Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Коммуникативтік дағдыларды дамыту



бет17/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде күн сайын жүзеге асырылады.


Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметтік ортада ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;
Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту;
балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу;
баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды барлық балалармен талқылау;
балаларға тыңдауға, сахналауға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну;
балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту.
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.
Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.
Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.
Сөздік қор
Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.
Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау. Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру.
Сөйлеуде күнделікті көп қолданылатын сын есімдерді, етістіктерді, есімдіктерді қолдану.
Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз), заттардың орналасқан жерін (сол, оң, қатар, жанында, арасында), тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін және мағынасы қарама-қарсы антоним сөздермен байыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір және т.б.).
Байланыстырып сөйлеу
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.
Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өзбетінше зерттеп, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.
Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады;
ақырын, жылдам сөйлейді;
сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс, анық айтады;
естіген дыбыстарды дұрыс айтады;
белгілі дыбысқа ауызша сөздерді табады;
сөйлегенде сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады;
өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларын біледі;
адамдардың мамандықтарын білдіретін зат есімдерді, еңбек әрекетін білдіретін етістіктерді біледі;
тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін түсінеді;
қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарын таниды, атайды;
тұрмыстық электротехника заттарын таниды және атайды;
зат есімдерді жекеше және көпше түрде айтады;
сан есімдерді ретімен атайды, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде байланыстырып айтады;
зат есімдерді сын есімдермен байланыстырып айтады;
өзі зерттеген заттарды, суреттерді сипаттайды;
бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастырады;
шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтады;
бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты қызығушылықпен талқылайды;
ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналайды.
Көркем әдебиет
Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу. Тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға, қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.
Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.
Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды;
таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады;
әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін бағалай алады;
шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды;
тақпақтарды, санамақтарды, өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтады;
ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастырады;
кітаптағы иллюстрацияларды өзбетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастырады;
дауыс күшін өзгерте отырып, әртүрлі интонацияларды жаңғыртады;
әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді;
сахналық қойылымдарға қатысады;
образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;
еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдайды;
еркін ойындарда таныс кейіпкерлерді басқа қырынан көрсетуге тырысады;
рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет