Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет8/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Төртінші апта
7 дәрістің тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық топтары
1.Мезгілдес салалас сөйлем
2.Себептес салалас құрмалас сөйлем
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Мезгілдес салалас сөйлем
Сонымен, салалас қүрмалас сөйлемнің мағыналық түрі 8 топпен танылды. Жалпы, мағыналық түр — синтаксистік мағынаны көрсетудің басты жолы. Синтаксистік мағына жеке сөздердің тіркесуінде ғана емес, жеке сөйлемдік үлгілердің арасында болады. Бұдан үшінші бір лексикалық мағынаның ештумайтынын қатаң есте ұстаған жөн.
2.Себептес салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің бұл түрі 1936жылы жарияланған оқу прогроммасында «Себеп-салдар салалас » деген атпен тұңғыш рет сөз болды. Терминдік жағынан әр түрлі аталғаны болмаса, содан бергі зерттеулердін барлығында да құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде салалас сөйлем құрамында қаралып келеді.

8 дәрістің тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық топтары


1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
2.Шартты салалас құрмалас сөйлем
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)


1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Тілімізде компоненттері бір-бірінен қайшы мағынада тұратын салалас сөйлемнің барлығы қазақ тілінде жарық көрген алғашқы зерттеулерден бастап сөз болып келеді. Бірақ терминдік жағынан болсын, жасалу жолдарын айқындау жағынан болсын әр зерттеуші әр кезеңде әр түрлі. А.Байттұрсынұлы оқу құралдарында салаластың бұл түріне «қайырыңқы салалас сөйлем» деп атаған да, оған «соңғысы алдыңғы сөйлемге қарсы мағыналы болып қиысады» деген анықтама берген.
Қарсылықты салалас қайшы мәнді жалғаулықтардың дәнекерлігі арқылы да, жалғаулықсыз да жасалады. Компоненттерді бір-бірімен ұштастырып, олар арасындағы мағыналық қатынасты айқындай, дәлелдей түсетін дәнекерлер қатарына бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, солай болғанмен деген жалғаулықтар және жалғаулық мәнді сөздер жатады. Бұл дәнекерлер екі компонент арсында келеді де, өздерінен кейінгі сөйлем құрамына енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет