1.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрі басыңқы сыңардағы жай-күйімен, әрекетпен салыстырмалы айтылу негізінде жасалады.
2.Себеп бағыныңқылы сабақтас Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрамыңдағы алғашқы сыңар басыңқы сөйлемде айтылған іс-әрекеттің себебін білдіреді. Себеп бағыныңқы сабақтастың басыңқы сыңарынан бағыныңқыға неге? неліктен? не себепті? Сұрақтары қойылады
1.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
2.Мақсат бағыныңқылы сабақтас
3.Түсіндірмелі сабақтас сөйлем
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас басыңқы сөйлемде айтылған іс-әрекеттің қандай амалмен жасалуын көрсетеді. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысынан бағыныңқы компонентіне қалай? қайтіп? не етіп? сұрақтары қойылады. Сабақтастың бұл түрі көсемшенің –ып, -іп, -п және-а, -е, -йжұрнақтары арқылы жасалады:
Мақсат бағыныңқы сабақтас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңарында басыңқы сөйлемдегі айтылған іс-әрекеттің мақсаты баяндалады. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем неге? не етпек болып? не үшін? қандай мақсатпен? сұрақтарына жауап беріп, төмендегі жолдармен жасалады:
Түсіндірмелі сабақтас сөйлем
Қазақ тіл білімінде бұрын-соңды шыққан еңбектерде сабақтас сөйлемнің бұл түрі аталмай келді. Тіліміздегі кейбір сөйлем құрылыстары мен олардағы белгі басқа бағыныңқыларға ұқсамайтын сабақтастың жаңа бір түрі – түсіндірмелі сабақтас барлығын айқындайды.