Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет78/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   152
КӨЛІККЕ МІНГЕНДЕ
Қаламызда қырандай Самғар көлік табылар. Троллейбус пен трамвай, Автобустар тағы бар.

Автобусқа асығып, Жолды кесіп өтпеймін. Доп тепкендей асырып, Бос қалбырды теппеймін.


Жол шетіне трамвай Келе алмайды күтсең де. Болу керек тым абай Мінгенде не түскенде.


ТӘРТІП САҚТАП ЖҮРЕМІН
Үйренуден тынбаймын, Білімімді шыңдаймын. Кішілерге қамқормын, Үлкендерді тыңдаймын.

Велосипед теппе деп, Айтпаса да, еп керек. Жүгірмеймін доп қуып Көліктерге бетпе-бет.


Көше жаққа бармаймын, Таса жерде қалмаймын. Ойнау үшін арнайы Орындарды таңдаймын.




Өзім барар бағыттың Нөмірін де білемін. Ережеге қанықпын, Артқы есіктен кіремін.

Жұрт аяғын баспаймын, Бүлдірмеймін, шашпаймын. Жолақысын «қоянша», Төлеместен қашпаймын.


Шаршап кейде жүрсем де, Орын берем үлкенге.


Қатты шулап тұрмаймын, Құрбылармен күлсем де.

Аялдама аттарын, Жаңылмастан жаттаймын. Жолда жүру тәртібін, Мен осылай сақтаймын.


Қ.Шағыр
Өзенде де, тауда да, Саябақта, аулада Тәртіп сақтап жүреді Шымыр, дені сау бала.

Бағдаршам


Тағдыр деген, шырағым, Қателікті кеше ме, Күтіп қана тұрамын, Қызыл жанса көшеде.

Зер саламын бар маңға, Сабырлымын, саспаймын. Ал сарысы жанғанда, Дайындала бастаймын.




Жабықпаймын жасықтай, Мектепке әлі жетемін.
Жасыл жанса асықпай, Арғы бетке өтемін.
Қ.Шағыр


Зейін қойып бекемдеп, Оқулықтан жаттағам... Қағып кетпесе екен деп, Мәшинеден сақтанам.
О. Байбақұлы

Жол қауіпті
Ойынқұмар десе де, Сақтық керек, құптаймын. Мәшинелі көшеге,
Велик мініп шықпаймын.

Бұған көңіл бөлмеген, Ащы азабын тауыпты... Өйткені үлкен жол деген, Қауіпті ғой қауіпті.


О. Байбақұлы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет