Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
12. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
13. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
14. Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 1997.
Алтыншы апта
№6 дәрістің тақырыбы: Тіл бірліктерінің стильдік қызметі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Функциональдық стильдердегі дайын сөз бірліктерінің стилистикалық қызметі
2. Тіл-ярустарының стилистикасы
2.1. Сөздің көп мағыналылығы, омонимдер, синоним, антоним, пароним, актив, пассив сөздер, олардың бейнелік жақтары мен функционалдық-стилдік қолданыс аясы.
2.2. Архаизмдер, историзмдер, неологизмдер, олардың стильдік қызметі
Терминдер мен анықтамалар
Норма - негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп, нормалану - сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы.
Узус – «қолданылып кеткен тілдік бірліктер» деген түсініктеме береді, узустың карама-қарсысында окказионалдық бірліктер, яғни әдеттегі (нормадағы) мағынадан бөлек, тек сол контексте келтірілген мағынада жұмсалған сөздер
Пуризм - әдеби тілді, әсіресе оның сөздік қазынасын шет тілдік кірме сөздерден, тіпті жаңа жасанды тұлғалардан, ауызекі сөйлеу элементтері болып саналатын жергілікті сөз-диалектілерден, қарапайым сәздерден тазарту дегенді костайтын ағым, күрес түрі.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Функциональдық стильдердегі дайын сөз бірліктерінің стилистикалық қызметі
Функциональдық стильдердегі сөз бірліктерінің мәселесі прагмастилистикадан бұрын да қарастырылды. Функционалды стильдерде жиі қолданылатын сөз бірліктері стильдердің ерекшеліктеріне байланысты. Дайын сөз бірліктерін ғалымдар арнаулы сөздер мен стереотип сөздер екіге жіктейді. Стильдерде өзіндік модельдер мен сөз бірліктері қалыптасады және дамиды.
Д.А. Әлкебаева дайын сөз бірліктері туралы былай дейді: «Стилистикалық дайын сөз оралымдарының қатарына штамп, клише, стереотип жатады. Тілдік клише де негізінен функциональдық стилистика және фразеологияда қарастырылып жүр. Штапм – стилистикалық боямасы бар сөйлеу құралы, сөз стереотипі психологиялық стереотиппен сәйкес келеді. Сөз стереотипі қолданушыларға автоматты түрде көмекке келеді. Штамп сөзінің негізгі мазмұндық-мағыналық бірлігіне сөз, сөз тіркесі, сөйлем, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жатады. Стереотип – ұғымдық образ, ол адам санасында орныққан түсінік пен құбылыстың ақиқаттылығы ретінде ассоциацияланып тұрады. Тіпті, оны стилистикалық фреймдер ретінде бағалауға болады» [Әлкебаева, 102 б.]. 2. Тіл-ярустарының стилистикасы
2.1. Сөздің көп мағыналылығы, омонимдер, синоним, антоним, пароним, актив, пассив сөздер, олардың бейнелік жақтары мен функционалдық-стилдік қолданыс аясы.
Бұл мәселе акад. Р.Сыздықтың Абай тілінің лексикасын зерттеген еңбегінде жақсы сипатталған. Сонымен қатар, көп мағыналы сөздер, омонимдер, синоним, антоним, пароним, актив, пассив сөздер, олардың бейнелік жақтары мен функционалдық-стилдік қолданыс аясы М.Серғалиев, Х.Кәрімов, Б.Шалабай, Д.Әлкебаева, Б.Қ.Момынова, А.Б. Салқынбай т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жақсы қарастырылған. Фразалық тіркестердің негізінде тәжірибелік факторлар жатады, алайда оларға басты ықпал етуші күш – ұлттық мәдени аспектілер мен халықтық өмір сүру формасы, сосын ұлттық тәжірибе. Н.Н. Айтова ұлттық мәдени аспектінің логикалық негізге ұласуы туралы былай дейді: «Қоңыр үн – жағымды үн, оның иесі де сабырлы, жайдары, ақылды болмағы шарт. Жақсы көрмейтін адамға жақсы қасиетті таңу сирек құбылыс. Жамандығы басым адамға шұбар, тарғыл, қытымыр үн тән. «Қоңыр» біздің қарастыруымызда мына мәндерді мазмұндау үшін қызмет еткен: орташа, қарапайым, жұтаң өмір, жанға жайлы оңтүстіктен соққан жел, салқындау жел, жаз соңынан басталатын мезгіл, майда күй, жағымды дауыс, момын, жуас адам, жеңіл шағын ыңғайлы үй, тыныш кеш» [Айтова,19-20]. 2.2. Архаизмдер, историзмдер, неологизмдер, олардың стильдік қызметі
Бұл лексика тобы Р.Сыздықтың «Абай шығармаларының тілін» зерттеген зерттеуінде терең қарастырылғанын айта кету керек. Р.Сыздық былай дейді: «Архаизм, историзмдердің бір тобын Абай қазақтың өткен тарихын баяндауда әдейі келтіреді. Мысалы, жүз жыл бұрынғы қазақтың киімі туралы этнографиялық суреттеме өлеңінде жейде, жарғақ шалбар, жарғақ жастық, кісе, шақпақ, дәндәку, күләпара, пыстан тәрізді қазірде, ал бірқатары тіпті Абай заманында қолданудан шыға бастаған бір топ киім-кешек пен өзге аксессуарлардың аттарын береді» (Сыздық, 110 б.).
Достарыңызбен бөлісу: |