27-СОӨЖ тақырыбы:Көп басыңқылы құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттен көп басыңқылы құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
СӨЖ тапсырмалары:Көп компонентті сабақтас құрмаластардың компоненттері арасындағы мағыналық қатынастар.
Есеп беру түрі: Реферат
Оныншы апта
№19 дәрістің тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлемдер
1.Аралас құрмаластардың грамматикалық сипаты
2.Аралас құрмалас компоненттерінің байланысу тәсілдері
3.Төл сөзді аралас құрмаластар
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Аралас құрмаластар – құрмалас сөйлем компоненттерінің өзара байланысу тәсілі бірыңғай салаласа, әрі сабақтаса байланыспай,әрі салаласа, әрі сабақтаа байланысып келетін компонентті құрмалас сөйлемнің бір түрі.
Кейбір аралас құрмалас сөйлемде сабақтастың белгісі бұрын келіп, бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз түрде айтылады да, екінші сөйлемнен сабақ-таса байланысады.Екінші сөйлем мен үшінші сөйлемнің баяндауыш тұлғалары тиянақты түрде айтылып, мағына-лық жақындығы арқылы салаласа байланысады.
№20 дәрістің тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлемдер
1.Аралас құрмалас сөйлемнің құрамы(Сағындықұлы)
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Аралас құрмалас сөйлемнің құрамы
Аралас құрмалас сөйлемнің құрылысында басқаша бір түзілім болатындығын оны жақын тарата келе тануға болады. Мәселен, басқа көп кұрамды құрмалас сөйлемдер түріндегі негізгі предикаттылық бөліктер саны көбіне төрт-бестен аспайтын болса, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындабұлардыңкөршісі жиі және сыңарлардың одан өрі жайылмалануында шек болмайды. Оларды төмендегідей құрамда жеке топтап көрсеткен орынды деп санаймыз.
1. Төрт сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдер. Бұлардың өзі екі құрамды салалас және сабақтас сөйлемдер үлгісіндегі құрылымдардың немесе олардың кері түзілімде келуі нәтиежесінде болады.
2. Бес сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдер. Аралас құрмалас сөйлемнің мұңдай құрамда көрінуіне салалас не сабақтас сөйлемдік үлгілердің бірінің үш сыңарлы болып келуі көмектеседі. Екі құрамды салалас құрмалас сөйлемдік үлгі көп басыңқылы сабақтас құрмалас үлгісіндегі сөйлемдерді қатарына жинайды.
№10 практикалық сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар:
1.Аралас құрмаластардың грамматикалық сипаты
2.Аралас құрмалас компоненттерінің байланысу тәсілдері
3.Төл сөзді аралас құрмаластар
4.Аралас құрмалас сөйлемнің құрамы
5. «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» Т.Ермекова. 120 б. 23-жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |