Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет79/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   152
Ойнамаймын отпенен
Ақылды үміт ақтайды, Мақтамағын мақтағын, Ойыншыққа жатпайды, Сіріңке мен шақпағың,

Ойлағандар ұғады, Сақтық жақсы деп келем, Өрт ұшқыннан шығады, Ойнамаймын отпенен.


О. Байбақұлы



Бағдаршам Жолды кесіп өтуге мен қамдансам, Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді, Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

Қозғалысты қалт жібермей қырағы, Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады. Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:


Қ – Қызыл түс – қимылдама, баспа алға, Қиылыста қарап тұрма аспанға.


С – Сары түс – сәл сабыр ет, дайындал, Ж – Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.
Қ.Шағыр



Күз Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау

Күзде Сап-сары ала теректер, Сап-сары ала атырап. Сәл тербесе самал жел, Түсіп жатыр жапырақ.
О.Асқар

Қ.Ыдырысов

Күз келді
Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Күз Қарашы, күз келді, күз келді, Сары алтын жауыпты іздерді. Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді.

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт. Жер жыртқан таңда, Трактор қырда.

Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді. Осы ма, осы ма күз деген, Мектепке баратын бізбенен.
Н.Жанаев

Жапырақ ұшты, Суық та түсті.
Сонда да бізге, Қызық көп күзде.



М.Әлімбаев

Күз Шаттандырып біздерді, Шат-шадыман күз келді. Шатыр тікті сары алтын, Шартараптың бәрі алтын.
Ә.Табылдиев





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет