Бағдарламасына 2-қосымша «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)»


«Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасы



бет35/52
Дата08.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#99861
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
«Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасы
1. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары



Пән
коды

Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің сағат(апта)көлемі

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54/1




МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9

Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9

Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

27

Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау(апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)

9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

810/15




МБП

Міндетті компонент

378/7




МБП 01

Тірі адамдар мен мәйіттің сот-медициналық сараптамасы

108

Сынақ

МБП 02

Биологиялық шығу тегіне қарай айғақтық заттардың сот-медициналық сараптамасы

54

Сынақ

МБП 03

Сот-медициналық сараптама нысандарының сот-гистологиялық тексерулері

54

Сынақ

МБП 04

Сот медицинасындағы медициналық-криминалистикалық және фотографиялық тексеру әдістері

54

Сынақ

МБП 05

Сот медицинасындағы химиялық-токсикологиялық зерттеулер

54

Сынақ

МБП 06

Дәлелдеу медицинасының мәселелері

18

Сынақ

МБП 07

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

18

Сынақ

МБП 08

Инфекциялық бақылау.
АИТВ инфекциясы

9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

432/8

Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБПден)

Емтихан




Жиыны

864/16




2. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклының үлгілік оқу жоспары



Пән коды



Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағат (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағат (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағат (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағат (апта) көлемі

Бақы
лау түрі

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салауатты өмір салтын қалыптастыру,апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)










9




МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық
















БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2

162/3

198/3⅔






МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Сот медицинасының өзекті мәселелері










63

Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар










9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

54 /1



108/2



162/3



108/2



Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2 (ТБП ден)

2 (ТБП ден)

2 (ТБП ден)

6
(ТБКтен)

Емтихан




Жиыны

54/1

108/2

162/3

216/4




3. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

Сот медицинасындағы инновациялық технологиялар

90*






Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2






Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
4. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (екіншілік санат үшін)



Пәннің аты

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау
түрі

Сот медицинасының өзекті мәселелері және инновациялық технологиялар

90*




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2






Ескертулер: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
5. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МК

Міндетті компонент

МБП 01

Тірі тұлғалар мен өліктердің сот-медициналық сараптамасы




Мәйіттің зорлықтан болған өлімінің сот-медициналық сараптамасы. Доғал заттардан пайда болған жарақаттар, жұмсақ тіндердің, сүйектердік және ішкі ағзалардың жарақаттарының морфогенезі, балалардағы ерекшелігі, өлімнің себебі. Көлік жарақаты. Өткір заттардың әсерінен пайда болған жарақаттар. Оқ тигеннен болған жарақаттар. Механикалық кедергіліердің әсерінен дем алудың бұзылуынан болған өлім және денсаулықтың нашарлауы. Механикалық асфиксиялар. Суға кетіп қалу және кенеттен суда болған өлім. Уланудан болған өлім және денсаулықтың бұзылуы. Мәйіттің жедел болған өлімінің сот-медициналық сараптамасы. Ми қабықтары мен мидың, жүрек және қантамырларының, тыныс алу ағзаларының, асқорыту ағзаларының, несеп шығару ағзаларының ауруларынан, инфекциялық және паразиттік аурулардан, аллергиялық жағдайлардан болған жедел өлім. Ішімдіктен болған мастықтың сот-медициналық сараптамасы. Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа адамдардың сот-медициналық сараптамасы. Денсаулыққа зиян келтірген ауырлықтың сот-медициналық сараптамасы. Медициналық құжаттар бойынша жүргізілетін сот-медициналық сараптама. Қылмыстық және сот істер бойынша жүргізілетін сот-медициналық сараптама.

МБП 02

Биологиялық шығу тегіне қарай айғақтық заттардың сот-медициналық сараптама




Сот-медициналық зертханасының сот-биологиялық бөлімшесі. Жұмысты ұйымдастыруы мен қағидаттары. Қанның, ағзалардың және тіндердің сот-медициналық сараптамасы. Адам мен жануарлар шаштарының сот-медициналық сараптамасы. Шәует, сілекей және несеп тәрізді бөлінділердің сот-медициналық сараптама. Сот-медициналық сараптама нысандарының цитологиялық, электрофорездік, иммундықфлюоресценттік тексерулері.

МБП 03

Сот-медициналық сараптама нысандарының сот-гистологиялық зертеулері




Сот-гистологиялық бөлімше. Жұмысты ұйымдастыруы мен қағидаттары.Материалдарды гистологиялық зерттеу. Жедел өлімнің, нәресте мен жаңа туылған бала өлімнің, жүкті және бала туған әйелдердің өлімінің, зорлықтан болған өлімнің әртүрі мен оған күмән келтіргендегі патоморфологиялық микроскопиялық өзгерістері (өткір және доғал заттардан болған жарақаттар, электр тоғы, температуралық өзгерістер, сәулелі энергия, сыртқы тыныстың бұзылуы, суға кетіп қалу, уланулар. Өмір сүру кезіндегі және жарақат ұзақтығын гистологиялық бекіту.

МБП 04

Сот медицинасындағы медициналық-криминалистикалық және фотографиялық тексеру әдістері




Сот медицинасындағы медициналық-криминалистикалық бөлімше және спектрографиялық зертхана. Жұмысты ұйымдастыруы мен қағидаттарыАспаптық және басқа тексеру әдістері: өлшеу, микроскопиялық, рентгенологиялық, спектральдық, химиялық. Салыстыру және сәйкестендіру мақсатымен жүргізілетін сот-медициналық сараптамасының негізгі ережелері. Тұлғаны сот-медициналық ұқсастыру. Болған оқиғаны қалпына келтірудегі сот-медициналық сараптама.

МБП 05

Сот медицинадағы химиялық-токсикологиялық тексеру әдістері




Химиялық-токсикологиялық бөлімше. Жұмысты ұйымдастыру мен қағидаттарыХимиялық-токсикологиялық тексеру (ішкі ағзалар, тіндер, қан, несеп, лимфа, диализаттар, жуынды сулар және т.б.) және олардың сипаттамасы. Химиялық-токсикологиялық тексеру әдістері, олардың жіктеуші және жалпы сипаттамасы. Органикалық және органикалық емес байланыстардың барын табу мен сандық мөлшерін анықтаудың принциптері және әдістері. Химиялық-токсикологиялық тексеру әдістеріне қойылатын негізгі талаптар. Жалпы және мақсатты химиялық-токсикологиялық талдау.

МБП 06

Дәлелді медицина мәселелері




Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау- зерттеу-(РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы. Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) Интернетіндегі медициналық дерекқорлар. Жүйелі шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 07

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 08

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)




Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және тарауының профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. ИБК ұйымдастыру. АІИ эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштар, антибиотикке төзімділік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға ауруханалық және емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВинфекциясының клиникалық көрінісі, салдарлы аурулар. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

6. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (4 апта ) білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Сот медицинаның өзекті мәселелері




Сот медицина мен сараптамалық практиканың заманауидағы мәліметтері. Тірі тұлғалардың, мәйіттердің, биологиялық шыққан тегіне қарай айғақтық заттардың сот-медициналық сараптамасының және сот-гистологиялық, медициналық-криминалистикалық, химиялық-токсикологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері. Сот-медициналық сараптамасы нысандарын аспаптық, зертханалық тексерулердегі инновациялық технология.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

7. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

Сот медицинадағы инновациялық технология

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы. Қазақстан Республикасындағы Денсаулық сақтау асаласындағы сот-медициналық сараптама жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілер. Тірі адамдардың, өліктердің, айғақтық заттардың және медициналық құжаттардың сот-медициналық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу. Сот-медициналық сараптама нысандарын аспаптық, зертханалық тексерулердегі инновациялық технология.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

8. «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны (екіншілік санат үшін)



Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

Сот медицинасының өзекті мәселелері

Сот медицинасы мен сараптамалық практиканың заманауи мәліметтері. Тірі тұлғалардың, мәйіттердің, биологиялық шыққан тегіне қарай айғақтық заттардың сот-медициналық сараптамасының және сотқ-гистологиялық, медициналық-криминалистикалық, химиялық-токсикологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру мен қайта даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
44- қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет