графикасына негізделген қазақ жазуының емлесін меңгерту;
кешенді фонетикалық талдау жасауға үйрету.
Тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде берілетін теориялық материалды практикалық тұрғыдан қолдана білу міндеттері студенттерге берілетін білім мен іскерлік дағдыларды айқындайды.