Бағдарламасының 20 жылдық мерейтойымен құт тықтады және оның еге­ мен Қазақстан тарихына алтын әріп термен жазылатын беттердің бірі



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата31.01.2017
өлшемі7,31 Mb.
#3089
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Жастар штабы: «G-Global» 

коммуникативтік алаңында

Родина для человека счастье!

Родина для всех одна

Это горы, реки, степи, воздух!

Все это Родина моя!

Здесь поля прекраснее  всех на свете,

Здесь озера  чище всех,

Степи здесь  бескрайние родные

Есть начало, не найти конца!

Природа  здесь прекрасней  всех на 

свете,-

Видим солнце каждый день,



Видим мы закат багряный,

Вечер тихий и родной!

Родина для человека – «море» 

Море света, жизни и любви,

Море  счастья, верности, надежды,

Море  мира, доброты, семьи!

Ничего на  свете нет дороже,

Ничего на свете нет милей,

Чем родные горы, реки, степи

Нет на свете никакой  другой!

Родина для человека место,

Места нет которого родней,

Запах трав лесных, зеленых,

Шум деревьев и родной реки!

Нет на свете краше и милее,

Родины своей и мест родных!

Снег идущий, и, танцующий в полете,

Летний дождь, осенняя листва,

И весною оттепель прекрасна….

В мире не найдешь такого места,

И не будет никогда

Родней  и милей

Чем страна моя – 

Мой  Казахстан!



Екатерина ТЫЩЕНКО, 

Студентка, ФЖИП,  ЖР-12

Родина

қауымдастығы ассоциациясымен, 

болашақтықтар ассоциациясымен, 

студенттердің қазақстандық 

Альянсымен, «Нұр Отан» ХДП «Жас 

Отан» жастар қанатымен бірлесе 

қызмет атқару меморандумдарын 

бекіту;  Нобель сыйлығының 

иегерлерімен, қазақстандық және 

шетелдік ғалымдардың қатысуымен 

онлайн-конференциялар ұйымдастыру; 

Астана экономикалық форумына 

жастар қанаты және волонтер ретінде 

белсене қатысу.  

Л.Н.Гумилев атындағы 

ЕҰУ басшылығы «G-Global» 

коммуникативтік алаңын үйлестіру 

жұмысын басқарушылармен тығыз 

байланыс орнатқан. Университетімізде 

құрылғалы жатқан Жастар штабы 

жоспарлы түрде жүйелі жұмыс 

атқаратын болады. Штабтың 

бағдарламасы жасалып, бекітілді

материалдық-техникалық базасы 

құрылды; Л.Н.Гумилев атындағы 

ЕҰУ ресми сайтында «G-Global» 

бөлімі ашылды; бүгінгі күннің өзекті 

тақырыптары аясында виртуалды 

дебаттар мен онлайн конференциялар 

ұйымдастырылды; Астана қаласы мен 

Қазақстанның өзге аймақтарындағы 

жоғарғы оқу орындарымен 

меморандумдар бекітілді және 

тығыз қарым-қатынастар 

орнатылды; шетелдердің (мәселен, 

АҚШ-тың, Ұлыбританияның, 

Малайзияның, Германияның, 

Ресей Федерациясының және т.б) 

ЖОО-мен    және   мекемелерімен 

байланыс орнатылды. Аз ғана 

уақыт ішінде Штаб студенттердің, 

жас ғалымдардың әлемдік өзекті 

мәселелерді шешуде  қызығушылығын 

арттырып, белсенділігін жетілдіре 

түсті. Алдағы уақытта да Штаб ұжымы 

өз міндеттерін орындап, алға қойған 

мақсаттарын жоспарлы түрде жүзеге 

асырмақ, алдағы биік белестер мен 

асулардан өтіп, үздік жетістіктерге қол 

жеткізбек. 

Мақала соңында  студенттерді, 

жас ғалымдар мен сарапшыларды 

«G-Global» Жастар штабымен тығыз 

байланыс орнатуға, әлем мәселелерін 

бірлесе шешуге шақырамыз! «G-Glob-

al» коммуникативтік алаңына сіз де 

қосылып, бүкіл әлемді толғандырған 

мәселелер төңірегінде ойланып, 

өзекті істердің күрмеуін шешуге ат 

салысыңыздар дегім келеді.



Асхат СЫРЫМҰЛЫ, 

 Туризм мамандығының 

магистранты

платформаны енгізуді ұсынды. 

Аталмыш платформа, әлемдегі 

барлық елдердің дағдарыстан 

шығу жолдары мен шешімдерін 

 

іздестіретін, ұсыныстары мен 



пікірлерін білдіре алатын, соның 

ішінде, Бүкіләлемдік  дағдарысқа 

байланысты конференцияны өткізіп

оны жан-жақты талқылайтын G-

global коммуникативтік алаңы болып 

есептеледі. Дамыған елдер бұған дейін 

де өз күштерімен «G-8» және «G-20» 

секілді ұжымдық құрылымдар арқылы 

түрлі мәселелерді шешу алаңын 

ұйымдастырған болатын. Алайда, 

аталған ол жүйелер өз же¬місін 

соншалықты бере қоймады. Бұл туралы 

«V Астана экономикалық форумына» 

қатысушылар тарапынан  да көп 

айтылды. Жоғарыда аталған жүйенің 

ілгері жылжымауына бірден-бір 

себеп – әлемдік өнімнің жартысынан 

көбісін дамыған елдер емес, дамушы 

елдер өндіреді, сол себепті G-8, G-20 

одағы дамушы елдердің мүддесінен 

гөрі дамыған елдердің дамуына баса 

назар аударғандықтан да, одақтасудан 

соншалықты пайда көрмей, «G-8» 

және «G-20» ынтымақтастығының 

дағдарысқа қарсы жасалған 

бағдарламалары соншалықты пайдалы 

болмады. Дағдарыспен жұмыла 

күресу жолында тек біржақты және 

ілгері басушы елдердің талабымен 

жүру мүмкін емес. Әлемді шарпыған 

экономикалық күйзелістен құтылудың 

бірден-бір жолы – барлық тараптың 

қажеттілігі мен экономикалық әлеуеті, 

ішкі-сыртқы қарым-қатынасы ескерілуі 

керек.  Міне, сондықтан да мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«G-Global» жүйесіне қатысты 

жасаған ұсы¬нысы көпшіліктің 

қызығушылығын тудырып, кеңінен 


11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23 (156), 

желтоқсан, 2013 жыл

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Тіл туралы тебіренбеген ақын, толғанбаған 

жазушы жоқ шығар, сірә. Ана тілін ойламаған, 

туған тілінің тағдырына алаңдамаған 

әрбір адам, өз елінің ұлылығын ұқпаған 

мәңгүртпен тең десем артық айтқаным емес.

Менің туған тілім, анамның ақ сүтімен 

бойыма дарыған, бай әрі көркем тілім – қазақ 

тілі. Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын 

әрі өзімді бақытты санаймын. Себебі, ұлан 

ғайыр атырапты алып жатқан қазақ жерінің сан 

ғасырлық тарихы бар. Бабаларымыз найзаның 

ұшымен, білектің күшімен алып берген дархан 

даламызға қалқан болып, ұрпақтан-ұрпаққа 

жеткізу біздің парызымыз. Айбынды еліміздің 

мемлекеттік тілі – қазақ тілінің өркендеп қанат 

жаюына үлес қосу, кез-келген азаматтың 

борышы. Себебі, іргелі еліміздің өзге алпауыт 

мемлекеттермен иық тірестіруі үшін тіліміздің 

қарқынды дамуы маңызды. Бүгінгі таңда 

жастардың кез-келген қоғамдық орталарда, 

көліктерде ана тілімізді шұбарлап тұрғанын 

көргенде, іштей налыйсың. "Өзге тілдің бәрін 

біл, өз тіліңді құрметте" деп, Қадыр атамыз 

айтқандай, өзге тілді меңгеру заман талабы.  

Бірақ, қанша жерден өзге тілді меңгеріп, 

ана тіліңді білмесең, қасықтап жинаған 

абыройыңды шелектеп төккенмен тең. 

Мен әрқашан ана тілімнің өрісі кең болуын 

тілеймін. Әрбір адам ана тілінің қадір-қасиетін 

терең ұғына түссе, өз елінің ұлығын ұғынып, 

Ана тілім - Айбыным!

елінің болашағына немқұрайлы қармайды деп 

ойлаймын. Және де тіл мәселесінің қоғамда 

ойып орын алуы мен оңтайлы шешімін табуы, 

тікелей жастарға байланысты. Айбынды 

алашымыздың жалынды жастарын қазақ 

тіліміздің ертеңі бей-жай қалдырмайды деп 

сенемін! - дей келе өзімнің жүрекжарды 

жыр шумақтарымды ұсынғым келіп отыр.

Қазақ тілі - бабам тілі ардағым,

Тәуелсізсің орындалды арманың.

Рухы мықты қайсар ел қазақтың,

Тіл арқылы шежіресін  ұрпақтарға жалғадың!

Не көрмедің тілім менің мерейім,

Жолыңда сенің жанымды мен берейін.

Қазақ тілім бір өзіңмен елімді,

Жүректен шыққан жауқазын жырға бөлейін.

Ана тілім айбыным нық тірегім,

Тілді ойласам елжірейді ет жүрегім.

Тіл тағдыры жас ұрпақ өз қолыңда, 

Шұбарлама тіліңді деп тіледім.

Қазақстан, алтын ұя құт мекенім!

Мен бүгін жырдан мүсін белгі  етемін.

Жұдырықтай жүрегім соғып

                                                 тұрғанда,

Тілім сені қастерлеп мәңгі 

                                                    өтемін!



Айнагүл ТОҚТАХМЕТОВА, 

Журналистика және

 саясаттану факультетінің 1-курс 

студенті 

Теңге — азат елдің ныша-

ны, тұрақтылығымыздың сенімді 

серігі.    Ұлттық валютаның өмірге ке-

луі – еліміздің егемендік жолындағы 

экономикалық өрлеуін, тұрақтылығын 

қалыптастырудағы маңызды 

қадамдарының бірі болды. Биыл 15 

қарашада  тәуелсіздіктің тірегі төл 

ТЕҢГЕ міз дің  айналымға  енгізілгені-

не 20 жыл толды. Сондай-ақ, бұл күн 

қаржы саласында қызмет атқарып жатқан 

мамандардың  төл мерекесі!  

Экономикалық факультетінде 

төл теңгеміздің 20 жылдығына орай 

«Қаржы» кафедрасы апталығы бо-

лып өтті. 7 қарашадан бастап 16 

қарашаға дейін созылған бұл мерекелік 

апталық ойдағыдай ұйымдастырылды. 

ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗГЕ 20 ЖЫЛ!

Апталықтың ашылу салтанатын 

Экономикалық факультет деканы, э.ғ.д., 

профессор С.Б. Мақыш өзінің кіріспе 

құттықтау сөзімен бастады. Осы айтулы 

күні ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық 

талдау және статистика бөлімінің бас 

маманы Н.А. Симбаева «ҚР ұлттық 

валютасы Теңгеге – 20 жыл» атты 

дәрісін оқыды. Бұдан соң апталықтың 

ашылу салтанаты «Қаржы-31» тобы 

студенттерінің ұйымдастыруымен өткен 

мерекелік концертке ұласты. Осы күні ҚР 

Ұлттық Банкінің қолма-қол ақшамен және 

кассалық операциялармен жұмыс бойын-

ша бөлімінің қызметкерлері ұсынған мо-

неталар көрмесі ұйымдастырылды. Мо-

нета көрмесінде оқытушылар, студент-

тер, барша көрермендер мен қонақтар 

құны жоғары және жыл өткен сайын 

құндылығын арттыра түсетін монеталар-

ды тамашалап қана қоймай, сатып алуға 

мүмкіндік алды. 

8 қараша күні болып өткен дөңгелек 

үстелдің болашақ қаржыгерлерге бе-

рері мол болды. Дөңгелек үстелдің бас 

қонақтары  э.ғ.д., профессор Нұрымов 

Алданыш Арыстанғалиұлы, э.ғ.д., «Қаржы 

академиясы» АҚ профессоры Искако-

ва Зағира Дүйсембайқызы, сондай-ақ 

ҚазЭУ «Қаржы» кафедрасының жетек-

шісі, э.ғ.д. Б.Т. Аймурзина, ҚР Ұлттық 

Банкінің Орталық филиалы валюталық 

бөлімінің басшысы Ж.К. Байманова бол-

ды.  Елдің жарқын болашағы үшін  көп 

еңбек еткен, аңыз адамға айналған ел 

ағасы - Алданыш ағамен бетпе-бет 

кездесіп, өз аузынан мәліметтерді 

тыңдау – студенттер үшін үлкен қуаныш 

әрі жоғарғы баға жетпес құндылық. 

«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, 

э.ғ.д., Халықаралық Ақпараттандыру 

Академиясының академигі 

К.Ж.Садуақасова «Тәуелсіздік жылдары 

кезінде ҚР ақша жүйесінің қалыптасуы»  

тақырыбындағы қызықты дәрісін оқыды. 

Э.ғ.д., «Қаржы» кафедрасының про-

фессоры Н.К. Кучукова да өз дәрісінде 

тәлімгерлер үшін өте маңызды, құнды 

мәліметтер келтірді. Аталмыш дөңгелек 

үстелдің жастар, болашақ қаржыгерлер 

үшін мән, маңызы өте зор екені даусыз.   

11 қарашада «ЕА-22» және «Э-

22» топтарының арасында «Қаржы» 

кафедрасының доценті Л.З. Бейсенова 

мен аға оқытушы Н.М. Шыныбекова 

жоғары деңгейде ұйымдастырған «ҚР 

сақтандыру нарығы» атты іскерлік ойын 

болып өтті.  

«Қаржы» кафедрасының доценті, 

э.ғ.к. Ғ.Е. Керімбек бастаған «Қаржы-31» 

тобы кафедрамыздың 2-курс студенттері 

арасында ұйымдастырған «Қаржыгер 

– 2013» атты интеллектуалдық ойынды 

атап өткен жөн. Болашақ қаржыгерлер 

нағыз сайыс алаңында өздерінің бар 

алған білімдерін дәлелдеп,  қызықты да 

тартысты ойын көрсете білді. 

13 қарашада э.ғ.магистрі, «Қаржы» 

кафедрасының аға оқытушысы Г.С. 

Кодашеваның кураторлық «Қаржы-32» 

тобының студенттері, сондай-ақ э.ғ.д., 

профессор Л.М. Сембиева жетек-

шілік ететін   «Қаржыгер» клубының 

мүшелері «ХХІ ғасыр қаржыгері» атты 

интеллектуалдық сайыс өткізді. Көптеген 

сұрақтарға мүдірмей жауап берген 

сайысқа қатысушылар оқытушылар мен 

әділ қазылар алқасын қуантты.

Бас ғимараттың Күлтегін атриумын-

да э.ғ.к., доцент (қауымдастырылған про-

фессор),  Халықаралық Ақпараттандыру 

Академиясының академигі З.Қ.Есім-

ханованың монеталар көрмесі тама-

шаланды. 1993 жылдан бері монета-

ларды жинаумен әуестенген Зейнегүл 

Есімханованың жеке қоры тарихи дерегі 

мол энциклопедия іспеттес. әл-Фараби, 

Махамбет, Жамбыл, Қаныш Сәтбаевқа 

арналған, сондай-ақ ұлттық дәстүрден 

сыр шертетін «Қыз қуу», «Бесікке 

салу», «Тұсау кесу» сынды ескерт-

кіш монеталардың түр-түрін жинаған. 

Коллекционердің айтуынша, монета-

ны сату үшін жинамайды, керісінше, 

қайталанбас жәдігер ретінде сақтайды. 

Ең соңғы иемденгені – ҚР Ұлттық 

банкінің мерейтойға арнайы шығарған 

естелік монетасы. 

Қаржы апталығының ауқымды іс-

шарасы 15 қарашада өткен -  «Қаржы 

нарығының ЕурАзЭҚ бірыңғай 

экономикалық кеңістігіне ықпалдасуы: 

алғышарттары, жағдайы және даму 

жолдары» атты халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференция. Уни-

верситетімізге көптеген отандық 

және шетел ғалымдары келді. Атап 

айтсақ, э.ғ.д., профессор,  Қазақстан 

Ғылым Академиясының 

академигі 

Ғ.С.Сейітқасымов, Қолданбалы эко-

номиканы зерттеу орталығының бас 

ғылыми қызметкері, э.ғ.д., профессор 

А.Б.Зейнелғабдин, Мәскеуден келген 

э.ғ.д., Халықтар достығы Ресей универси-

теті «Қаржы және несие» кафедрасының 

профессоры Т.К.Блохина, Эстонияның 

Таллин қаласынан келген «Ecomen» 

экономика және басқару институтының 

ректоры, э.ғ.д., профессор, «Еуразиялық 

экономикалық клуб» Ассоциациясының 

төрағасы Х.З.Барабанер, М.В.Ломоносов 

атындағы Мәскеу мемлекеттік универси-

теті Қазақстандық филиалының Дирек-

торы, э.ғ.д., профессор А.В.Сидоров және 

т.б. Пленарлық мәжілісте ғалымдардың 

баяндамалары тыңдалды. Конферен-

ция секциялық мәжіліспен өз жалғасын 

тапты. Бұнда 3 cекциялық бағыт жұмыс 

істеді. «Жаһандану жағдайындағы 

қаржылық-несиелік жүйе модерниза-

циясы мен Еуразиялық экономикалық 

қауымдастық құрылымдары» атты  1-сек-

ция модераторлары э.ғ.д., ХАА академигі 

К.Ж. Садуақасова және э.ғ.д., профессор 

Н.К.Кучукова. «Еуразиялық интеграция: 

жетістіктері мен даму перспективала-

ры» атты 2-секция модераторы «Эко-

номика» кафедрасының меңгерушісі, 

э.ғ.д., профессор Р.А.Байжолова. 

«ЕврАзЭс елдерінің интеграциялық 

үрдістерін мемлекеттік реттеу» атты 

3-секция модераторы «Менеджмент» 

кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., про-

фессор Б.С.Толысбаев. Секциялық 

мәжіліс сәтті өтті. Конференцияға сырт-

тай және іштей қатысушылар қатары 

өте көп болды.  Халықаралық айтулы 

конференция болғандықтан, еліміздің әр 

өңірінен, сондай-ақ шетелдің көптеген 

жас ғалымдары ғылыми мақалаларын 

жіберген. Сөйтіп, баяндамалар 

тыңдалып болған соң, конференция 

жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен 

аяқталды. Аталмыш халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік конференцияның 

екі томдық баяндамалар жинағы жарық 

көрді. Жинақты шығаруға атсалысып, өз 

үлестерін қосқандар – э.ғ.м., аға оқытушы 

Ш.У.Ниязбекова және э.ғ.к., доцент 

Ғ.Е.Керімбек, сондай-ақ «Қаржы» кафе-

драсы меңгерушісі э.ғ.д., ХАА академигі 

К.Ж. Садуақасова бастаған барша кафе-

дра ұжымы.

Ұлттық валюта – егеменді еліміздің 

ұлттық болмысын танытып, елдігімізді 

ерекшелейтін басты құндылықтардың 

бірі. Сондықтан, төл теңгеміз өз мәнін 

жоймай, тұрақтылығын одан сайын 

нығайтып, әлемдік дәрежеде ең сенімді 

әрі тұрақты валюта ретінде мәңгілік жа-

сай берсін! 

Гүлім МҰХАТАЙ

«Қаржы-31» тобының студенті


12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23 (156), 

желтоқсан, 2013 жыл

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

 

ДИРЕКТОР – 



БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Базарбек ТҮКІБАЙ

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Серік  ОРЫНБЕКОВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ИП “Старков С.А.”

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, Қазақстан 

Республикасының Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс №2927

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5-үй, 

336 бөлме. Тел: 709485, 31325 (ішкі байланыс)

j.a.p.1971@.mail.ru

Pernebekova_ja@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Кезекші редактор: Мақсұтбек ОТАШЕВ

ӨНЕР

Студенттік шағым - бал шағым

Ғасырлар бойы арман еткен 

егемендікті қазақтың басына қонған 

бағы, астына орнаған тағы деуге 

болады. Алтайдан Алатауға дейін 

ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата 

– бабаларымыз тәуелсіздікті арман 

еткен.Тәуелсіздік – қазақ халқының 

бостандыққа ұмтылған асқақ 

армандары мен қайсар рухының 

жемісі. Сондықтан да Тәуелсіздік 

күні – ең қастерлі күн.  Осы 

атаулы мерекеге орай  Филология 

факультеті, ФҚТ– 31 тобының 

ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік 

аңсаған арман, жеткізген мұрат» 

атты мерекелік шара өтті. 

Аталмыш шара тәуелсіздіктің тәу 

еткен жанкешті батырлары мен 

қаһармандарын әйгілеп, етене 

таныту мақсатында болып отыр. 

Қазақстан Республикасының 

әнұранымен ашылған мерекенің 

тізгінін әрі қарай кафедра 

меңгерушісі Сарекенова Қарлығаш 

алып тәуелсіздік тарихынан сыр 

шертті. Одан соң көрермен 

назарына арнайы бейнебаяндар 

ұсынылды. Сан жылдар тарихын 

тереңнен толғап көрсетілген 

роликтер көрермен көкейіне 

тұңғиық ой салды. Соның әсерінен 

болар студенттер тарапынан да дара 

ой, саналы пікірлер ортаға салынды. 

Бұдан тарихымыздың сан қатпар 

Тәуелсіздік – аңсаған арман, 

жеткізген мұрат

толғамына жас буынның бей-жай 

қарамайтыны көрініп-ақ тұрды. 

Шараның екінші бір мақсаты 

– тұңғыш Елбасымыздың 

мәртебесін ұлықтау. Осы тұрғыда 

да жиналған студенттер мен 

қонақтарға көшбасшы өмірі және 

өрлеу сапары жайында біршама 

мәліметтер берілді: бейнебаяндар 

көрсетіліп, шолу жасалды. Ал әрі 

қарай тәуелсіздік жылдарындағы 

белді оқиғаларға тоқталынды. Кеш 

барысында студенттер қауымы өз 

өнерлерін ортаға салды. Бұрхан 

Жазира мен Зейнелқабдыл Асқар 

ән шырқаса, Аманқосова Сандуғаш 

арнайы өлең оқыды. Жырмен 

көмкеріп, әнмен күптелеген шара өз 

әсерін қалдырды. Кеш соңында топ 

жетекшісі Гүлбаршын Олжабайқызы 

сөз алып өз әсерімен бөлісті. Мұндай 

шаралар әрі қарайда жалғасын 

табар болса нұр үстіне нұр болар 

еді! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік 

болып, көк туымыз аспандай берсін!



Фариза ЖЫЛҚАЙДАРОВА, 

Филология  факультетінің  

3-курс студенті

17-қараша халықаралық 

студенттер күніне орай 

Халықаралық қатынастар 

факультеті, Түркітану 

кафедрасының Тк-11, Тк-12 

топтарында «Студенттік шағым 

– бал шағым» атты тақырыпта 

ашық тәрбие сағаты өтті.

Сабақтың мақсаты – енді 

ғана студент атанған жастарға 

студенттік шақты қалай 

өткізу керектігін ұғындыру. 

Куратор жеке өзінің студенттік 

тәжірибесі арқылы балаларға 

қызықты дәуреннің кілті  –

арадағы достық пен бірлікте 

екендігін айтты. Соның бір 

дәлелі ретінде оқытушы өзінің 

студенттік фотоальбомын 

көрсетті. Ол альбомда бірінші 

курстан бастап, төртінші курсқа 

дейінгі студенттік шақтың 

тамаша сәттері бейнеленген. Ары 

қарай сабақ сұрақ-жауап түрінде 

өрбіді. Студенттік шақтың көркі 

не, студенттің басты міндеттері 

қандай деген сұрақтарға әр 

студент түрліше жауап берді. 

Содан кейін студенттік шақтың 

көркі – гитарамен әндер 

шырқалды. Топ кураторының 

сүймелдеуімен, «Армандастар», 

«Алые паруса» әндері де 

көтеріңкі көңіл-күймен айтылды. 

Студенттер өз әзілдерімен 

бөлісіп, өлеңдер де оқыды. Сабақ 

соңына топ кураторы өзінің 

студенттік кездеріндегі тамаша 

көріністерін  слайдпен  ұсынып,   

М. Жұмабаевтың «Жастық 

деген бағасыз, қадірін білмес 

санасыз», «Жастық алтын, 

құрып қал салтын, Салты оның 

- үйрену» деген ұлы сөздерімен 

жастық шақтың қадірін біліп, 

бұл бақытты кезді тиімді өткізуге 

шақырды.  



Марлен АДИЛОВ,

Халықаралық қатынастар 

факультеті,

Түркітану кафедрасының 

оқытушысы

Еліміздің тәуелсіздігі күніне 

орай  «Алқа» әдеби клубының 

ұйымдастыруымен өткен қалалық 

студенттер айтысы осылай аталды.

Атам заманнан жалғасқан «сөз 

барымтасының» жілігін шағуға 

 

Астана қаласының 4 жоғарғы оқу 



орнының, атап айтсақ: Еуразия 

ұлттық университеті, Еуразия 

гуманитарлық институты, Астана-

Тұран университеті және Қазақ 

гуманитарлық заң университеттерінің 

студенттері суырылып келді.

Қазылар алқасының төрағасы әрі 

бас демеуші академик С.Қасқабасов 

болды. Сонымен қатар Р.Тұрысбек, 

Б.Имашев, Н.Омашев, К.Мыржықпай, 

Қ.Сарин да төреліктің төріне шықты.

Соңына ерген ақын інілерінің аяқ 

алысын байқап және қолдау білдіру 

үшін  М.Ниязов,  А.Тұрсынбаева,С.

Тоқтамысова,  Ж.Бұлғақов  та 

 

көрермен қатарынан орын алды.



Тек көрермен боп кетуге біз де, 

жас айтыскерлер де қоймасы анық 

еді: айтыс соңында ортаға шығып, 

 

Құлмамбет айтысын көрсетті бәрі де.



Шымылдықты Д.Қамзабекұлы 

мынадай алғы сөзбен ашып берді: 

«Елбасымыз  «ең бірінше құндылық - 

тәуелсіздік» деп айтқандай,тәуелсіздік 

болмаса бұрынғы жоғымызды 

түгелдей алмас едік.Тәуелсіздікке 

тағзым деп,төл өнерімізді бастайық».

Алғашқы сөз жарысын Алтынбек 

Сүйінбекұлы мен Сырым Әуезхан 

алған айтыста барлық қатысушылар 5 

жұпқа бөлінді.  Мейірбек Сұлтанхан 

мен Нұрғанат Қайратұлы студенттік 

өмірді жырласа,  Азамат Мәлжанбай 

мен Таңжарық Ержанұлы егемендікті 

арқау етті және де Данияр Алдаберген 

Аламан айтыс өтті

мен  Бек  Шматтың астарлы әзілдері 

жарасты , ал Нартай Тілеуқұлды «үнің 

үнсіз» деп әжуалайтын Ардакерей 

Кәпұлы  екеуі сөз түйінін ең бірінші 

бақыты – тілі екенін айтып аяқтады. 

Құнарлы ойлап, құнды сөйлеп жүзден 

жүйрік танылған М.Сұлтанхан мен 

Б.Шмат, Н.Қайратұлы мен  А.Кәпұлы 

бас бәйге үшін таласқа түсті.  Сайыс 

қорытындысы бойынша, үшінші 

орын Т.Ержанұлы мен Н.Тілеуқұлға 

бұйырды, екінші жүлдені Б.Шмат және 

А.Кәпұлы бөлісіп, біріншінің сатысына 

1 курс болса да суырыпсалмалық 

пен ой жүйрігін көрсете білген 

 

Н.Қайратұлы шықты.  Бас жүлдеге 



айтыс көрермендеріне кеңінен таныс 

М.Сұлтанхан ие болды. «Жігіттің 

екі сөйлегені - өлгені»:Мейірбек 

айтыс барысында уәде еткендей 

бас бәйгенің жүлдесін Нұрқанат 

інісіне сыйлады. Барлық айтыскерлер  

«Жәдігер» қоғамдық қоры мен 

«Сенім» кәсіподақ ұйымының бағалы 

сыйлықтарымен марапатталды.

Филология ғылымдарының  кандидаты 

С.Дүйсенғазиннің шақыртуымен 

кешке «Aйналайын», «Айтыскер» 

сайттарының және  «Қазақстан» 

Ұлттық арнасының өкілдері қатысып, 

«Қазайтыс» порталы тікелей эфирде 

көрсетті.



Таңшолпан ТӨЛЕГЕН,

Филология факультетінің 1 

курс студенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет