1.Салалас құрмалас сөйлем компоненттері аралығында қойылатын тыныс белгілері Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің аралығында қойылатын ең негізгі тыныс белгісі — үтір (,). Ол салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықты түріне де, жалғаулықсыз түріне де бірдей қызмет атқарады. Демек екі жай сөйлемдік үлгі бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Тек ескеретін жай: қарсылық, себеп, шарт, салыстырмалы мәнді жалғаулықтар екінші сыңар құрамының басында келеді де, үтір олардың алдынан қойылады. Ал мезгілдес мәнді жалғаулықтар, негізінен, бірінші сыңар құрамының соңында келіп, үтір олардан кейін қойылады. Тек әржалғаулығы бірде бір рет беріліп, екінші сыңардың басына, енді бірде екі рет беріліп, екі сыңардың ішінде келе береді. Екі сыңарға бірдей келу — талғау және кезектес мәнді жалғаулықтарға да тиесілі. Егер екі жай сөйлемдік үлгіні жәнежалғаулығы байланыстырса, үтір қойылмайды.
№3 практикалық сабақтың тақырыбы:Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Тапсырмалар: 1.Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
2.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер
3.Салалас құрмалас сөйлем компоненттері аралығында қойылатын тыныс белгілері
4. «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» Т.Ермекова. 58 б. 11-жаттығу.
7-СОӨЖ тақырыбы:Жалғастық, мезгілдестік қатынастағы іргелес салалас сөйлем
Тапсырмалар: Жалғастық, мезгілдестік қатынастағы іргелес салалас сөйлем тақырыбына материал жинақтау
Есеп беру түрі: конспект
8-СОӨЖ тақырыбы: Себептік, шарттық қатынастағы іргелес салалас сөйлем
Тапсырмалар: Себептік, шарттық қатынастағы іргелес салалас сөйлем тақырыбына материал жинақтау
Есеп беру түрі: конспект
9-СОӨЖ тақырыбы: Қарсыластық, талғаулық қатынастағы іргелес салалас сөйлем
Тапсырмалар: Қарсыластық, талғаулық қатынастағы іргелес салалас сөйлем тақырыбына материал жинақтау
Есеп беру түрі: конспект
СӨЖ тапсырмалары:Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің граммтикалық семантикалық сипаты
Есеп беру түрі: реферат