Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру



бет6/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде күн сайын іске асырылады.


Мақсаты: әр түрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену негізінде баланың әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
балалардың қоршаған ортамен танысуына, бейімделуіне, ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау;
баланың өз отбасының мүшесі екенін сезінуіне ықпал ету;
табиғат заттары мен құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерді қалыптастыру;
тіршілік иелерін бақылау және оларға қамқорлық жасауға баулу;
балаларды әлеуметтендіру үшін икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта құру;
баланы әрекет түрлеріне, ойын арқылы өзіне - өзі қызмет көрсетуге, адамгершілік құндылықтарға баулу;
айналасындағы заттық ортаға қызығушылықты қалыптастыру;
мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын (сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту), құрдастарымен өзара әрекеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Қоршаған ортамен таныстыру
(1 жастан 1 жас 6 айға дейін)
Баланың өзіне деген қызығушылығын қалыптастыру.
Фотосуреттерден өзін, құрдастарын тану. Өзіне жақын ересектер мен құрдастарына жағымды қарым-қатынас таныту (күлімсіреу, басын изеу, қолын бұлғау).
Қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту. Өлі табиғат заттарымен (су, құм, тас) таныстыру, олармен әрекет етуді көрсету (сумен жуыну, құммен ойнау, тастарды жинау).
Гүлдеп тұрған өсімдікті бақылау, оның бөліктерін (гүл, жапырақ) көрсету.
Қоршаған ортадағы жануарларды көрсету, олардың дауыстарын (қозы-мәәә, бұзау-мөөө, мысық-мяу, ит-абаб) салу.
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығын ояту, оларға қамқор болуға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
фотосуреттерден өзін таниды;
өзіне жақын адамдарға күлімсірейді басын изейді, қолын бұлғайды;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;
сумен, құммен ойнайды;
гүлдеп тұрған өсімдікке қызығушылық танытады;
жануарларға қызығады, олардың дауыстарын салады.
(1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін)
Ата – анасы мен өзіне жақын отбасы мүшелерін (анасы, әкесі, ағасы, апасы, әжесі, атасы) тану, қоршаған кеңістікті (бөлме – пәтер, үй – кіреберіс, аула-балалар алаңы) бағдарлау, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын заттарды тану.
Ересектермен (дауысын тыңдау, қимылына еліктеу, одан көмек сұрау) және құрдастарымен (әрекетін бақылау, ойнап отырған құрдасының жанына бару, ойыншықтарын алмастыру, өзара келісім бойынша оларды тартып алмай, сұрап алу) өзара әрекет етуге баулу, балалар мен ересектердің бірлескен ойындарына жағдай жасау (доппен, құммен, сумен ойнау).
Сәлемдесу, ересек адамның сәлеміне жауап беру, алғыс айту.
Құрдастары мен айналасындағы ересектердің көңіл-күйіне сәйкес жауап беру (күлімсіреу – қуаныш, жылау – реніш).
Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
Өлі табиғат заттарының қасиеттерін (су, құм, тас және т.б.) ойын арқылы түсіну (суды құю, төгу, шашу, құмды салу, шашу, жинау, мүсіндеу, тасты жинау, қалау және т.б.).
Табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын бақылау (жаңбыр, жел, күннің жарқырауы, қар және т. б.).
Көгөністер (қызанақ, қияр, сәбіз және т.б.) мен жемістердің (алма, алмұрт, шие, өрік және т.б.) сыртқы түрін тану және атауларын білу. Өсімдіктердің (ағаш, жапырақ, гүл) өзін немесе оларды суретінен тану және атау.
Қоршаған ортадағы жануарларға (лақ, бота, құлын және т.б.), құстарға (тауық, үйрек, қаз және т.б.) қызығушылықты ояту, олардың дене бөліктерін (басы, көздері, құлақтары, құйрығы, аяқтары, қанаттары) табу, дауыстарын салу, қимылдарын бақылау, қимылдарды ойындарда қайталау.
Табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау, үркітпеу; өсімдіктерді ауызға салмау және т.б.).
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығын дамыту, оларға қамқор болуға баулу.
Заттық әлеммен және заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру. «Болады-болмайды», «қауіпті» деген түсініктермен таныстыру. Құммен және сумен ойындардағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсінік қалыптастыру (суды ішпеу, құмды шашпау және т.б.).
Күтілетін нәтижелер:
өзіне жақын отбасы мүшелерін таниды,
ересектердің дауысын тыңдайды, қимылындарына еліктейді, оған көмекке жүгінеді;
ересек адамның сәлеміне жауап береді;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;
өлі табиғат заттарын (су, құм, тас) біледі;
гүлдеп тұрған өсімдікті бақылайды және оның бөліктерін көрсетеді;
кейбір көгөністер мен жемістерді шынайы өзін, суретін және дәмінен таниды және атайды;
қоршаған ортадағы жануарларға, құстарға қызығады, олардың дене бөліктерін көрсетеді, дауыстарын салады, қимылдарын ойындарда қайталайды;
өсімдіктер мен жануарларға қызығушылық танытады, оларға қамқор болуға тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет