Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет16/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

22-СОӨЖ тақырыбы:Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттерден салыстырмалы бағыныңқы құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
23-СОӨЖ тақырыбы:Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттерден себеп бағыныңқы құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
24-СОӨЖ тақырыбы:Қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Көркем әдебиеттерден қимыл-сын, мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлемдерге 15 мысал теріп жазып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау


СӨЖ тапсырмалары:Салыстырмалы, себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық ерекшеліктері.
Есеп беру түрі: Реферат


Тоғызыншы апта
17 дәрістің тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
1.Көп компонентті құрмалас сөйлемнің түрлері
2.Көп компонентті салаластар
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
.Көп компонентті құрмалас сөйлемнің түрлері
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің санына байланысты екі құрамды және көп құрамды құрмалас сөйлемдер болып бөлінеді. Көп құрамды құрмалас сөйлемдерге құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлемдерібар көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп компонентті (бағыныңқылы) сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмаластың қатарында қарастырады.


2. Көп компонентті салаластар
Бір салалас сөйлем құрамында үш және одан да көп жай сөйлемдер келе алады. Мұндай көп компонентті салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені, ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі болып келеді.

18 дәрістің тақырыбы: Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер


1.Көп компонентті сабақтас құрмалас сыңарларының байланысу ерекшеліктері
2.Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастар
3.Сатылы көп бағыныңқы сабақтастар
4.Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет