Бізді өсірген анатай, Еңбегің де зор екен. Құтты болсын, анатай, Құтты болсын мерекең!
Қ.МырзаӘлі
Нешеуміз? Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым –әкем Балалы үйрек-анам.
Ортан терек –ағам Шылдыр шүмек –мен, Кішкене бөбек –сен Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
І.Шұғаев
Анашым Айналайын анашым- Әлемдегі жан асыл.
Болса маған не керек, Бәрін іздеп табасың. Айналайын анашым – Асқар таудай панасың. Күн көзіндей күлімдеп, Құшағыңа аласың.
А.Асылбеков
Туысқан Аға деген,Іні деген, Барлығы бір туысқан. Аға деген –Іні деген – Жаралғандай құрыштан Аға, іні – туысқан.
О.Әубәкіров