Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын



бет19/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   190
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын,
зерттеу іс-әрекетін дамыту

Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде іске асырылады.


Мақсаты: балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту;
өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту;
өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру;
қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем-эстетикалық талғамды дамыту;
қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу;
балаларға тыңдауға, айтуға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар әндерді ұсыну;
балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сурет салу
Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын беру.
Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту.
Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту. Заттардың көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа.
Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін салу, элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.
Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өзбетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.
Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.
Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
суретті салуды қызығушылықпен орындайды;
бейнелейтін заттарды қарайды, қолмен ұстап зерттейді;
өнер туындыларына қызығушылық танытады;
жеке заттарды және сюжеттік композицияларды салады;
қаламды, қылқаламды, борларды дұрыс ұстайды;
дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салу техникасын меңгерген;
заттарды пішінін, түсін ескере отырып салады;
әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын жеткізеді;
суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояу тәсілдерін біледі;
қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктерді таниды;
дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін салады;
қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізеді;
өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалайды.
Мүсіндеу
Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.
Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Мүсіндеуде қысу, тарту, басу әдістерін қолдану. Кескішті қолдануды үйрету, оның көмегімен жасалған бұйымды безендіруге ынталандыру.
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру.
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Күтілетін нәтижелер:
мүсіндеуді қызығушылықпен орындайды;
мүсіндейтін затты қолына алып, зерттейді оның өзіне тән ерекшеліктерін беруге тырысады;
ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндейді;
мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістейді;
бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады;
мүсіндеуде қысу, тарту, басу тәсілдерін қолданады;
мүсіндеуде кескішті қолданады;
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар құрастырады;
ұжымдық жұмысқа қатысады;
қазақ халқының тұрмыстық заттарын мүсіндеуге қызығушылық танытады;
мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Жапсыру
Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту.
Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызық бойымен алдымен қысқа, кейін ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану.
Тар жолақтарды көлденеңінен қиюды, шаршының бұрыштарын қиюды үйрету.
Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдер және т.б. пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен және т.б. таныстыру. Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.
Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өзбетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту.
Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.
Күтілетін нәтижелер:
қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады;
қысқа және ұзын жолақтарды қияды;
текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қияды;
жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды түрлі тәсілдермен қияды;
бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді;
қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді;
ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіреді;
ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;
заттарды дайын пішіндердің көмегімен және өзбетінше ойдан қиып жапсырады;
жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтайды, жұмысты ұқыптылықпен орындайды.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок және т.б.) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өзбетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар арасында міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану, командамен бірге нәтижеге қол жеткізу, дайын құрылысты талдау.
Қағаздан құрастыру
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке және т.б. айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары және т.б.), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері және т.б.) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар және т.б.) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өзбетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелелерін сақтау.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;
заттарды өзбетінше сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдайды;
өзбетінше ойдан құрастырады;
құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындайды;
дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнайды;
қағаз парағын түрлендіреді;
бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастырады;
«оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастырады;
қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, тұрмыстық заттарын, олардың қандай материалдан жасалғанын біледі;
табиғи және қалдық заттардан құрастырады;
заттарды өзбетінше таңдап, ойдан композиция құрастырады;
құрастыруда шығармашылық танытады.
Музыка
Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.
Музыка тыңдау
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары дыбыстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен), әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату.
Ән айту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет