№ 23 (156),
желтоқсан 2013 жыл
www.enu.kz
Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
(Жалғасы 6-бетте)
1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ:
«Болашақ» - біздің сенімді
стратегиялық таңдауымыз»
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Мемлекет басшысы өз сө зін де форумға қатысушыларды «Болашақ»
бағдарламасының 20 жылдық мерейтойымен құт тықтады және оның еге
мен Қазақстан тарихына алтын әріп термен жазылатын беттердің бірі
екенін атап өтті.
"Бұдан 20 жыл бұрын, тәуел сіздіктің қиын дәуірінің бастапқы жылда
рында біздің лайықты болашағымызды көре білу әркімге бұйыра қойған
жоқ. Мен жаңа білім алып, елімізді алға апарулары үшін алғашқы стипен
диаттарды жібердім. Экономика күйреу жағдайында тұрды, іс жүзінде
барлық ірі өндіріс орындары тоқтап қалды. Инфляция бірден өсіп кетті,
жұмыссыздық көбейді. Ел «жабайы капитализмге» енді. Ол кезде біз
нарықтық қатынастарға жаңа ғана өте бастадық. Оның не екенін білген
дер аз еді. Тіпті ең тәжірибелі басқарушылардың жаңа экономикалық
және әлеу меттік процестерді қалай басқару, егемен мемлекетті қалай
құру туралы түсінігінің өзі бұлдыр болатын. Ол кезде елімізде жаңа
нарықтық экономикаға көшу жөнінен мамандар болған жоқ. Тәуелсіз
Қазақстанға халықаралық деңгейдегі сапалы білімі бар кәсіби кадрлар өте
қажет болды. Жекешелендіру жүргізіп, елімізге инвестиция тарту керек
болды. Бұл біздің сенімді стратегиялық таңдауымыз еді. Біз мұны, міне, 20
жылдан бері басшылыққа алып келеміз", деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті рес
публикамыз 15 жыл ішінде
«Қазақстан2030» Стратегиясын табысты іске асыра отырып,
таңданарлықтай нәтижелерге жеткенін, енді ең дамыған 30 елдің
қатарына кіру мақсатын алға қойып отырғанын айтты.
"Осы жылдар ішінде тақыр жерден серпінді даму баспалдағына
түскен шағын және орта бизнеске негізделген тиімді экономиканың не
гізі қаланды, деп жалғастырды сөзін Елбасы, Әлеуметтік салада да үлкен
өзгерістер орын алды. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі бірнеше
есе артты. Ғылым және білім беру саласында халықаралық стандарттарды
енгізе отырып, түбегейлі өзгерту мәселесі ойдағыдай жүзеге асырылуда.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің, ұлттық және жекемен
шік компаниялардың топ менеджерлерінің кәсіби буы ны қалыптасты.
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің құрамына кірді. Бұл
міндетті мен 2005 жылы қойған болатынмын. Осыдан бір жыл бұрын,
«2030Стратегиясының» орындалуына байланысты мен Қазақстанның
2050 жылдарға дейінгі Даму стратегиясын алға қойдым. Бұл мемлекет
өзінің алдына осындай ұзақ мерзімге арналған мақсат қойып, өз қызметінің
болашақ векторын айқындайтын әлемдегі ең озық мысалдардың бірі
болса керек. Біздің алдымызда жаңа мақсаттар тұр. 2050Стратегиялық
бағдарламасындағы басты міндет – еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің
Өткен қараша айының аяғында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Болашақ» халықаралық
бағдарламасының 20 жылдығына арналған форумы өткені белгілі. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
қатысып, сөз сөйледі.
Аталмыш форумға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан
Сыдықов бастаған профессор-оқытушылар құрамы және «Болашақ» бағдарламасының түлектері
қатысты.
Айта кету керек, бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-і мен оның студенттері «Болашақ»
халықаралық бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысуда. Соңғы жылдары Еуразия ұлттық
университеті Қазақстан Республикасының барлық ЖОО арасында стипендиаттар саны бойынша
көш бастап келеді.
Тәуелсіздіктің қазақ тарихында алатын орны
өзгеше. Биыл Тәуелсіздігімізге 22 жыл толып отыр. Бұл
мерейлi меже ел мәртебесiн танытатын өре мен өлшем
өнегесi, ұлтымызға ұйытқы болатын тағылым тұғыры,
қоғамымыздың қат-қабат ағымындағы орасан, серпiндi
оқиға. Ұлтымыздың мемлекетшiл парасаты, жаужүрек
батырлығы, кемел қолбасшылығы, көреген қайраткерлiгi
мен сұңғыла бiтімгерлiгi тәуелсіздігімізді нығайта түсті.
16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған
күн. Сол күні көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. Содан
бері 22 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар
белесінде Қазақстан білімі мен ғылымы, экономикасы
қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз
жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем
таныған іргелі мемлкетке айналдық. Ғасырлар бойы
арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы
деуге лайық. Қазақ елі талай белестерді бағындырды.
Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа
азаттық таңын сыйға тартты. Осылайша күллі жаһанға
қазақтың қайратын, айбынын танытты.
Мемлекет басшысының тікелей араласуымен
Қазақстан тарихшыларына үлкен міндеттер жүктеліп
отыр. Бұл - заңдылық. Өйткені 20 жылдан астам уақыт
бойы біз дербес, Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз.
Тәуелсіз елдің азаматтары да қалыптасты. Санамыз
да тәуелсіз. Олай болса, тарихымызға да қайтадан,
тәуелсіздік тұрғысынан, тәуелсіз сана тұрғысынан қайта
қарау объективті қажеттілік. Бір кездері қазақ тарихын
терең зерделеуге мүмкіндік болмай, кейбір ұлттық
мүдденің фактілері бұрмаланып көрсетілді. Сондықтан
да, Қазақстанның ұлттық тарихын тереңінен зерделейтін
уақыт жетті.
Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті –
Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу
орындарының бірі. Бұл да Тәуелсіздіктің арқасы.
Университеттің білікті оқытушы-профессорларының
үлкен ізденісі студент-жастардың ұлттық-мәдениетiне,
рухани-адамгершiлiгіне, эстетикалық және отансүйгiштiк
тәрбиесiне оң әсер етуде. 2010 жылы QS World Uni-
versities рейтингтік агенттігінің нәтижесі бойынша
қазақстандық ЖОО арасынан әлемнің үздік 500 топ оқу
орны қатарынан көрінген алғашқы оқу ордасы. 2012
жылы аталмыш рейтингіде 369 орынға табан тіреді.
Былтыр университетіміз «Қызмет көрсететін үздік
кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын
сапа» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл жұмыла
көтерген жүктің жеңіл болатынын байқатты.
Құрметті оқытушы-профессорлар құрамы, сала
қызметкерлері, студент-жастар! Сіздерге Тәуелсіздік
күні қарсаңында ғылымдағы еңбектеріңізге жеміс,
шығармашылық жолда шалқар шабыт пен толағай табыс
тілеймін.
Ректор
,
Ерлан СЫДЫҚОВ
ТӘУЕЛСІЗДІК – ӨРЕ МЕН
ӨЛШЕМ ӨНЕГЕСI
МӘРТЕБЕ
Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті
Мұражайында «Тіл жанашыры-2013» Құрмет белгісімен
марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша,
облыс әкімдері және еліміздегі қоғамдық бірлестіктер мен
ұйымдар марапатқа 100-ге жуық үміткерді ұсынған. Оның
ішінен 27 үміткер таңдалып алыныпты. Бұл марапатқа ие
болғандардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті Журналистика және саясаттану факультетінің
деканы, профессор Сақ Қайрат Өмірбайұлының да болуы біз
үшін мәртебе! Қайрат Өмірбайұлы көптеген басылым беттері
мен телеарналарда мемлекеттік тіліміздің дамуына белсенді
түрде ат салысып келеді. Біз алаштанушы ғалым, ұстаз Қайрат
Өмірбайұлына шығармашылық табыс тілейміз!
2
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 23 (156),
желтоқсан, 2013 жыл
Үздік ғылыми жобалары үшін
«Инвест-бәйге» байқауының жеңімпазы
АҚПАРАТ АЙДЫНЫ
«Инвест-бәйге» байқауының
финалында жаңашыл идея
тудырушылары өздерінің «стар-
тап» бастамаларын (енді ғана
құрылғалы жатқан немесе жаңадан
ашылған бизнес-жоспарлар) қар-
жыландыру үшін бақ сынасты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша,
«Инвест-бәйге» байқауына әр түрлі
қалалардан 240-тан астам өтінім келіп
түскен, нәтижесінде инвесторларға
20 шақты жоба ұсынылды.
Жоба авторларына нақ
солардың идеялары қаржы жұмсауға
тұратындығын дәлелдеу үшін небәрі
жеті минут берілді. Ұсынылған
бизнес-жоспарлар әр түрлі бағытты
қамтыды: қызмет көрсетуден бастап
жел энергетикасына дейін. «Инвест-
бәйге» қатысушылары өздерінің
жобаларына сұраған қаржы сомасы
да айтарлықтай көп мөлшерде
болды. Біреулерге ұлттық суреттер
бейнеленген балалар пазлын жасап
шығару үшін теңгемен есептегенде
бір миллиондай мөлшерде қажет
болса, енді біреулерге өз зауытын
ашу үшін миллион АҚШ доллары
қажет екен.
Солардың ішінде Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ-дың технологияларды
коммерциялау кеңсесі үш бірдей
жобаны ұсынуды жөн деп тапты.
Атап айтқанда, «Қазақстандық
арамшөптен өнім шығару» (ғылыми
жетекшісі К.Н. Сәрсенбаев), «Ауыр
электрлік разряды бар суларды
зарарсыздандыру мен тазартудың
нанотехнологиялық әдісі» (ғылыми
жетекшісі Б. Утегулов), «Сүт-ет
бағытындағы жаңа жылқы зауытын
құру» (ғылыми жетекшісі Мұрат
Нұрышев) жобасына «Avanta
Capital» компаниясы атынан
инвесторлық ұсыныс түсті.
«Инвест-бәйге» байқауының
нәтижесінде жеңімпаздар анық-
талды. Тұтынушының өз қалауынша
кез келген жазу немесе сурет
ойып жасалынатын былғарыдан
жасалынған қойын дәптерін шығару
жөніндегі жобаның авторы Тимур
Ақтаев жеңімпаз атанды. Ол 750
мың теңге көлемінде ақшалай және
заң, технологиялық қызметтері тегін
көрсетілетін сертификатқа ие болды.
Ұйымдастырушылардың бірі
Дәурен Қайсаровтың айтуынша,
финалға шыққан жобаларды
бағалауға 15-ке жуық инвесторлар
атсалысты.
Гран-приді жеңіп алды
Әскери кафедрадағы кездесу
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
"Дала сазы" халық аспаптар оркестрі 2013 жылдың 22-24
қарашасында Көкшетау қаласында жас әншілер мен орындаушы-
аспапшылар арасында өткен «Жұлдыз достарын шақырады»
атты республикалық байқауында Гран-при иегері атанды.
ЕҰУ-дың физика-техника факультетінің студенті Әсет
Мұртазин және жаратылыстану ғылымдары факультетінің
студенті Екпін Әділбек «Домбыра» номинациясы бойынша ІІ
дәрежелі дипломмен марапатталды. Ансамбль жетекшісі Әйгүл
Жайлауқызы Сағатова бастаған барлық қатысушылар байқауға
қатысқандары туралы сертификатқа ие болды.
Еуразия ұлттық университетінің
ғалымдары Астана қаласындағы
Оқушылар сарайының жоғары
сынып оқушыларымен бірлесе
ғылыми жобаларды жүзеге
асырып келеді. Қолданбалы химия
институтының директоры, х.ғ.к, PhD
Ерлан Сүлейменнің жетекшілігімен
№38 мектептің оқушысы Нәби
Темірлан Гран-приге ие болса, ал
№68 мектептің оқушысы Жанбота
Мұсабаева «Орта және жоғары
сыныпта оқитын балаларға арналған
интерактивті «Тұздар» атты
әдістемелікті жасау» жобасы үшін –
ІІІ орын алды.
Бұл ғылыми жұмыстар Астана
қаласының Оқушылар сарайында
2 жыл ғана жұмыс істеп жатқан
Қолданбалы химия институтында
орындалды. Сонымен қатар Ерлан
Мэлсұлы Сүлеймен Оқушылар
сарайы атынан үлгілі-оқу зертхана
жұмысы үшін Құрмет грамотасына
және ақшалай сыйлыққа ие болды.
ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері Әуе қорғанысы
күштері Бас штабы бастығының орынбасары, жедел тактикалық
пәрмен беру басқармасының бастығы, полковник А.А. Ибраевпен
кездесті. Кездесуде еліміздің Әуе қорғанысы күштері туралы сөз
болды. Әңгіме барысында айтылғандай, «Жоғары білім ордасындағы
әскери кафедраның түлектері әскери мамандықтар бойынша жұмысқа
орналасу мүмкіндіктері бар және келісім-шарт бойынша әскери
қызметке қабылдануы мүмкін»,- деп атап өтті өз сөзінде полковник
А.А. Ибраев.
Накануне Дня Независимости,
главного национального
праздника, в рамках празднования
юбилея, посвященного 85-летию
выдающегося киргизского писателя,
народного писателя Казахстана
Чингиза Айтматова, 11 декабря
2013 года преподавателями кафедры
русской филологии Мухамедьяровой
Ф.Ж. и Азкеновой Ж.К. проведено
Казахстан – сердце Евразии!
мероприятие на тему: «Вселенная
Чингиза Айтматова».
По данным ЮНЕСКО,
Айтматов – один из наиболее
читаемых современных писателей
мира. Рассматривая, его биографию
и творчество, особое внимание
уделили великой идеи евразийства,
дружбе наций, языковым
особенностям романа "И дольше
века длится день", который целиком
посвящен нашей стране.
На примере творческого пути
великого киргизского писателя, мы
попытались донести до студентов
философскую мысль: жизнь —
человеческое бытие — свобода
— мир — будущее человечества —
вот эти ступени, складывающиеся в
единую и единственную лестницу,
по которой настоящий создатель и
хозяин жизни Человек поднимается
“все вперед! и - выше!”. Он, главный
герой Чингиза Айтматова, лично
ответствен за все, что, было, есть
и будет, что может случиться с
людьми, Землей, Вселенной. Он —
человек дела и человек напряженной
мысли.Пристально рассматривает
свое прошлое, чтобы не допустить
просчета на трудном пути,
пролагаемом всему человечеству.
Он озабоченно всматривается в
будущее. Таков масштаб, которым
руководствуется писатель и в
подходе к современному миру, и в
изображении своего героя, осмысляя
их во всей их многозначности.
Студенты 1 курса по
специальностям «Востоковедение»,
«Геодезия и картография»
подтвердили актуальность
тематики произведений Чингиза
Торекуловича Айтматова, с
интересом вспоминали рассказы,
повести, романы, фильмы,
поставленные по его произведениям.
По словам студентов, каждый
человек, любящий свою Родину,
особенно такую многонациональную
как наш Казахстан, сердце Евразии,
где проживают представители более
ста национальностей и народностей,
должен стремиться знать историю
своего народа, своей страны, а
произведения великого писателя
– это частичка истории, они очень
близки духу нашего народа, и, легко
читаемы.
Ж.К. АЗКЕНОВА,
Старший куратор кафедры
русской филологии, магистр
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінде Дариға
Назарбаеваның төрағалығымен
әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі
Мәжіліс комитетінің көшпелі
отырысы болып өтті. Онда түркі
әлеміндегі көне әліпбиі – руна немесе
сына жазуын атап өту мәселесі сөз
болды.
Түркі жұрты әлемдік
өркениетінің ұлы мұрасы
саналатын көне жазу үлгілері
терең зерттелгенімен, мемлекеттік
деңгейде құрметтелмей отырғанын
2009 жылдан бері айтылып келеді.
Руна немесе сына жазуының күнін
жыл сайын өткізіп тұру жөніндегі
ұсыныс Үкіметтің тарапынан осыдан
үш жыл бұрын құпталған, алайда ол
жүзеге асырылмай отыр.
Сына жазуының тарихы
VІІ ғасырға сәйкес келеді. 37-38
әріптен тұратын бұл жазу түркі
фонетикасына барынша үйлесімді
болды. ХVІІ ғасырда Петр І қыз-
Сына жазуы күнін атап өту –
ұлттық қажеттілік
метінде болған неміс ғалымы
Д.Миссершмид Енесей өзенінің
бойынан тап
қан тағы бір руна-
сына жазуы Скан динавияның көне
жазуына ұқсас еді. 1889 жылы дәл
осындай жазуды орыс ғалымы
Н.М.Ядринцев Солтүстік Моң
ғо-
лиядағы Орхон өзенінің аңғарынан
тапты. Биік қаракөк тастағы жазу
түркологтарды таңқалдырды.
Талайлар қызыға зерттеді, бірақ
кілтін таба алмады. Бағзы жазудың
сырын дат ғалымы В.Томсен ашты.
Оның оқып анықтаған мәтінін
академик В.Радлов 1894 жылы орыс
тіліне аударып, латын әліппесімен
берді. Тағы бір түрколог, әлемге
мәшһүр Бартольд осы сына жазуын
ғаламдық мәдениеттің жоғары
сатысына теңеді. Бұл жазудың
кең тарағаны сонша, жүз елуден
астам ескерткіште кездеседі. Осы
көне жазбалар қазақ ғалымдары
М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожа
жаса
ған түркі жазуларының
антологиясында жинақталған.
Міне, осы Кириллицадан да көне,
кейбір білікті түркологтар анықтаға-
нын
дай, грек-славян әліпбиіне
негіз бол
ған руна-сына жазуын
мемлекеттік деңгейде қастерлей
алмай келеміз. Оны мектептен оқып-
білу де терең ойлас
тырылмаған.
Мұндай самарқаулық - рухани са-
ладағы елеулі олқылық. Қазақстан
Рес публикасында Сына жазуы күнін
жыл са йын атап өту - аса маңызды
ұлттық қа жеттілік. Біз осыған қол
жеткізіп, содан кейін Түркітілдес
мемлекеттердің
ын тымақтастығы
жөніндегі кеңес, Ха лықаралық түркі
академиясы, ТҮРКСОЙ секілді
беделді ұйымдар мен ғылыми
орталықтар арқылы бүкіл түркі жұр -
тының бірігіп өткізуіне ұйытқы
болсақ, төл әліпбиіміздің, руна-сына
жазуының әлемдік маңызы арта
түсер еді.
Жуырда оқу орнымызда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен
«Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен
«Әлемдік өркениет құндылықтары жүйесіндегі Батыс Түрік
қағанатының мұрасы» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шарада
тұңғыш рет түрік қағанатының тарихында орын алған оқиғаларды
тұшымды деректермен сәтті келтірген туынды жарық көрді. Еңбекте
алғаш рет Балқаннан Алтайға дейінгі аралықтағы Батыс түріктер
туралы көптеген жазба, бейнелеу өнері, археологиялық дереккөздер
жинақталған.
Конференция мақсаты – қазақтың этникалық мәдениетіне әсер
еткен тарих қойнауындағы маңызды кезеңдерді, сондай-ақ, жалпы
әлемдік құндылықтардағы заманауи Қазақстанның мемлекеттілігін
бағалау. Рухани-материалдық мәдениеттің дамуына түрік мәдениетінің
тигізген әсерін зерттеу.
Жиынға университетіміздің ректоры, профессор Ерлан
Бәттәшұлы, академик М.Жолдасбеков, тарихшы З.Қабулдинов тағы
басқа ғалымдар қатысып, дәйекті ойларын ортаға салды.
Балқаннан Алтайға дейінгі тарихты
түгендеген шара
3
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 23 (156),
желтоқсан, 2013 жыл
Мәскеудегі конференцияға қатысты
АҚПАРАТ АЙДЫНЫ
Жағымды жаңалық қашанда жан жадыратады: Тәуелсіздік
күні мерекесі жақындаған сайын игі шаралар елімізде ғана емес,
сонау шет жерде де кеңінен аталып өтілуде. Соның бір дәлелі:
Польша мемлекетінің Кельце қаласының әсем «Odyssey Club Ho-
tel» ғимаратының қабырғасында сәулетші Куц Вовжинец пен
Польшаның бірінші астанасы Краков қаласына білім алуға барған
университетіміздің экономика факультетінің оқытушысы Г.Қ.
Абдраманова мен сәулет-құрылыс факультетінің магистранты А.
Аппасова бірлесіп, «Қазақтың ас дәстүріне саяхат» атты салтанатты
кеш ұйымдастырды.
«Аталмыш шараның басты мақсаты – екі ел арасында қалыптасқан
тығыз мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайту, қазақтың біртума
дәстүріне саяхат жасап, жергілікті тұрғындарды еліміздің ұлттық тағам
мәдениетімен тереңірек таныстыру, көпшілікке дәм таттыру болды», -
дейді шараны ұйымдастырушылар.
Тағы бір айта кететін жәйт, қазақтың ұлттық тағамдары
«Бесбармақ», бауырсақ, қазы, қарта кештің шарықтау шегіне айналды.
Оны әзірлеуге польшалық және ұлыбританиялық бір топ аспазшылар
мен еліміздің «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп
жатқан қандастарымыз еңбектенді.
Кешке ҚР-дың Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің
кеңесшісі Асқар Абдрахманов қатысып, ұйымдастырушылар әйгілі
«Дос-Мұқасан» тобы шырқап жүрген поляктың «Сұлу қыз» әнін
орындады. Бұл ән кешке қатысушы өнер сүйер қауымнан үлкен қолдау
тауып, аяғында екі тілде (қазақ-поляк) қатар шырқалды.
Сондай-ақ, шара барысында қонақтар назарына қазақ жері
туралы шағын бейнебаян ұсынылып, ерлі-зайыпты Куц Вовжинец
пен Куц Сабинаның «Қазақстан-еуропалықтар көзімен» атты жеке
шығармашылық көрмесі тамашаланды.
Кештің әуендік нақышын толтыруға Польшадағы «Барыс» қазақ
жастарының қоғамдық бірлестігі мен бүгінде Польшада оқып жатқан
бір топ қазақтың өнерлі жастары қолдау көрсетті.
Баспасөз қызметі
Жан жадыратқан
жаңалық
Шығыстану кафедрасының
меңгерушісі, филология
ғылымдарының докторы
С.А. Болатова және аталмыш
кафедраның профессоры, тарих
ғылымдарының докторы Т.З.
Қайыркен Мәскеу қаласында
өткен «XXI ғасырдың
басындағы Азия мен Африка
картасындағы геостратегиялық
өзгерістер» атты халықаралық
ғылыми конференцияға
қатысты. Конференция Мәскеу
қаласындағы Ресей ғылым
академиясының Шығыстану
институтының базасында өтті.
Біздің профессорлар «Ближний
Восток и Северная Африка:
новые вызовы и пути развития»
және «Японо-американское
сотрудничество в области в
области безопасности: реалии
и региональные вызовы» атты
тақырыптарда баяндама жасады
Конференция жұмысы екі
секция бойынша өтті: «Таяу
Шығыс және Солтүстік Африка»
және «Шығыс, Орта, Оңтүстік
және Оңтүстік-Шығыс Азия».
Конференцияға қатысушыларға
Ресей ғылым академиясының
Шығыстану институты
директорының орынбасары,
тарих ғылымдарының докторы
В.Я. Белокреницкий құттықтау
сөз сөйледі.
Анықтама. Ресей ғылым
академиясының Шығыстану
институты (РҒА ШИ) — Ресей
ғылым академиясының Азия
мен Солтүстік Африка жайлы
кешенді зерттеу жүргізетін
ғылыми-зерттеу орталығы болып
есептеледі. Институт директоры
— тарих ғылымдарының
докторы, профессор, РҒА-
ның корреспондент-мүшесі
Виталий Вячеславович Наумкин.
Институт алғашында 1818
жылдың қазан айында Санкт-
Петербург қаласында патшалық
ғылым академиясының
жанындағы Азиялық мұражай
деген атпен негізі қаланған.
Институттың алғашқы ғимараты
Санкт-Петербургтегі патшалық
ғылым академиясының сирек
кездесетін заттары сақталатын
бөлмеде сол кездегі академияның
президенті, граф С. Уваровтың
өтініші бойынша ашылған. 1930
жылы Кеңес дәуірі кезінде ғылым
академиясында шығыстану
мекемесі Азиялық мұражай,
буддистік мәдениет институты
және түркітану кабинетінің
қосылуы арқылы КСРО Ғылым
академиясының Шығыстану
институты болып қайта
құрылды және оның алғашқы
директоры С. Ф. Ольденбург
болды. 1950 жылдан бастап
институт Мәскеу қаласында
орналасқан. 1960-1970 жылдары
Азия халықтарының институты
деп аталды. Санкт-Петербург
қаласындағы институттың
филиалы 2007 жылы РҒА-ның
шығыс жазбаларының институты
деген атпен жеке институт болып
құрылды.
Биыл «Жас тұлпар»
қазақ жастары ұйымының
құрылғанына 50 жыл толып
отыр.
Мызғымайтындай
көрінген Кеңес Одағының
шаңырағының ортасына түсуіне,
социалистік жүйенің қирауына
қазақ жастарының қосқан үлесі
зор. Ал сол жастардың санасын
серпілтіп, болмысын оятқан
Алаш зиялыларының күрес
жолын жалғастырған «Жас
тұлпар» қозғалысы болғанын
екінің бірі біле бермес.
Тәуелсіздік мерекесі
қарсаңында «Жас тұлпар»
жастар қозғалысын ұрпақ
санасына сіңдіру, тарихи
жәйттерді ұмыт қалдырмауға
бағытталған бірқатар елеулі
іс-шаралар өтуде. Соның
бірі де бірегейі біздің оқу
орнымызда «Жас тұлпар»:
Дәстүр сабақтастығы» деген
атаумен республикалық ғылыми-
практикалық конференция
өтті. Шара аясында аталмыш
ұйымның мүшесі болған, белгілі
қаламгер Әміржан Әлпейісовтің
«Жас тұлпар дүбірі» кітабының
тұсауы кесілді. Жиынға кіл игі
жақсылар жиналып, өздерінің