«Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары мен мазмұны
«Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары мен мазмұны «Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары
* Нефрология мамандығы бойынша қайта дяарлаудан өтпеген мамандар үшін
**Балалар нефрологиясы бойынша қайта дяарлаудан өткен мамандар үшін
*** Ересектер нефрологиясы бойынша қайта дяарлаудан өткен мамандар үшін
«Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру циклінің үлгілік оқу жоспары
Пән коды
Пәндердің атауы
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)
Бақы
лау нысаны
НП
Негізгі пәндер
18/⅓
МНП 01
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салауатты өмір салтын қалыптастыру, апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)
9
МНП 02
Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық
9
БП
Бейінді пәндер
54/1
108/2
162/3
198/3⅔
МБП
Міндетті компонент
90/1⅔
МБП 01
Нефрологияның өзекті мәселелері, оның ішінде балалар жасындағы нефрологияның өзекті мәселелері
63
Сынақ
МБП 02
Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері
18
Сынақ
МБП 03
Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар
9
Сынақ
ТКБ
Таңдау бойынша компонент
54/1
108/2
162/3
108/2
Сынақ
ҚБ
Қорытынды бақылау
2(ТБК-тен)
2(ТБК-тен)
2(ТБК-тен)
6 (ТБК-тен)
Емтихан
Жиыны
54/1
108/2
162/3
216/4
«Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға (жоғарғы және бірінші санатына) арналған үлгілік оқу жоспары
Пәндердің атауы
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)
Бақылау нысаны
Нефрологиядағы және диализдегі инновациялық технологиялар
90*
Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері
9
Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар
9
Қорытынды бақылау
2
Емтихан
Жиыны
108/2
Ескерту: * - соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
«Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға (екінші санатты) арналған үлгілік оқу жоспары
Пәндердің атауы
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)
Бақылау нысаны
Нефрология мен диализдің өзекті мәселелері
90*
Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері
9
Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар
9
Қорытынды бақылау (ҚБ)
2
Емтихан
Жиыны
108/2
Ескерту: * соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
«Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың оқу бағдарламасының мазмұны
Пән коды
Пәндердің атауы, олардың негізгі бөлімдері
НП
Негізгі пәндер
БП
Бейінді пәндер
МНК
Міндетті компонент
МБП 01
Нефрологиядағы стационарлық көмек. Стационарлар қызметі
Нефрологиядағы әлеуметтік-экономикалық және заң мәселелері, нефрологиялық қызмет құрылымы және ұйымдастыру. Нефрология бөлімі. Нефрологиялық бөлім мүмкіндіктері, мәселелері, негізгі қызметтері. Нефрологиялық науқастарды диспансерлік бақылау. Бүйрек ауруларының сараланған диагностикасы, жіктелуі, клиникалық көрінісі, патогенезі, этиологиясы туралы замануи көзқарастар (несеп жолдарының инфекциясы, бүйректің тубулоинтерстициальды аурулары, рефлюксті нефропатия, гломерулонефриттер, тез үдемелі гломерулонефрит, бүйректің ишемиялық ауруы, бүйректің поликистозды ауруы, амилоидоз, бүйрек тас ауруы, подагралық бүйрек, ЖПН, СПН, артериальды гипертензия, жүйелі аурулардағы нефропатия, вирусты гепатитте, диабетті нефропатия, бүйрек ісіктері). Нефрологиядағы зертханалық және инструментальды зерттеу әдістері. Пункциялық нефробиопсияның маңызы. Асқынулардың профилактикасы және морфологиялық түрлерін есепке алумен гломерулонефритте, нефропротекциямен бүйрек ауруларының емдеу қағидалары. Бүйрек алмастырушы емге көрсетілімдері (бағдарламалық гемодиализ, перитонеальды диализ, бүйрек трансплантациясы). Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды қарау. Бүйрек трансплантациясы кезіндегі иммуносупрессия. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқынулар. Нефрологияның шұғыл жағдайларындағы көмек көрсету
МБП 02
Нефрологиядағы амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде амбулаториялық гемодиализ
Амбулаториялық-емханалық кезеңдегі нефрология. Амбулаториялық-емханалық кезеңде ересектер және балалар тұрғындарына нефрологиялық көмекті ұйымдастыру. Нефрологиялық бөлме. Негізгі қызметтері, мәселелері, мүмкіндіктері.Ересектер және балаларда ауруханаға дейінгі кезеңде бүйрек ауытқуларының зертханалық-инструменталды және сараланған диагностикасының алгоритмі. Созылмалы бүйрек ауруларының ерте диагностикасы. Нефропротективті дәрілік емдеу. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау. Бүйректі алмастырғыш терапиясының көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері. Бүйрек ауруларымен ауыратын науқастарды жоспарлы және жедел ауруханаға жатқызуға көрсетілімдер. Гемодиализдегі науқастарды қарау тактикасы (перитонеалді диализде). Емхана жағдайындағы бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды қарау. Иммуносупрессивті препараттар коррекциясы және концентрациясының мониторингі. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқынулардың профилактикасы. ауруханаға дейінгі кезеңдегі бүйрек ауруларымен ауыратын науқастардың шұғыл жағдайларындағы алғашқы көмек және ерте диагностикасы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық мәселелері. Тіркелген тұрғындар арасындағы созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтау үшін сринигтік зерттеулер өткізу және ұйымдастыру (артериальды қан қысымын өлшеу, қандағы креатининді анықтау, Сынақтама жолағын қолданумен ақуыз бен глюкозаның бар болуына сапалы несеп талдауы); жоғары қауіптілігі бар және нефрологиялық аурулармен ауыратын науқастарға консультация беру, диагностикалық және емдік көмек көрсету олардың дамуы. Бүйрек зақымдануының жоғары қауіптілігінің дамуы бар және бүйрек патологиясы бар науқастарға диспансерлеу және ұйымдастыру (жедел және созылмалы нефриттер, СПН): (жедел бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққаннан кейінгі алғашқы 5 жыл; бүйрек трансплантациясынан кейінгі өмір сүру (трансплантация орталығында ұйымдастырылған бақылаудың жоқ болуы); нефрогенді гипертензия кезінде; қолдаушы иммуносупрессивті ем қабылдаушы және гломерулярлы аурулардың кез келген түрлерімен; созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен зардап шегушілердің барлық кезеңдерінде (созылмалы бүйрек ауруларының 3-4 кезеңдері), бағдарламалық диализ қабылдаушы, науқастардың болмауы; несеп жүйесінің қайталанған инфекциясы барлар, урологта емделуге және бақылауға жатпайтындар; клиникалық манифесттік кезеңде диабетикалық нефропатияға шалдыққандар; бүйрек жіне несеп жүйесінің туа біткен немесе тұқымқуалаушылық ауруларының кез келген түрлеріне шалдыққандар. зертханалық-диагностикалық әдістер көмегімен бүйрек жағдайын терең зерттеуді жүргізу және ұйымдастыру (ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі – УДЗ), компьютерлік томография, радиоизотоптық ренография, биохимиялық, иммунологиялық және рентгенологиялық зерттеулер). Амбулаториялық жағдайда мүмкін емес, емді талап етушілер, созылмалы аурулары асқынғандар немесе жедел бүйрек патологиясы бар науқастарды стационарлық емдеуге жолдау; бастапқы бүйрек алмастырушы ем мәселелерін шешу үшін және бастапқы мерзіміне комиссияға жолдамасымен бүйрек алмастырушы еміне науқастарды таңдау;
аламастырушы бүйрек терапиясы әдістерін таңдау заттарына науқастарға консультация беру (гемодиализ, перитонеальды диализ, бүйрек қорғаныс / диализге дейінгі трансплантациясы); диализ басталуын күтушілерді, оларды алатындарды, сондай-ақ аллогенді бүйрек рецепиенттерінде есепке алу. Қамтамасыз ету ауданында тіркелген тұрғындар саулығын күшейту бойынша шараларды өңдеу ізгілігімен СБА-нан мүгедектік және өлімдігі (госпитальға дейінгі және госпитальда), аурушаңдығының негізгі медициналық статистикалық көрсетілімдерін талдау және мониторингі. Осы аумаққа созылмалы бүйрек аурулары бар науқастарды тіркеуді жүргізу. Бүйрек қызметі бұзылған жүктілерге консультативті, диагностикалық және емдік көмек көрсету. медицина көрсетілімдері бойынша тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін науқастарға стационар алмастырушылық және оңалту көмегін көрсету және ұйымдастыру; амбулаториялық кезеңде СБА-н науқастарды қамтамасыз ету мақсатында медициналық тағайындау бұйымдарына және дәрілік заттарға өтініш құрастыруға қатысу. Амбулаториялық диализ бөлімі (орталық). Қанды бүйректен тыс тазалауды өткізуге арналған мүмкіндіктер. Гемодиализды аппаратураларды қолдану. Арнайы таңдау Комиссиясы қатысуы кезіндегі диализотерапия және қантамырға ену жолын құрастыруға дайындық үшін БСА-ның терминалды кезеңімен науқастарға бүйрек алмастырушы емді бастау көрсетілімдерін анықтау және таңдау; - бүйрек трансплантациясына дайындық және (немесе) олардың ұзақ өмір сүруімен қамтамасыз ету мақсатында БСА-ның терминалды кезеңімен науқастарға тұрақты перитонеальды диализ және бағдарламалық гемодиализ өткізу; трансплантат қызметінің аса ауырлауында немесе болмауы кезеңіндегі ерте немесе алшақтатылған трансплантациядан кейінгі кезеңде донорлық бүйрек рецепиенттеріне перитонеалды диализ немесе гемодиализ өткізу; СПН терминальды кезеңінің асқынған кезіндегі, бағдарламалық ем қабылдап жүрген, алғашқы және екіншілік нефропатиямен ауыратын науқастардың қандарын бүйректен тыс тазартудың (гемодиафильтрация, гемофильтрация) басқа әдістерін өткізу.
МБП 03
Балалар жасындағы нефрология және диализ
Тұқымқуалаушылық және туа біткен нефро- және уропатияны үйрену. Бүйректің анатомиялық аномалиялары кезіндегі Нефро – және уропатиялар; (сандық, позициялық, түрлерінің бұзылуы, төменгі несеп жолдарының өзгерістері, бүйрек қантамырларының өзгерістері, иннервацияның бұзылуы; паренихиматозды ауытқулар кезіндегі нефропатия (кистозды-поликистоз, Фанкони нефрофтизі, Сениор синдромы, туа біткен нефротикалық синдром ). Кистозсыз (олигонефрония, сегментарлы гипоплазия, бүйрек дисплазиясы). Рефлюкс - нефропатия: біріншілік тубулопатия, екіншілік тубулопатия, Альпорттың тұқымқуалаушылық нефриті; Фабри ауруы. Хромосомды аурулар кезіндегі нефропатия, тұқымқуалаушылық амилоидозы. Бүйректің эмбриондық ісіктері (Вильмс ісігі). Балалар диализі бөлімі. Мәселелері, қызметі, мүмкіндіктері. Қантамырға ену жолдарын құру үшін аламастырғылық бүйрек емі (диализдің) бастамасының көрсетілімдерін анықтау және таңдау; бүйрек трансплантациясына дайындық және (немесе) оларды ұзақ өмір сүрумен қамтамасыз ету мақсатында СБЖ терминалды кезеңімен балаларға бағдарламалық гемодиализ және тұрақты перитонеальды диализ өткізу. Орта мектепті бітіруі туралы анықтама беру және рәсімдеу.
МБП 04
Нефрологиядағы функционалды және морфологиялық зерттеу замануи әдістері.
Жас ерекшеліктерін есепке алумен нефрологиялық науқастарды зерттеу. Қалыпты және патология кезіндегі несепті зерттеу. Шумақшалық сүзілу жылдамдығы (Кокрофта-Голт, балаларда Шварц MDRD формулалары бойынша есептеу), ФБҚ (функционалды бүйрек қоры), несептің салыстырмалы тығыздылығын анықтау үшін функциональды бүйректік сынама. Әмбебап және нақты СКФ есептеу тәсілі, СБА кез келген кезеңінде жұмыс істеуші және CKD-EPI теңдеуінің барлық нәсіл өкілдері үшін. СБА диагностикасы үшін альбуминурия/протеинурия (ақуызды тәуліктік жоғалту - АТЖ) деңгейін зерттеу, жүрек-қантамыр асқынулар қауіп қатері, олардың ағымын болжауды бағалау және емдеу тактикасын таңдау. Таңертеңгілік несептегі жалпы белок/креатинин немесе альбумин/креатинин қатынасын анықтау.
Пункциялық нефробиопсия: көрсетілімдері, салыстырмалы және абсолюттік қарсы көрсетілімдері, шаралар жүргізілгеннен кейін қарау және науқасты даярлау, асқынулардың профилактикасы. Көрсетілімдері, салыстырмалы және абсолюттік қарсы көрсетілімдері, бүйрек ауруларының шолу диагностикасының кемшіліктері және артықшылығы: шолу және экскреторлы урография, ретроградты пиелография, ангиография, УЗД, компьютерлік томография (бұдан әр – КТ), сонымен бірге спиральды томография, магниттік-резонанстық ангиография, радиоизотопты зерттеу. Молекулярлық диагностика.
Бүйрек трансплантациясының заңды және моральды-этикалық аспектілері. Бүйрек трансплантациясына көрсетілімдері, салыстырмалы және абсолюттік қарсы көрсетілімдері. Рецепиентті даярлау, HLA I және II қатарларының гистосәйкестік жүйесі бойынша, реципиент және донор антигендерінің тоғыстыра сәйкестендіру. Бүйректі туыстық алмастыруға даярлау және көрсетілімдері. Ерте және кеш трансплантациялық кезеңдерден кейінгі қарау принциптері. Замануи иммуносупрессивті препараттар. Артықшылықтары және қосымша әсерлері. Иммуносупрессия: дәрілік заттарды бақылау мониторингі және таңдау. Трансплантациялық нефропатия. Операциядан кейінгі ерте кезеңдегі ажырап қалуы. Трансплантацияланған бүйректің созылмалы ажырауы. Трансплантациядан кейінгі экстраренальды асқырулар. Цитомегаловирусты (бұдан әр – ЦМВ) инфекциясы. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды динамикалық бақылау карталары.
МБП 06
Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері
Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.
МБП 07
Инфекциялық бақылау. АИТВ инфекциясы
Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және тарауының профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. ИБК ұйымдастыру. АІИ эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштары, антибиотикке резистенттілік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға стационарлық және амбулаториялық көмекті ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ-ға тестілеуге дейінгі және кейнг консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВ инфекциясының клиникасы, екншілік аурулар. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.
ТБК
Таңдау бойынша компонент
ҚБ
Қорытынды бақылау
6. «Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (4 апта) оқу бағдарламасының мазмұны
Пән коды
Пәндердің атауы, олардың негізгі бөлімдері
НП
Негізгі пәндер
БП
Бейінді пәндер
МБП
Міндетті компонент
МБП 01
Нефрологияның өзекті мәселелері
Маңызды медициналық және әлеуметтік мәселе ретінде Созылмалы бүйрек ауруы (бұдан әрі – СБА). Денсаулық сақтау жүйесінің практикалық жұмыстарына СБА тұжырымдамасын енгізу жалпы және жүрек қантамыр өлімнің азаюына, Халықтың өмір тіршілігін арттыруға, сондай-ақ бүйрек қызметінің бұзылу асқынуларын ауруханалық емдеу шығындарын азайтуға және Бүйрек алмастырушы емін – бүйрек трансплантациясын және диализ өткізу маңызды стратегиялық тәсіл ретінде қарастырылады. СБА таралушылығын мынадай әлеуметтік белгілі аурулармен салыстыруға болады, гипертониялық ауру, қант диабеті, семіздік және метаболикалық синдром сияқты. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, жіктелуі, диагностикасы, сараланған диагнозы, профилактикасы қағидаттары, емі, иммуносупрессивті және нефропротективті емдеу ерекшеліктері, бүйрек патологиясы кезінде сонымен бірге балалар жасындағыларға да шұғыл көмек көрсету. Амбулаториялық кезеңде нефрологиялық патологиясы бар науқастарды қарау ерекшеліктері. Бүйрек алмастырушы терапия – диализді, соның ішінде перитониальды және бүйрек трансплантациясын дамыту.
МБП 02
Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері
Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.
МБП 03
Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар
Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.
ТБК
Таңдау бойынша компонент
ҚБ
Қорытынды бақылау
7. «Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (жоғарғы және бірінші санаттар үшін) сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны
Пәндердің атауы, олардың негізгі бөлімдері
Нефрологиядағы және диализдегі инновациялық технологиялар
Денсаулық сақтау саласындағы ҚР заңнамалары. ҚР нефрологиялық және диализ қызметтерін реттеуші, нормативті құқықтық актілер. Бүйрек алмастырушы емі және патогенетикалық емдеудің замануи әдістерін қолдану және ендіру, диагностикалаудың замануи әдістерін жүргізу және ұйымдастыру. нефрологиялық ауруларды инструментальды, зертханалық зерттеу әдістерінің инновациялық технологиялары. Бүйрек зақымдануының замануи маркерлерін пайдалану.
Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері
Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.
Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар
Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.
Қорытынды бақылау
8. «Нефрология (негізгі пән бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың(екінші санат үшін) сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны
Пәндердің атауы, негізгі бөлімдері
Нефрологияның және диализдің өзекті мәселелері
Дәрігер нефрологтың практикалық жұмысында СБА концепциясы. Науқастардың өмір ұзақтығын ұлғайту, өлімділігін төмендету, бүйрек зақымдануларын ерте айқындауға стратегия ретінде, сонымен бірге замануи нефропротекторларды қолданумен диализге дейінгі кезеңді ұлғайту және бүйрек ауруларын емдеу шығындарын төмендету. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, жіктелуі, диагностикасы, дифференциальды диагнозы, профилактикасы принциптері, емі, патогенетикалық ем ерекшеліктері, бүйрек патологиясы кезінде сонымен бірге балалар жасындағыларға да шұғыл көмек көрсету. Амбулаториялық кезеңде нефрологиялық патологиясы бар науқастарды қарау ерекшеліктері.
Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері
Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.
Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар
Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.
Қорытынды бақылау
Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру мен қайта даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
13-қосымша