Мектепке дейінгі ұйымның барлық үй-жайлары күн сайын желдетілуі тиіс. Топ бөлмелерінде балалар болмаған кезде өтпелі немесе бұрыштық желдету қамтамасыз етіледі. Өтпелі желдету дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізілмейді. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады («Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР ДСМ м 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы 141-т. 13) тармақша) [11].
Сондай-ақ, күндізгі ұйқы алдында жатын бөлмелерді желдету міндетті болып табылады. Қыста жатын бөлмелерді желдету ұйқыдан 10 минут бұрын тоқтатылады.
Жазда ауа-райының жағдайлары қолайлы болса, терезелерді ашып, ұйықтатуға болады
Желдетудің ұзақтығы сыртқы ауа температурасына, желдің бағытына, жылу жүйесінің тиімділігіне байланысты. Желдету балалар болмаған кезде жүргізіледі және олар серуеннен немесе ұйымдастырылған іс-әрекеттен (дене шынықтыру, музыка және т. б.) келгенге дейін 30 минут бұрын аяқталады [12].
тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;