Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет172/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

19-параграф. Арнайы түзету оқу қызметі


168. Бағдарламаның мазмұны арнайы түзету оқу әс-әрекетінде жүзеге асырылады – қоршаған әлеммен таныстыру және сөйлеу тілін дамыту, сенсорикасы.


1-тарау. Кіші топ (2 жастан бастап)


1-параграф. «Қоршаған әлеммен таныстыру және сөйлеу тілін дамыту» білім беру саласы

169. Арнайы түзету оқу қызметінің базалық мазмұны қоршаған ортамен таныстыру және сөйлеу тілін дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әректінде жүзеге асырылады.


170. Пәннің мақсаты қоршаған ортамен танысу арқылы сөйлеу әрекетін дамыту және қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарына танымдық қызығушылықты қалыптастыру.
171. Міндеттері:
қоршаған әлемнің әртүрлі заттары мен құбылыстарын тұтас қабылдау мен түсінуді қалыптастыру;
адам және оның қызметі туралы түсінік қалыптастыру;
адамның табиғатпен қарым-қатынасы туралы түсініктерін қалыптастыру;
адамдардың қоғамдағы орны туралы түсініктерін қалыптастыру;
ауызша сөйлеуді дамыту;
сөйлеуге эмоционалды жауап беруді, қызығушылық тудыру;
қоршаған ортамен таныстыру арқылы сөздік қорын жинақтау.


2-параграф. I-жартыжылдық

172. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


қоршаған ортамен таныстыру арқылы сөйлеуді түсінуін қалыптастыру;
қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
сұрақтарға жауап беру және өз өтінішін бір сөзбен, қарапайым сөйлеммен жеткізу дағдысын қалыптастыру;
білімдерін қалыптастыру: қоршаған әлем туралы білімдерін кеңейту нәтижесінде өзі туралы, өз денесі, жынысы және әлеуметтік тиесілілігі туралы.
Білімді кеңейту:
айналадағы адамдар, заттар, тірі табиғат құбылыстары туралы;
сенсорлық қабылдаудың дамуы нәтижесінде қоршаған орта объектілерінің негізгі белгілері (түсі, пішіні, өлшемі) туралы;
пассивті сөздік қорын жинақтау және активті сөздік қорын белсендіру.
Жұмыстың мазмұны:
сөйлеуді түсінуінің дамуына және қоршаған әлемге қызығушылықтың қалыптастасуына жағдай жасау;
баланы ауызша қарым-қатынас құралдарын пайдалана отырып, қарым-қатынас жасауға және өз қажеттіліктерін бір сөзбен, аморфты немесе қарапайым сөз тіркесімен білдіруге ынталандыру.
Ойын, оқу және күн тәртібіндегі басқа сәттерінде баланың өзі туралы, дене мүшелері, отбасы мүшелері және айналасындағы басқа адамдар туралы білімін бекіту.
Өзінің және айналасындағылардың отбасындағы гендерлік және әлеуметтік рөлдерді түсіну және ажырата білу дағдыларын бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
өз атын біледі, атын айтып шағырғанда жауап береді;
сөйлеу мүмкіндіктерінің негізінде өз атын, балабақша тобындағы балалардың, жақын ортадағы адамдардың есімдерін атайды;
ересек адамның сұрақтарына бір сөзбен жауап береді (жай немесе аморфты), қарапайым сөз тіркесін құрастырады, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз қалауы мен қажеттіліктерін білдіреді;
өзінің жынысын ажыратады, сонымен қатар өз ортасындағы адамдарды жыныс сәйкестігі қарай ажыратады;
қоршаған ортадан өзі танитын адамдарды – отбасы мүшелерін, балабақшадағы педагогтар мен тәрбиешілерді, отбасына жақын адамдарды фотосуреттерден көрсетеді, атын атауға тырысады;
өз денесінің схемасы бойынша бағдарлайды, дене және бет бөліктерінің атауларын біледі және оларды сөйлеу мүмкіндіктеріне сай атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет