Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет5/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
1- СОӨЖ тақырыбы: Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік
Тапсырмалар:Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік тақырыбына материалдар жинақтау
Есеп беру түрі:конспект
2- СОӨЖ тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы мен дамуындағы деривация процесі
Тапсырмалар: Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы мен дамуындағы деривация процесі тақырыбына материалдар жинақтау
Есеп беру түрі:конспект
3- СОӨЖ тақырыбы: Жай сөйлемді құрмаластырудағы интонацияның рөлі
Тапсырмалар: Жай сөйлемді құрмаластырудағы интонацияның рөлі тақырыбына материалдар жинақтау
Есеп беру түрі:конспект


СӨЖ тапсырмалары: Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық-семантикалық сипаты
Есеп беру түрі: Реферат


Екінші апта
3 дәрістің тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің түрлері
1.Құрмалас сөйлемді топтастыру прнциптері
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Құрмалас сөйлемді топтастыру принциптері
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінен бастау алады. Айта кететін мәселе: құрмалас сөйлемді топтастыруда әр ғалымның өзіндік ұстанымы бар. Қолданыстағы оқулықтар мен монографияларда жалпы құрмаластың 2-3, салаластың 6-10, сабақтастың 8-12 түрі көрсетіліп жүр.
Құрмалас сөйлемдерді топтастыруда оның салалас, сабақтас деп аталатын түрлерін ажырату да, қала берді, сөйлемді құрмалас деп тану үшін қандай белгілер меже болуы тиіс деген мәселе де ғалымдар арасында бірізді пікір қалыптаса қойған жоқ.

4 дәрістің тақырыбы: Қос құрамды құрмалас сөйлемдер


1.Қос құрамды құрамды құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктері
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қос құрамды құрмалас сөйлемдер
1.Қос құрамды құрамды құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктері
Құрмаластың қос құрамды түрін салалас жөне сабақтас құрайды. Сондықтан олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау аса қажет. Бұл оларды ажырата білуге кемектесіп, жеке сөйлем түрлері екенін тиянақтай түседі. Салалас құрмалас сөйлемге енетін әр сөйлемнің баяндауышы тиянақты болса, сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауыштары тиянақсыз түрде келеді. Құрмалас сөйлемнің осы екі түрінің ең күрделісі – сабақтас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бұл түрінің сабақтас деп айтылуының өзінде үлкен мән бар. Сөз тіркесі де сабақтаса байланысқан сөздерден тұрады. Сабақтаса байланысқан сөз тіркестері мен сабақтаса байланысқан сөйлемдерде де негізгі бағыт олардың бірінші, яғни бағыныңқы, сыңарларының болатындығында. Ондай синтаксистік категорияларды бағының-қы сыңарлар дегеннің өзі, шыңдап келгенде, келесі бір сөзге немесе сөйлемге қатыстылығымен ерекшеленеді. Осы бағытпен құрмаластық құрылымдағы бағыныңқы сыңардың тиянақсыз түрде келуі сабақтас құрмалас сөйлем деп атауға әкелді.

2 практикалық сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің түрлері


Тапсырмалар:
1.Құрмалас сөйлемді топтастыру прнциптері
2.Қос құрамды құрамды құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктері
3. «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» (бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы. Ұ.Ержанова. 44 б. 22-жаттығу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет