№5 ОЖСӨЖ мазмұны:Жұмыс жазбаларын жинаудың және жүргізудің жалпы қағидалары. Жұмыс жазбаларының негізгі түрлері.
Есеп беру түрі: баяндау
СӨЖ тапсырмалары: Ғылыми жұмыстың бірінші тарауында не қарастырылады және оның құрылымы қандай?
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Маманов Ы.Е. Тіл мәдениеті. А., 1985.
2. Нұрмаханов Қ. Сөз және шеберлік. А., 1987.
3. Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1995.
Алтыншы апта №6 дәрістің тақырыбы: Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері Жоспар 1. Тіл білімі әдіснамасының өзекті мәселелері
2. Тіл біліміндегі антропоцентрлік парадигма
3. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Тіл білімі тіл туралы ғылым болғандықтан өз объектісін оның қасиеттері мен сапалық ерекшеліктерін есепке ала отырып зерттейді. Тіл туралы толық, барабар білім алу үшін оны қиын құрылымды тұтастық ретінде қарастырып, қоршаған ортаның басқа құбылыстарына қатысын және адамның тілге қатысын есепке ала отырып зерттеген жөн. Лингвистиканың дамуының әр кезеңінде тілдік танымның өзекті мәселелері және ғылым дамуының қазіргі кезеңіндегі жинақталған білім сияқты мәселелер қарастырылады.
Мысалы, лингвистиканың пайда болу кезеңінде (ХІХ ғасырдың бірінші ширегі) назар аударылған нәрсе – ол тарихи құбылыстар болды. Ал Ф. Де Соссюрдің «тіл» және «сөйлеу» ұғымдарын бір бірінен ажыратқаннан кейін ғана тірі тілдерді синхронды әдіспен зерттеу өзекті бола бастады, ол зерттеудің жаңа тәсілдерін өмірге әкелді. Мысалы, зерттеу жұмысына информанттарды – белгілі бір тіл иелерін қосу. Ал қазіргі кезеңде тілді прагмалингвистика тұрғысынан зерттеу алдыңғы орынға шықты. Ол лингвистикалық әдіснаманың алдына жаңа мақсаттар қойды. Жалпы алғанда ол мақсаттар мынаған саяды:
1) Ішкі лингвистика (яғни тілдің субстанциялы қасиеттері), сыртқы лингвистика (адамның сөйлеу әрекеті), прагмалингвистика (жеке адамның ауызша (дискурс) және жазбаша сөйлеуі (мәтін) формалары) пәндерін нақты межелеу (шектеу);
2) Тіл білімінің соңғы дамулық кезеңінде ғалымдар тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра қарастыра отырып, тіл мен таным ұғымдарына назар аударуда. Соның нәтижесінде тіл білімінде «антропоцентристік» бағыттың басым болуы. Бұл бағыт жеке тұлғаның сөйлеу моделдерін әртүрлі жағдайда жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып зерттеумен байланысты жүргізіледі;3) Зерттеу жұмысында эксперимент, тест, анкета жүргізу сияқты басқа ғылымдардағы әдістерді қолдану арқылы объективті және дәл зерттеу нәтижелерін алуға ұмтылу; 4) Қазіргі тіл ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулердің мақсаты-тіл жүйесін қозғалыстағы, өзгермелі жанды нысан ретінде зерттеп қарастыру. Лингвистикадағы прагматикалық, функционалдық т.б. жаңа бағыттар тілге даму тұрғысынан қарап, тіл құбылыстарын қозғалыста танып білумен шұғылданады. Тілді қозғалыста танып білу дегеніміз - тілдің өзін және элементтерін адамдардың өзара қарым-қатынасында, сөйлеу үрдісінде, коммуникативтік үрдісте қарастыру.
Тіл біліміндег іантропоцентрлік парадигмаСыртқы лингвистика тілдің функционалдық қасиеттерін зерттейтіні жоғарыда айтылды. Сыртқы лингвистиканың негізгі мәселесі тілдің қоғамдық және жеке мәнін зерттеп білу. Адам қызметінің қай түрі болса да тілдің қызметінсіз іске аспайды. Сондықтан тіл қызметін адамсыз қарастыру мүмкін емес.
Сыртқы лингвистиканың жоғарыда аталып өткен бөлімдері (әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика) бір-бірімен жақын шекаралас пәндер. Олардың бәрі тілдің адам қоғамындағы қызметінің негізгі қырларын, аспектілерін бейнелейді және барлық жағдайда сөйлеу үрдісінің негізгі объектісі – адам. Адам әлемнің тілдік бейнесін жасаушы, тілдік өзгерістіңдереккөзі болып табылады. Тіл біліміндегі антропоцентрлік парадигма тілді белгілі бір этностың тілде қоршаған қасиеттерін бейнелейтін қоғамдық санасы ретінде қарастырады. Тілдерді антропоцентрлік тұрғыда зерттеу қазіргі лингвистикадағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда Э. Бенвенистің – тіл, мәдениет, жеке тұлғалық триада терминдері негізінде антропологиялық феноменді зерттеуге негізделген басқа лингвистика тууы мүмкін еді деген сөздері орынды. Тіл арқылы адам дамиды, тұлға ретінде қалыптасады және өзінің әлеуметтік, саяси, интелектуалдық және рухани бірлігін сақтап қалады.Қазіргі лингвистикада антропоцентристік парадигма шеңберінде екі түрлі бағытты бөліп көрсетуге болады: танымдық лингвистика және лингвомәдениеттану.
Танымдық лингвистика тілді адамзат санасының органикалық және ажыратылмайтын, сонымен қатар таныммен, ойлаумен бір қатарда тұратын бөлігі ретінде қарастырады. Тілді танымдық тұрғыдан қарастыру негізінде тіл түсінуге тырысатын тұтас құбылыстың бір бөлігі екендігі және оны түсіну үшін дүние туралы білім қажет екендігі түсінікті болды. Әрбір тіл тек қана өзіне тән танымдық құрылымдар мен танымдық перспективаларды тасымалдаушы болып табылады. Семантикалық сәйкессіздік негізінде білім көрсететін құрылымдағы танымдық ерекшеліктер жатады. Танымдық лингвистиканың ең өзекті мәселелерінің бірі адам санасында әлемнің тілдік бейнесін адамның әлем туралы түсінігінде бейнелеп көрсету. Әлемнің тілдік бейнесі адамның әлем туралы түсінігі негізінде жасалады. Тіл объективтік әлемнің субъективтік бейнесінің моделін құрайды.
Танымдық ізденістер – когнитивтік ізденістер. «Бүгінгі танымдық қағидалар тарихи мәселелерді шешуде де, салыстырмалы-салғастырмалы талдауда да, тілдік универсалий негіздерін сұрыптау кезінде де, тілдегі уәж себептерін айқындау барысында да. басшылыққа алынып, жаңа танымдық теориялардың қалыптасуына ықпал етері сөзсіз» [4, 194-195 б.]. Әрбір тіл әлемді өзінше бөледі, өзінің консептуалдық тәсілі бар, соған орай әрбір тілдің өзінің ерекше әлем бейнесі бар және адам өз ойын осы бейнеге сай білдіруі керек.
Тілді зерттеудің осы тәрізді тәсілдерінің негіздері Э. Бенвенистің, Л. Вайсгербердің, В. Гумбольдтің, А. Потебняның және басқа ғалымдардың еңбектерінде көрінеді. В. Гумбольдтің тіл бірліктері, ойлау және мәдениет феномендерінің бірлігі туралы айтқан ойлары лингвистиканың және мәдениет туралы ғылымның қосылуының негізі болды.
Әртүрлі тіл бірліктерін зерттеуде лингвомәдени тәсілді қолдану арқылы тілдің сыртқы құрылымын оның тереңдегі болмысын және олардың мәдени көрінісін анықтауға болады.
Әдістемелер ішіндегі лингвомәдени сараптамаға келсек, оның этимологиялық сараптамамен пара-пар келмейтінін айту керек. Лингвомәдени сараптаманың мақсаты – «тілдік бірліктің шығу тегін айқындау емес, әр түрлі типтегі, яғни әдеби, діни, саяси және т.б. дискурстар ықпалымен пайда болған фразеологиялық бірліктерге түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады».
Лингвистикалық зерттеулерде көп уақыт бойы сипаттау теориялары мен тұжырымдамалары (концепциялары) басым болды. Соңғы жылдары түсіндірмелі лингвистика теориясы дами бастады. Ол тіл білімінде лингва-елтану, этнолингвистика, танымдық лингвистика мен лингвистикалық мәдениеттану сияқты жаңа бағыттардың дамуына түрткі болды, бұл бағыттарда тіл дамуының негізгі факторы ретінде адам қарастырылады. Қазіргі кезде тіл тек қана қатынас және таным құралы ретінде емес, сол сияқты ұлттың рухани мәдениеті ретінде де бірнеше бағыттарда қарқынды түрде зерттелуде.
Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері. Тіл білімінде сыртқы лингвистика – шекаралас ғылымдардың – психолингвистиканың, социолингвистиканың, социологияның тағы сол сияқты ғылымдардың әдіс-тәсілдерін қолданатын ішкі лингвистика деген қате пікір бар.
Сыртқы лингвистиканың пәні мен тәсілдері туралы бұл сияқты түсінік бір шама қара-дүрсін пікір. Мысалы: Психолингвистика – психолингвистиканың әдіс-тәсілдерін қолданады, бірақ оның мақсаты – ішкі лингвистика мен психологияның мақсаттарынан мүлдем басқа. Психолингвистка – «тіл – адам» қатынастарының мәнін ашып қарастыруға тырысады. Психолингвистиканың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы 1953 жыл болып есептеледі. Осы жылы АҚШ-та Индиана Университетінің әлеуметтік ғылымдарды зерттеу кеңесі мен тіл білімі және психология комитетінің ұйымдастыруымен университетаралық семинар өткізілді. Семинар жұмысын психологтар Чарльз Осгуд пен Джон Кэролл басқарды. Семинар жұмысының нәтижесі «Psycholinguistics//A Syrvey of Theory and Research Problems». Кітапта жаңа ғылымның теориялық ережелері мен негізгі бағыттары белгіленді. Ч. Осгуд психолингвистиканы адамның сөйлеу қызметімен байланыстырады.
Психолингвистиканыңмақсаттары төмендегідей:
1) Адамның сөйлеу қызметін зерттеу, яғни сөйлеудің тууын және оны түсінуді зерттеу;
2) Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісін зерттеу;
3) Ішкі лингвистиканың әдістері арқылы алынған мәліметтердің шыншылдығын анықтау (Верификация лат.verus – шындық ).
Тест – психолингвистиканы зерттеудегі негізгі әдіс болып табылады. Ол жеке тұлғаның бағалау шкаласындағы орнын анықтау мақсатында өткізілетін жеке немесе топтық тапсырмаболуымүмкін. Тесттіңекітүрібар:ашықтестжәнежабықтест. Ашық тест – онша қатаң талаптары жоқ, оларға объективті түрде баға беру қиын (диктант, шығарма, аударма және т.б.). Бұл тесттің жағымды жағы – информанттардың ой-желісін, ойлау мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін бақылауға болады. Жабық тест жалпыға бірдей, қатаң талапқа сай жасалған тест. Жабық тестте информант тек қана берілген сұрақтарға жауап береді. Әдетте жабық тест жауаптың бірнеше варианттары бар тесттер болып келеді.
Тесткеқойылатыннегізгіталаптар: 1) Тесттің шынайылығы. Тесттің шынайылығы информанттардың саны мен сапасына байланысты. Шынайы мәлімет алу үщін информанттардың саны 19-дан 70-ке дейін болуы мүмкін. Ал тест сапалы болуы үшін информанттардың жасы, жынысы, білім деңгейі бірдей болуы керек;
2) Тесттің сенімділігі. Бұл эксперименттің болжамалы күші. Тесттің қорытындысы мен информанттармен ауызша әңгмелесу нәтижелері сәйкес келсе тест сенімді түрде өтті деуге болады;
3) Тесттің дәлдігі.Тесттің дәлдігі тест нәтижесінің математикалық өңдеуінің сапасына және тесттегі тапсырмалар санына байланысты. Мысалы, бір мәселеге байланысты 100 сұрағы бар тест пен 50 сұрағы бар тесттің дәлдігі бірдей болмайды.
№6практикалық жұмыстың тақырыбы: Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері 1. Тіл білімі әдіснамасының өзекті мәселелері2. Тіл біліміндегі антропоцентрлік парадигма
3. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері