Бағдарламасының 20 жылдық мерейтойымен құт тықтады және оның еге­ мен Қазақстан тарихына алтын әріп термен жазылатын беттердің бірі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.01.2017
өлшемі7,31 Mb.
#3089
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Ұлпан СӘМЕНҚЫЗЫ,

журналистика 

және саясаттану факультетінің студенті

ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК 

АРМАН-МҰРАТ

 Әдебиет – адамзат ақыл-парасатының жауһары болған мәдениеттің бір тармағы, 

өркениет істерінің бір саласы. Өзіне ғана тән сан қилы ерекшеліктері мен айналаны 

барлау тәсілі арқылы адамдарды өзіне шақырып, оларға адами құндылықтарды дарытып, 

кемел тәрбие беретін көркемөнер туындыларының бір түрі. Осы саланы биік деңгейге 

жеткізу, халық жүрегіне оны ұялату жолында еңбек етіп келе жатқан, университетіміздің 

қабырғасындағы «Алқа» әдеби ұйымының қолға алуымен қаламын жандарына серік 

еткен, поэзия әлеміне қадам басқан  Ербол Алшынбай, Ұмтыл Зарыққан, Жасұлан Серік, 

Жандарбек Жұман сынды жас ақындардың кітаптарының тұсаукесері болып өтті. Өлең 

елінде қанат қаққан бұл талант иелерінің қуаныштарына танымал жазушы, кинодраматург 

Таласбек Әсемқұлов, ақын Жанат Әскербекқызы, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин, 

ф.ғ.д., профессор Рахымжан Тұрысбек сынды алдыңғы аға буын өкілдері ортақтасып, 

әдебиет қазынасын толықтырған жаңа кітаптардың тұсауын өздері кесті.  Бұғаналары әлі 

қатая қоймаған бұл жас ақындардың дұрыс бағыт алуына ағалық ақылдарын айтып, поэзия 

жолында ақ жол тіледі. Өлеңге тек құр ұйқас пен жылтыр, жауыр, жаттанды, әсемпаз сөздер 

ғана емес, оған сондай-ақ мағына да керек екендігін жеткізді. Өлең өресіндегі  Жақсылық 

Орынбасар, Есбол Нұрахмет секілді  ақындар да кеш төрінен табылып, інілеріне тілеулес 

екендіктерін білдірді.



  Айжан  ҚҰРМАНБАЕВА,

ФФ студенті

Төрт ақынның кітабы жарық көрді

Ел бағына баланған,

Халқы үшін жаралған

Нұраға-біздің Елбасы

Аты әлемге таралған.

Шамалғанда ашқан өмір есігін,

Жер жүзі біледі оның есімін.

Бар мейірін сіңіріп

Әлжан ана тербеді алтын бесігін.

Жас шағында жайнады,

Теміртауда темірменен қайнады.

Белестен асып белеске

Тәуелсіздікке жетуді ойлады.

Халқына нұрын шашады,

Ел үшін бәрін жасады.

Көшбасшысымен данышпан

Отаным алға басады!

 Құндыз АХМЕТКӘРІМОВА, 

Экономика факультеті

11 қазақ тобы    

Нұраға-біздің Елбасы


6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23 (156), 

желтоқсан, 2013 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте)

қатарына кіруі болып табылады.

Бұл үдеріс жалпы ішкі өнімнің жан басына 

шаққандағы өсімін ғана қарастырып қоймайды. Бұл 

– өмір сүру сапасын арттыруды, адам капиталын да-

мытуды қоса түгел қамтитын бағдарлама. Біздің эко-

номикамыз инновациялық индустрияландыру жолы-

на түсті. Бұл – тарихи жетістік. Мұн да «Болашақ» 

бағдарламасы түлектерінің лайықты үлесі бар, – деді 

Мемлекет басшысы.

Бүгінде бағдарламаға қа 

тысушылар қатары 

10 мың адамнан асты. «Болашақ» бағдарламасы 

еліміздің дамуында зор рөл атқарды. Ең алдымен, 

олар – экономика, білім, ғылым, денсаулық сақтау, 

ұлттық мәдениет пен өнер салалары үшін жаңа кадр-

лар. Бағдарлама түлектерінің әрбір екіншісі бүгінде 

жекеменшік және мемлекеттік сектордағы Қазақстан 

компанияларында жұмыс істейді. 19 пайызы – ұлттық 

компания лар менеджерлері. 4 пайызға жуығы – 

халықаралық ұйымдарда, сондай-ақ, Қазақстанның 

үкімет тік емес ұйымдарында еңбек етеді. Жалпы, 

түлектердің төрттен үші экономиканың нақты сек-

торында және азаматтық қоғам институттарында 

қызмет атқарады. Мемлекеттік мекемелер мен ұйым-

дарда «болашақтықтардың» 25 пайызға жуығы еңбек 

етуде. Соның ішінде, мемлекеттік басқару жүйесінде 

жүргендері – барлық түлектердің 19 пайызы. Бүгінде 

«Болашақ» бо йынша 2 мыңға жуық инженер-тех-

ник мамандар даярланды. Олар – инновациялық 

жобалар мен технологиялар, металлургия, телеком-

муникация, энергетика  салаларының қызметкерлері. 

Индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге 

асыру – Қазақстанды шикізаттық тәуелділіктен алып 

шығатын мүлде жаңа кәсіп орындарды құру. Жал-

пы, гу 


мани 

тарлық және инженерлік-техникалық 

мамандықтардың теңгеріміне қол жеткізілді, – деді 

Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бағдарлама 

стипендиаттарының үштен екісі дерлік мем-

лекеттік емес құрылымдар жұмыскерлерінің, 

зейнеткерлердің балалары екеніне назар аударды. 

Қатысушылардың 8 пайызының ата-аналары стипен-

дияға ие болу кезеңінде мүлде жұмыссыз болғандар, 

ал 200-ден астам стипендиат – ата-анасыз қалған 

талантты жастар. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар-

баев республиканың барлық өңірі үшін кадрлар 

даярлаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Бұдан бес жыл бұрын, бағ 

дарламаның 15 

жылдығына арналған форумда мен өңірлер 

де 


тұратын жастар үшін стипен дияға қолжетімділікті 

арттыру мақсатында оған түзетулер ен гізу міндетін 

қойдым. Бүгінде, міне, барлық қатысушының тең 

жар тысы  –  Қазақстанның  об лыс та ры  тұрғындары. 

Оқуларын аяқ 

таған соң олар негізінен туған 

қалаларында жұмысқа ор  на ласады. Бұл өте маңызды. 

«Бо лашақ» стипендиаттарының барлығы «Шан-

хай рейтингінің» ондығына кіретін әлемнің же-

текші университеттерінде білім алуда. Мұның бәрі 

«Болашақ»  бағ дарламасының  жоғары  нәти же лілігін 

білдіреді. Соның арқасында Қазақстанның талантты 

жастары үшін «әлеуметтік лифт» жасалды. Әлемдік 

ғылым-білім орталықтарында оқу арқасында елімізде 

жас ғалымдардың, педагогтардың, менеджерлердің 

жаңашыл ортасы өсіп-жетілуде, – деді Қазақстан 

Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінде халықаралық 

«Болашақ» бағдар ламасы білім беру жүйесінің ло-

комотивіне айналғанын ерекше атап өтті. Бір жағынан, 

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік 

кеңістігіне әлемдік технология 

лар трансфертінің 

магистралі тартылды. Екінші жағынан, әлем біздің 

стипендиаттар арқылы Қазақстан, оның халқы, 

мәдениеті мен дәстүрлері, еліміздің мүм кіндіктері 

мен әлеуеті туралы көбірек біле түсті. «Болашақ» 

бағдарламасының арқасында біз жаhандық эли-

та даярлаудың әлемдік жүйесіне қосылдық. Бұл – 

Тәуелсіздік дәуірінде қа зақстандықтардың жаңа буы-

нын қалыптастыру жөніндегі менің жоспарымның 

аса маңызды бөлігі. 2010 жылы әлемдік деңгейдегі 

жоғары оқу орны – Назарбаев Университетінің 

ашылуы Қазақ станның дүниежүзілік білім экспорт-

таушысына айналуының басы болды. Бүгінде Назар-

баев Университетінде 200-ден астам «Болашақ» 

түлегі жұмыс істейді. «Болашақ» бағдарламасы 

тү лектерінің қауымдастығы белсенді қызмет жасау-

да. Бүгінде бүкіл әлемнің дамуы контексінде, біз дің 

«Қазақстан-2050» Стра 

тегиямыздың контексінде 

халқымыздың алдына қойылып отырған жаңа міндет-

терді көре білу маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздердің бұл бағдарламаны білетіндіктеріңізге, 

онда қойылған барлық міндеттермен жан-жақ-

ты танысқандарыңызға мен сенімдімін. Өзімнің 

дәстүрлі, жыл басындағы Жолдауымды мен осы 

бағдарламаны қалай іс жүзіне асыратындығымызға, 

ол үшін не істейтіндігімізге, қандай ресурстарды 

пайдаланатынымызға арнайтын боламын. Мен бүгін 

сіздердің сөйлеген сөздеріңізден ұсыныстарыңыз бен 

пікірлеріңізді естуге, біздің Отанымыздың бо лашағы 

үшін, барлық қазақ 

стан 


дықтардың гүлденуі үшін 

осы бағдарламаны іс жүзі не асыру жолында менің 

ең  бас ты  қолдаушыларым  болатын дық тары ңызға 

сенімдімін.

Мұнан әрі Президент қазіргі күні біздің еліміз-

де де университеттер өздерінің білім беру сапасын 

арттыруда екендігін еске алып өтті. Қазіргі заманда 

адамға оқу керек, білім керек. Жеңіске жету қабілеті 

көп жағдайда адамның жас кезіндегі жігеріне байла-

нысты қалыптасады. Осы жағдайды атап көрсеткен 

Нұрсұлтан Әбішұлы жастардың шетелден білім алу 

жолында қиындыққа шыдай білгендіктерін айтып 

өтіп, олардың алдағы жұмыстарына табыс тіледі. 

«Болашақ» бағдарламасы бо 

йынша оқу бітіріп 

келген жастар күні ертең істе ысыла отырып, бірте-

бірте билік басына келе бас тайды. Сол кезде ата-

баба арманымен, көптеген қиындықтармен келген 

тәуелсіздік біздің ең бас ты құндылығымыз екендігі 

ешуақытта естен шықпауы керек. Тәуелсіздікті 

қорғап, алға жылжыту бағытында үлкен істер тын-

дырылуы тиіс. Әлемде ең көп жұмыс істейтіндер 

оңтүстік кореялықтар болса, ең аз жұмыс істеп 

келгендер гректер екен. Осыдан-ақ қорытынды 

шығаруға болады.

Елбасы осы ретте шетелдік жо  ғары оқу орын-

дарында  бола  шақтықтардан  тыс,  ата-ана лары ның 

қамқорлығымен оқып жат 

қан 65 мың түлектің 

барлығын еске салып өтті. Бұл еліміздің жағдайының 

жақсарғандығын білдіретін көрсеткіш. Ел – бола шақ 

дамуына қосылатын серпінді күш.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, бұл – 

жүзеге аспайтын арман емес. Өйткені, еліміздің 

қолында тәуелсіздік бар. Осы тәуелсіздік біздің ата-

бабаларымызға қолға ұстатпайтын армандай көрініп 

еді. Ақыры оған қол жеткіздік. Сондықтан, өзіміздің 

осы уақытқа дейін еңсерген істерімізге қарап, 

мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге 

асатындығына сенемін. Біз осы тәуелсіздік жылда-

рында экономикамыздың көлемін 16 есе арттырдық. 

2015-2016 жылдары ішкі жалпы өнімнің жан басына 

шаққандағы үлесі 20 мың долларға дейін жетіп қалады. 

100 миллиард АҚШ долларын құрайтын алтын-валю-

та қорымыз бар. Ендеше, біз өз болашағымызға сенім-

мен қарауымыз керек, – деді Президент.

Елбасы қазіргі әлемдік дағдарыстарға тек 

қуатты индустриялық базасы бар елдер ғана төтеп 

беретінін атап айтты. Сондықтан да біз елімізді 

индустрияландыруға кірістік. Дамудың шешуші фак-

торына айналған білім экономикасының уақыты кел-

ді. Әсіресе, жаратылыстану ғылымдарын: физика, би-

ология, химия, математиканы дамыту маңызды. Олар-

да инновация үшін сарқылмайтын әлеует бар. Елдің 

дамуына жаңашыл серпін беру маңызды. Сол себепті 

біз бүгін ғылымға бұрынғыдан да көп инвестиция 

салудамыз. Ең заманауи жабдықтары бар зертхана-

лар құрылуда, басқару мен қаржыландырудың жаңа 

жүйесі жұмыс істейді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұнан кейін Мемлекет басшысы әлем халықтары 

үшінші индустриялық революцияның қарсаңында 

тұрғандығын, оны жүзеге асыру үшін, дүние жүзіндегі 

алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу үшін 

білім керек екендігін тағы бір еске салып өтті. 

Сарапшылардың пікірінше, бізге әлемдегі дамыған 30 

елдің қатарына кіру үшін ішкі жалпы өнімнің жан ба-

сына шаққандағы көлемі 60 мың доллардан айналуы 

тиіс екен. Әрине, бізде шикізат көздері, минералдық 

табиғат байлықтарымыз жеткілікті. Бірақ, біз енді 

басқа экономиканы орнатуымыз керек. Осы жолда 

үлкен білім керек. Дамыған елдердің қай-қайсысы 

болсын халыққа сапалы білім беруді алдыңғы қатарға 

шығарып отыр.  Мәселен, Финляндияда мектеп бітір-

ген түлектердің ең үздік деген 10 пайызы мұғалімдік

оқытушылық бағытқа икемделеді екен. Сингапурда 

мұғалімдер әр жыл сайын 100 сағаттық білім жетіл-

діру курстарынан өтеді. Өйткені, білікті кадрлар қай 

елде көп қалыптасса, сол елдің экономикасы үздік 

болып алға шығады. Сондықтан Германиядағы ду-

алды оқу жүйесін біз де өзімізде толық қолдануымыз 

керек, деген Елбасы Қазақстанда білім мен ғылымды 

одан әрі дамыту мақсатында «Болашақ» түлектерінің 

20 пайызы ғылымға қарай бет бұруда екендігін атап 

көрсетті.

Мемлекет басшысы елімізде ЭКСПО-2017 

көрмесін өткізу «жасыл» экономикаға өтудің 

бастапқы сатысы болатынын сеніммен мәлімдеді. 

Қазақстан Президенті ғы лым ның үлесі басым эко-

номика құру үшін ауыл шаруашылығы, медицина, 

аэроғарыштық индустрия, көлік саласындағы жаңа 

технологиялар секілді бағыттар перспективалы 

екенін атап өтті.

Әлемде ғарыш айлағына ие бес ел бар, соның 

бірі – Қазақстан. Уақыт пен кеңістікте ғарыш 

саласының әлеуеті шын мәнінде шексіз. Бірақ, 

ғарыштың қиянына көз сала отырып, біздер бәрібір 

дәстүрлі ұлттық көлік жүйесін дамытуға тиіспіз. 

XXI ғасыр – жерүсті, жерасты және жердегі ұшқыр 

көліктер дәуірі. Әлемде көліктің үздік зертханалар 

айналысып жатқан инновациялық түрлері табыла-

тын болады. Бізге де сондайды жасау керек, – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшы-

сы Қазақстан энергетикалық ресурстардың барлық 

түрінің бай қорына ие екендігін, бірақ солай болса да, 

жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту қажеттігін 

айтты.


Таяудағы онжылдықта көмір сутектер мен бейбіт 

атомға сұ раныс болады. Мамандардың бағалауынша, 

көмірсутек дәуірі әлі кемінде 50 жыл сақталады. Бірақ 

мұның бәрі энергияның бізге мәлім ашық түрлері. 

Көкжиектен арғыны көре білу керек. Мысалы, 

басқарылатын термоядролық синтез және сутегілік 

энергетика. Оның тиімділігі бізге белгілі энергия 

көздеріне қарағанда 40 есе артық. Бұл – қазірдің 

өзінде бірқатар елдерде енгізіле бастаған жасанды фо-

тосинтез, шоғырландырылған күн энергия сы. Осын-

дай әзірлемелермен отандық ғалымдарымыздың да 

айналысқанын қалаймын, – деді Нұрсұлтан Назар-

баев. Қазақстан Президенті «Болашақ» стипендиат-

тары мен түлектеріне келешекке негіз қалай отырып, 

перспективалы технологияларды әзірлеу мен енгізу 

жұмыстарына араласу қажеттігін атап көрсетті.

Алдарыңа үлкен міндеттер қойыңдар. Сен-

дер өз еңбектеріңнің жемісін жейтін боласыңдар. 

«Болашақ» бағдарламасы – сендерге мемлекет 

берген сенім несиесі. Мен сендерді, бағдарлама 

түлектері мен стипендиаттарын менің Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамы туралы идеямның бел сенді 

жақтаушылары ретінде қарастырамын. Естеріңде 

болсын, кім жұмыс істейді, сол ешқашан жастығын 

жоғалтпайды. Кім жұмыс істеуді қойса, ол отызында-

ақ қартаяды. Біз барлық нәрседе үлгі болуға тиіспіз. 

«Қазақстан-2050» – біздің ХХІ ғасырдағы ұлттық 

идея мыз. «Болашақтың» негізінде «Қазақстан-2050» 

қозғалысын құруды ұсынамын. Жаңа қозғалыс 

адамдарға еліміздің негізгі міндеттерін түсіндіруі ке-

рек. Әрбір азамат Стратегия ны, оның міндеттері мен 

мақсаттарын түсінуге тиіс. Барша қазақстандықтарға 

бірлік, топтасу және мақсатқа берік тік қажет. Соның 

барлығын жүзе ге сендер асыруға тиіссіңдер. Біз-

дің күшіміз – бірлікте, деген Мемле кет басшысы 

жалпыұлттық қозға лыс бүкіл қазақстандықтарды бір 

мақсат жолында жұмылдыру қажет екендігін, міне, сол 

үшін де халықтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын 

не үшін жүзеге асыратындығымызды айқын түсіну 

қажеттігін атап өтті.

Бұл Стратегия халықтың мыз ғымас бірлігі мен 

зор жауап кершілігін талап ететін үлкен емтихан. 

Сіздер жассыздар, біз өз ұлтымызды сыйлаймыз, 

ұлт 


тық құндылықтарымызды құрметтейміз, бізге 

ең бастысы бірлік керек. Сіздердің және сіздердің 

ұрпақтарыңыздың бірлігі керек. Біздің буын өзінің 

мойнына түскен ауыр жүкті тік көтеріп, тәуелсіздікті 

орнатты. Болашақта оны алып жүру сіздердің 

еншілеріңізге бұйырады. Осы сәтте еліміздің көпұлтты 

екендігін, бұл жағдайға ешкімнің де кінәлі еместігін 

естен шығармау керек. Ол үшін біз кеңдік көрсете 

білуіміз керек, деген Елбасы алдағы уақыттарда да 

ел босағасы берік, қуатты болу үшін үштілділіктің 

негізгі шарттардың бірі болып табылатындығын ай-

тып өтті. Мемлекеттік тілдің да мытылатындығын, 

орыс тілі арқылы көп нәрсеге қол жет кіз гендігімізді, 

қазір әлемде шы ғарылатын әр кітаптың 85 пайызы 

ағылшын тілінде екендігін еске салды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы жөніндегі 

ұлттық қозғалыс күллі халқымызды келелі істерге 

жұмылдыратын қуатты тетікке айналуы қажеттігін, 

әркім өз саласында нақты жұмыс істейтін болса, сонда 

жалпы еңбек бірге келіп ел көлемінде үлкен нәтиже 

беретіндігін ғибраттады.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманның сын-

қатерлеріне дайын болу қажеттігін атап өтті. Еліміздің 

табысты болуы әрқайсымызға байланысты, сендер де 

оның болашағының бір бөл ше гісіңдер. Баршаңызды 

алдағы мемлекеттік мерекемен – Тұңғыш Президент 

күнімен құттықтаймын. Бұл – халқымыздың жаппай 

бір ле суі күні. Мен әрқашан осылай болады деп кәміл 

сенемін. Біз өз топырағымызда 130 ұлттың өмір 

сүріп жатқанын мақтаныш ете міз. Халқымыздың ішкі 

бірлігі ар қасында біз барлық осынау көрсеткіштерге 

қол жеткіздік. Бар лық құндылықтарымызды сақ тай 

отырып, біз әлемнің бә секеге қабілетті елдерінің 

отыз ды ғы қатарына кіруге тиіспіз. «Қа зақстан-2050» 

Стратегиясы мін деттерін жүзеге асыра жүріп, біз 

өзіміздің ұлттық арманымызды орын даймыз, – деді 

Мемлекет басшысы.

«Болашақ»-біздің сенімді стратегиялық таңдауымыз»

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ:


7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23 (156), 

желтоқсан, 2013 жыл

Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен 

өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

Н.Ә.Назарбаев

ТУЫМЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК, ТІЛЕГІМІЗ – ТЫНЫШТЫҚ 

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!

***


Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті –

Аманат қой

Маған, 

Саған


Оған да!

Қалқаман САРИН

Тәуелсіздік 

Бейбіт күннің көре алмай жаққан нұрын бір демде,

Қазағымның жүрген кезі ед аса алмай дөңнен де.

Сол күндердің ызғырығын қобыздайын сарнаған,

Сан жүректі тырнап өткен бір мұңдылық бар менде.

Бүгінгі күн болса да шаттық сезіледі бір тымық,

Қиындық қанша болса дағы алды қайғы, арты үміт.

Сол бір күндер басылған мөрдей тұрар әрбір көңілде,

Желтоқсанның жалмап өткен ізіндей боп алқынып.

Қарамай ешкім көңіліне қара боп жатқан халықтың,

Әркімде ылғи сезілген еді нала боп жатқан анық мұң.

Қазақ деген ұлылықтың жүрегін кернеп, аршыған,

Күдік пен қайғы арпалысын қазіргі күні сан ұқтым.

Тәуелсіздік толғамы

Үміт пенен мақсат қостап, келдік те бүгін бұл күнде,

Халықты мынау жаныштайтын өткеннің мұзы жоқ мүлде.

Әйтсе де әлі тәуелсіздіктің жұрнағындай боп көрініп,

Сезіліп тұрар сол күндердің ызғарлы сызы әркімде.

Енді, міне, бүгінгі ұрпақ-жемісіміз еңбектің,

Жастар, біздің бірлігіміз қиындықты жеңбек мың.

Дәл қазіргі жарқын күнде күш-жігерім жететін,

Әр жеңісті еркіндіктің жалауы деп тербеттім.

Камшат ЖҰБАТХАНОВА

ФФ-нің 1-курс студенті


8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23 (156), 

желтоқсан, 2013 жыл

ЗЕРТТЕУ

Мұстафа Шоқай туралы жаңа 

құжаттар нені меңзейді?

2009 жылы С.-Петербордың мұрағатынан Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы жаңа 

құжаттар табылды. Бұл құжаттар Мұстафаның орыс императоры университетіне түсуі мен оқуы 

жайын, сондай-ақ Әлихан Бөкейханмен ашық әрі құпия байланысы болғанын анықтай түседі.

МҰСТАФА ПАРИЖГЕ МАСОНДАРДЫҢ 

ІЗІМЕН БАРМАДЫ МА?

Ғылымның барлық саласы сияқты тарихнамада 

да, әсіресе тақырып маңызды тарихи тұлғалар мен 

кезеңдер туралы болғанда, онда ұсақ-түйек дегеннің 

болмайтыны белгілі. Зерттелушінің тұлғасы мен 

сипаты дәл осы ұсақ-түйектерден құралады. 

Шағын ғана бір жайт 1920-1930 жылдарда темір 

шымылдық орнаған кезде Әлихан Бөкейхан мен 

Мұстафа Шоқайдың қалай байланыста болғанын 

анықтай түседі. 

Әлихан Бөкейхан Парижде тұрып жатқан 

Мұстафаға арнаған хатын жол жүріп бара жатқан 

қазақ әншісінің ұлтарағының астына салып 

жіберген және жауапты да осы жолмен алған! 

Кейін Мұстафаның өзі еске алғанындай, ол Әмірені 

Мәскеуге қайтуға әзер үгіттеп көндірген. 

Әр нәрсеге әуес келетін зерттеуші үшін осы 

жерде бірнеше сұрақ туындауы керек. Мысалы, егер 

олар эмиграцияға дейін бұл жайында келіспеген 

болса және олар осы уақытқа дейін байланыста 

болмаса, онда Әлихан Бөкейхан шәкіртінің 

Түркиядан асып Парижге келгенін қайдан білді? 

Келесі сұрақ: М. Шоқай мен Ә. Бөкейханды 

байланыстырған бір-ақ адам болды ма? Патшалық 

кезеңде П.Столыпиннің реакциялық үкіметі 

билеп-төстеп тұрған кезде Ә. Бөкейханның 

қатаң астыртын күрес мектебінен өткенін де 

ұмытпауымыз керек. 

Алаш көсемінің қызы Елизаветаның еске 

алуынша, шамамен 1930 жылдардың бірінші 

жартысында әкесі француздың «Фигаро» 

газетімен құпия байланысып, газет бетінде оның 

мақалалары шығып тұрған. Бұл жайында Лизажан 

(ұлт көсемі қызын еркелетіп осылай атаған) 

әкесінің немере туысы Сырым Бөкейхановқа айтып 

берсе, ол өз кезегінде осы жолдардың авторына 

әңгімелеп берді. 

Бірақ, Мұстафа Шоқай Парижге келгенде, 

ол қандай астыртын арналар, кім арқылы бұл 

байланысын үзбеді? Әрине, бұл жайдан-жай туып 

отырған сұрақ емес. 

Мұстафа Шоқай алдымен Түркияға өтті. 

Мұнда оның Үлкен Түркістан туралы идеясы 

қолдау табуы мүмкін еді. Бірақ ол мұнда қалмай, өзге 

елді де таңдамай, тура Парижге барып тұрақтады. 

Осы жай және Әлихан Бөкейханның француздық 

«Фигаро» газетімен байланыста болуы қалай 

болғанда да соңғысының орыс масондарының 

қатарындағы қызметімен байланысты емес пе? 

ХХ ғасырдың басында қайта көтерілген орыс 

масондарының С.-Петербордағы алғашқыда 

«Полярная звезда» («Темірқазық»), 1910 жылдан 

әрі қарай «Ресей халықтарының Ұлы Шығысы» 

және Мәскеудегі «Возрождение» ұйымдары 

француздардың «Ұлы Шығыс» масондық 

ложасының филиалы болғанын естеріңізге 

саламын. 

Ресейдің екі астанасындағы ложалар да 

француз «бауырларының» келісуімен және бата 

беруімен, француз өкілдерінің қатысуымен 1906 

жылы ашылды. Бұл масон қауымдастығының бүкіл 

әлемдегі міндетті ғұрпы болып табылады. 

Тағы бір жайт. И.Сталиннің тікелей 

нұсқауымен қазақ көсемі Әлихан Бөкейхан 1922 

жылы Мәскеуге кісенделіп жеткізіліп, СССР 

халықтарының орталық баспасының Қазақ 

секциясында қызмет етіп жүріп, 1923 жылы ол 

«Темірқазық» атты қазақша журнал шығара 

бастады. Қазақта Поляр жұлдызын «Темірқазық» 

деп атайды. Бұл кездейсоқ сәйкестік пе? 

Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлының 1925-

1926 жылдары бір-біріне жазған хаттарына үңілсек 

(қолға түскені 2-3 хат қана, қалғаны НКВД-ның 

қолына түссе керек), Мәскеуде тұрған Алаш көсемі 

Германияның елшілігіне еркін барып тұрған. Оған 

қоса, Ә.Бөкейханның 1922 жылғы желтоқсанда 

Мәскеуге кісенделіп жеткізілуі – келесі жылы 

Мәскеуде француз елшілігінің ашылуымен тұспа-

тұс келді. Ұстаз Әлиханның Парижде жүрген 

шәкіртімен және «Фигаро» газетімен осы елшілік 

арқылы астыртын байланысып тұруы да ғажап емес.  

«Барлық жұмбақтың сыры, ерте ме кеш пе, 

ашылады» деп Ә.Бөкейханның өзі 1905 жылы 

жазғандай, кез келген құпияның сыры ашылмай 

қалмайды. Алаш тарихына қатысты сұрақтар мен 

жұмбақтар аз емес. Олардың сырын ашу үшін, 

бәлкім, әлі ондаған жыл қажет болар.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет