Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет2/17
Дата06.01.2022
өлшемі110,72 Kb.
#13650
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Қазақ тілі Ү.О.Б

І Жалпы мәлімет




1 «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы

«Қазақ тілі» пәні – білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі болып табылады.

«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады. Өйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты.

«Қазақ тілі» пәнінің басты бағыты – тіл арқылы оқушының ақыл-ой қабілеті мен тілдік эстетикалық талғамының дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, коммуникативтік дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, өздігінен білім алуына мүдделілік туғызу.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда негізгі басымдылық коммуникативтік дағдыларды, сөйлеу әрекетінің төрт түрін - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталады.

«Қазақ тілі» пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын ұғынады.

«Қазақ тілі» пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет