квазиклассикалық жуықтау - теңсіздік орындалғанда классикалық сипаттамаға түзету енгізе отырып квантмеханикалық есептерді шешу әдісі
кванттық электрдинамика – электрмагниттік өрістің электрондар мен басқа элементар бөлшектермен әрекеттестігінің кванттық теориясы
кванттық сандар – кванттық жүйелер мен жеке элементар бөлшектерді сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар
кванттық көшу – кванттық жүйенің бір күйден басқа күйге секіріс тәрізді көшуі
коваленттік байланыс – электрондарды ортақтастыру кезінде пайда болатын екі атомның арасындағы химиялық байланыс
корпускулалық-толқындық дуализм – кез келген микрообъектілердің корпускулалық та және толқындық та қасиеттері болатындығы туралы пікір
магнетон – атом, атом ядросының және элементар бөлшектер физикасындағы магниттік моментін өлшеу бірлігі
механика – материалдық нүктелердің механикалық қозғалысын қарастыратын физиканың бөлімі