Бағдарламасының 20 жылдық мерейтойымен құт тықтады және оның еге­ мен Қазақстан тарихына алтын әріп термен жазылатын беттердің бірі



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата31.01.2017
өлшемі7,31 Mb.
#3089
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ,

«Алаш» мәдениет және рухани даму 

ғылыми институтының директоры,

PhD доктор.

(Соңы. Басы өткен санда.)

Алаш автономиясы Совет билігін мойындауға 

мәжбүр боларының қарсаңында және Қазақстанға 

бәлшебектік билік орнатылған соң да, басқа 

халықтардың көсемдері шетелге тым-тырақай 

қашқанда, Алашорда төрағасы Ә.Бөкейхан 

неге кетпеді?  деген сауал күн көтеріліп, оған 

осы күнге дейін тиянақты жауап табылған жоқ. 

Себебі, Алашорда автономиясын бастаған 

1917-1919 жылдары Алаш көсемі айтарлықтай 

қуатты ұлттық милицияны (армияны) құрып, 

ақтар қозғалысымен одақтаса отырып, 1919 

жылдың соңына дейін бәлшебектердің қызыл 

армиясына кескілескен қарулы қарсылық көрсетті, 

1917 жылдың желтоқсанында және одан кейін 

бәлшебектердің көсемі В.Ленинді билікті басып 

алғаны, бүкілресейлік Құрылтай жиналысын қару 

қолданып қуып таратқан үшін ащы әшкерелеп, 

қазақ коммунистерін соттау үшін арнайы сот 

құрды. Демек, ешбір қарсылық та көрсете алмай 

Қоқан автономиясы құлаған Мұстафа Шоқайға 

қарағанда, оның ұстазы әрі Алаш көсемі Әлиханның 

шетелге қашуға себепті де, негіз де әлдеқайда көп 

болатын. 

Түркістан мұхтариатының немесе Қоқан 

автономиясының тарихына тоқталған да қазіргі 

шоқайтанушылар, қасқана ма әлде білмегендігінен 

де, кім білсін, әйтеуір автономияның төрағалағына 

(премьер-министрі) алғаш Мұхаметжан 

Тынышбайұлының сайланғанын бірауыз сөзбен 

ғана атап өтеді немесе тіпті «ұмытып» кетеді. 

Тынышбайұлы қандай маңызды мәселе бойынша 

Шоқаймен ортақ пікірге келе алмады, министр 

Шоқаймен келісе алмаса, министр емес, неге 

автономия төрағасы биліктен кетуге тиіс еді? 

Осындай сауалдарға жауап іздеген зерттеуші бар 

ма екен?

Зерттеушілер қаперіне алмай келе жатқан 

тағы бір маңызды мәселе: М.Шоқай Қоқан 

автономиясы құлаған 1918 жылдың ақпанында 

дереу шекара аспай, әрбір күннің тарихи маңызы 

болған 1919 жылдың көктеміне дейін елде 

қалды, Алашорда үкіметінің мүшесі әрі үкімет 

төрағасы Әлихан Бөкейханның жақын үзеңгілесі 

әрі сенімді өкілі ретінде Томскі, Самар, Омбыда 

жанына серік болып жүрді. Оның үстіне Қоқан 

автономиясын құру саяси ұстаз (Әлихан) бен 

шәкірттің (Мұстафаның) саяси қулығы, ортақ 

тактикасы болмаған күнде, Алашорда көсемі 

Түркістан мұхтариатын құрған Мұстафаны 

жанына жолатпауға тиіс емес пе еді?!  Яғни ұстаз 

бен шәкірттің көзқарастарынан қарама-қайшылық, 

жік «іздеу» – санаға қонбайды. 

Ал енді Мұстафаға шекара ас, Парижге барып 

орнығып ал деп кеңес, кеңес емес-ау – тапсырма 

берген кім болуы мүмкін? Оның елден астыртын 

қашуын кім ұйымдастырды, кім басшылық етті? 

Мұндай жұмбақ қамқоршы Мұстафаны шетелге 

қандай маңызды мақсат-мүддені аманат етіп 

арқалатып жөнелтті? М.Шоқай өзін құшақ жая 

қарсы алатын және өзінің «Үлкен Түркістан» 

идеясына кең қолдау табуы мүмкін Стамбұлға емес, 

неге Парижге табан тірейді? Бұл сұрақтардың 

бәріне әзірге «Мұстафаны Батысқа қазақтың 

«батысшыл» зиялысы жөнелтті» деген бірден-бір-

ақ жауап тіленіп тұр.

Ал енді М.Шоқайдың Батысқа (Париж, 

Франция) батыр табан тіреуінің незігі мақсатына 

келсек, НКВД қызметкерлерінің 1922 жылы 23 

желтоқсанындағы «аса құпия баяндамасында» 

атап көрсеткеніндей, Мұстафа Парижге  қазақтың 

Алашорда автономиясының Ұлттар Лигасындағы 

өкілі ретінде аттанды деуге толық негіз бар.  

Ал оның Париждегі кезеңінде де талай сыр бар. 

Мәселен, 1925 жылы кезінде танымал болған 

қазақтың әншісі, домбырашы Әміре Қашаубайұлы 

(Қашаубаев) түрлі халықтардың мәдени күндері 

өткен Парижде ән салды. Айтпақшы, бұған 

қатысты Әлихан Бөкейхан өзінің досы, серігі 

Ахмет Байтұрсынұлына 1923 жылғы 23 маусымда 

Мәскеуден былай деп хат жазды: 

«Әміре Қашаубайұлын Парижге жібермекші. 

...Мен оны бірыңғай әншілердің үйіне апарып, ән 

салғыздырттым. Дауысын мақтастық, әйтсе де ән 

салған кезде, мен қатты ұялдым. Айтқан әнінің 

сөзінде мән болсайшы! Парижде мәнді ән талап 

етеді ғой. 

Парижге жібермес бұрын оған ең болмаса 

жақсы бір әнді жаттатуға болады ғой! Әміремен 

бірге бара жатқан өзге халықтардың әншілері 

өздерінің ұлттық киімдерін киіп алған. Ал біздің 

Әміре орыс мещанынша киініпті?!  Бұл соншалықты 

қиын ба еді?!»

Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

- білім бағдарламаларының 

сапасын арттыруды мақсат 

етіп отырған жетекші білім 

ордаларының бірі. Соның 

нақты дәлелі журналистика 

және саясаттану факультетінің 

деканы Қ.Ө. Сақтың 

журналистика мамандығы 

бойынша Т.Шевченко 

атындағы Киев ұлттық 

университетімен магистрлік 

қос диплом бағдарламасын 

Магистрлік қос диплом бағдарламасы

жүзеге асыру туралы 

бастамасы болып табылады. 

Осы мақсатпен үстіміздегі 

жылдың 20-24 қарашасы 

аралығында құрамында 

журналистика және саясаттану 

факультетінің деканы Қ.Ө. Сақ 

және телерадио және қоғаммен 

байланыс кафедрасының аға 

оқытушысы С.В. Ашенова 

бар жұмыс тобы Т.Шевченко 

атындағы КҰУ-ге іссапармен 

барып қайтты.

Тарас Шевченко 

атындағы Киев ұлттық 

университеті Украинаның 

ежелгі университеттерінің 

бірі, көп салалық білім беру 

және ғылыми кешен болып 

табылады. 1833 жылдың 8 

қарашасында негізі қаланған, 

шамамен 25 мың студент 

оқитын гуманитарлық және 

жаратылыстану ғылыми 

бағытындағы оқу ордасының 

базасында 7 институт, 

соның ішінде Журналистика 

институты, Халықаралық 

қатынастар институты, 

Жоғары технологиялар 

институты және 14 

факультет бар. Университет 

құрылымында сондай-ақ 

ф и   з и к а - м а т е м а т и к а л ы қ 

лицей, ақпараттық-

есептеу және баспа-

баспаханалық орталықтар, 

бірнеше астрономиялық 

обсерваториялар, кітапхана, 

Фомин және қорықшы 

Каневский атындағы 

ботаникалық бақ бар.

Т.Шевченко атындағы 

КҰУ Журналистика 

институтының директоры 

Владимир Ризун Л.Н. Гумилев 

атындағы ЕҰУ делегациясын 

институттағы оқу үдерісімен 

таныстырып,  студенттермен 

кездесу өткізді

Жұмыс сапарының 

нәтижесінде Тарас 

Шевченко атындағы КҰУ 

ректоры Леонид Васильевич 

Губерский аталған оқу ордасы 

мен Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

арасындағы ынтымақтастық 

туралы келісімге қол 

қойды. Ол келісімнің 

қазақ, украин, ағылшын 

және орыс тілдеріндегі 

нұсқасын ректордың атынан 

халықаралық қатынастар 

бойынша проректор 

Петр Алексеевич Бехов 

Л.Н. Гумилев атындағы 

ЕҰУ журналистика және 

саясаттану факультетінің 

деканы Сақ Қайрат 

Өмірбайұлына салтанатты 

түрде табыс етті. «8.18010019 

- медиа - коммуникация» 

(Украина) және «6М050400 

- журналистика» (Қазақстан 

Республикасы) мамандықтары 

бойынша магистрлік қос 

диплом бағдарламасының 

жүзеге асуын қамтамасыз 

етеді.

Т.Шевченко атындағы 



КҰУ проректоры П.А.Бех 

құттықтау сөзінде 

университет басшылығы 

екі журналистік корпустың 

бастамаларын қолдайтынын 

және университеттердің 

бірлескен жобалары табысты 

болу үшін барлық жағдай 

жасалатынын атап өтті.

М.ЖҮНІС


9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23 (156), 

желтоқсан, 2013 жыл

ТАНЫМ

Абай поэзиясынан Адамның өзі – құдірет 

екенін, құдіреті – білімінде, ақылында, 

жүрегі мен жанында екенін көреміз. 

Адамның жасампаздық еңбегі мен іс-әрекеті, 

шығармашылық әрі ойлау қабілеті, оның 

махаббатты білу, сезіну, сүйе білу қасиеті – 

өлмес, өшпес, ешнәрсеге теңдесі жоқ құдірет.

Көп уақытқа дейін гуманитарлық ғылымда 

Ренессанс ұғымын евроцентристік тұрғыда 

түсіну орын алып келді. ХХ ғасырдың соңғы 

ширегінен бастап, Ренессанс тек Батыс 

Еуропада ғана емес, Шығыс халықтары 

тарихында да орын алғаны айтылып, жазылып, 

дәлелденді. «Мусульманский Ренессанс», 

«Иранский Ренессанс», «Восточный 

Ренессанс» деген ұғымдар – бүгінде толық 

мақұлданған ақиқат және барлық Ренессансқа 

ортақ заңдылықтармен қатар әр ұлттық 

өркениеттің өзіне тән ерекшеліктері де 

анықталып жатыр.

Біздің де өз Ренессансымыз бар. Ол да 

жалпы заңдылықтардан ада емес әрі өзіміздің 

өзгешелігімізден де құралақан емес. Міне, 

осы екі үрдіс тұрғысынан қарағанда, қазақ 

қоғамының Ренессансы Абайдан бастау 

алатынына көз жеткіземіз.

Егер Ренессансты тек қана ескі 

мәдениеттің қайта жаңаруы, жаңғыруы деп 

түсінсек, онда оның мән-мағынасын тарылтып 

алатын секілдіміз. Күллі әлемдегі Ренессанстың 

ең басты заңдылығы, бұрынғы мәдениетті 

жаңғырту ғана емес. Мұндағы ең басты 

қасиет – Адамға көңіл бөлу, Адамды дәріптеу. 

Адамды барлық нәрсенің қожасы деп түсіну. 

Қасиетті Құранда солай ғой. Алла тағала Адам 

Атаны жаратқанда, оған барлық періштені 

бағындырып, мойындатқан ғой. Тек Ібіліс қана 

Адам Атаға мойынсұнбаған. Демек, Адамды 

бағаламау – шайтанның ісі. Адамды бағаламау, 

оны ойыншық ету әр дәуірде, әр қоғамда 

болып тұрған. Ұлы ақындар мен ойшылдар 

осыған қарсы болған, күрескен. Адамды түкке 

санамаған қоғамды олар надан қоғам деп атаған.

Абай да солай. «Атымды Адам қойған 

соң, қайтіп надан болайын?» деп, адамның бұл 



Абай поэзиясының Ренессанстық сипаты

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

ғаламда ерекше екенін айтады.

Рас, Абайға дейінгі поэзияда да адам 

туралы жырланбады емес, жырланды. Адамның 

әр жасы, әр жастағы оның жағдайы, адамның 

жақсы-жаман болуы, кісілердің араласы, 

қатынасы – бәрі сөз болды. Алайда, ол поэзияда 

сырттай сипаттау басым түсіп жатты, бейнелеу 

логикаға негізделіп, әңгімелеудің барлығы 

дидактикалық сипатта болды, өйткені, сөз 

болып отырған нәрсенің бәрі өмірде болатын 

ғана шындық деп түсінілді.

Абайға дейінгі поэзияның шыңы – 

жыраулар шығармасы десек, олардың басым 

көпшілігі мемлекеттік проблемаларды айтып

әміршісінің қасиеттерін жырлады. Жыраулар 

– хандық мемлекеттің идеологы болғандықтан, 

өздерінің басты міндеті – хандық дәріптеу, 

мемлекетке қызмет ету деп білді, әміршінің де, 

батырдың да іс-әрекетін осы тұрғыдан бағалады 

(яғни, жыраулар поэзиясы – мемлекеттік 

әдебиет болды).

Мұндай үрдіс жалғыз бізде емес, күллі 

әлем әдебиетінде болған. Айталық, падишахқа, 

халифке, монархқа қызмет ету, мемлекетті 

күшейтуге тырысу Шығыста – ХІІІ-ХІV 

ғасырдағы, Батыста – ХVІІ ғасырдағы 

абсолютизм дәуіріндегі, Ресейде ХVІІІ 

ғасырдағы әдебиеттерде орын алды.

Жалпы, мұндай дәстүр  қай халықтың 

болса да мемлекетінің қалыптасу, нығаю 

кезеңінде болатын заңдылық. Өйткені, ол кезде 

патша (монарх, хан) мемлекеттің символы 

деп саналды, ал жыраулар мен батырлар 

өздерінің әміршісі арқылы мемлекетке 

қызмет етеді деп ұғынылды. Егер соғыс 

болып, жеңіске жетсе немесе  жер жаулап 

алса, ол мемлекеттің күштілігі деп есептелді, 

бейбітшілік орнаса, мемлекеттің гүлденуіне 

пайдалы деп қабылданды. Міне, хандар мен 

жыраулардың жағдайы мен арақатынасын, 

сол тұстағы әдебиетті осы түсінік негізінде 

пайымдауға болады. Сол себепті, жыраулар 

көбінесе жалпылықты айтады, жекелік, даралық 

мәселелерге көңіл бөлмейді, детальдарды 

елемейді. Демек, жеке адамның тағдыры, оның 

ішкі сезім бұрылыстары, өмірінің кейісті тұстары 

жыраулар толғауында сөз бола қоймайды. 

Тіпті, болған күннің өзінде мемлекеттік жәйтқа, 

жалпылыққа қатысты жағдайда ғана айтылады. 

Ал Абай ең басты мәселе етіп Адамды, оның 

жеке ісін, сезімін, тұрмысын көңіл-күйін, 

басқа кісілермен қатынасын алады. Оның 

поэзиясында Адам – Алланың махаббатпен 

жаратқан ең ұлы, ең сүйікті туындысы. Сол 

себепті, бүкіл әлемнің, қауымның, болмыстың 

темірқазығы – Адам. Оның мүмкіндігі мен 

құдіреті орасан. Адам – өмірдің өлшеуіші, 

қозғаушы күші, тірлікті дамытушы, қоғамды 

түзеуші. Міне, осы Адамды түсіну мен осы 

Адамды тану міндетін алға қойып, Адамды 

дүниенің биік мұраты деп түсінуі – Абайдың 

Ренессанстық басы екенін айғақтайды.

Шығыста Ренессанстық белгі – исламның 

Аллаға, оның сүйікті туындысы Адамға (Адам 

Атаға) айрықша мән беру болса, Батыс 

елдерінде Ренессанстың ең басты белгісі – 

инквизициядан құтылып, Адамға бұрылу, оның 

ішкі дүниесіне үңілу еді. Мәселен, Батыстың 

сол кездегі ұлы ойшылдары мен өнерпаздары 

(Леонардо да Винчи, Микеланджело, Тициан, 

Данте, т.б.) инквизиция тұсында тапталған 

Адамды Құдай дәрежесіне көтеріп, антикалық 

Құдайларды Адам қатарына қосқаны белгілі .

Абай болса Адамды танылуы қиын жұмбақ 

(«Мен бір жұмбақ адаммын») деп біледі. 

Сондықтан, Абай Адамға өзін-өзі түсініп, 

тани алатын сенім дарыту қажет, ол үшін 

оның рухын көтеріп, оны қанаттандыру керек, 

дүниенің кілті өз қолында екеніне, бәрін өзі 

істей алатынына иландыру міндет деп санаған 

(«Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, 

қалан!»).

Абай түсінігінде, Адамның құдіреті – 

оның рухани азаттығында, ар тазалығы мен 

сезім еркіндігінде, ойдың тәуелсіздігінде, сөз 

бостандығы мен мінездің тәуекелдігінде… Тек 

рухы еркін, санасы еркін Адам ғана құлдыққа 

түспейді.

Абай поэзиясынан Адамның өзі – құдірет 

екенін, құдіреті – білімінде, ақылында, 

жүрегі мен жанында екенін көреміз. 

Адамның жасампаздық еңбегі мен іс-әрекеті, 

шығармашылық әрі ойлау қабілеті, оның 

махаббатты білу, сезіну, сүйе білу қасиеті – 

өлмес, өшпес, ешнәрсеге теңдесі жоқ құдірет.

Адамды бар жағынан тексерген Абайға 

Адам – бір жағынан, біртұтас әлем, екінші 

жағынан, адам өз ішінде қайшылығы мол, 

күрделі тұлға. Осы екеуі біріге келіп, тән 

мен жанның, тән азабы мен жан азабының 

арақатынасын құрайды, көрсетеді.

Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды

Таралды көкірек,

Қысылды жүрек.

Ағызды сығып жасымды, - деген Абай 

тән азабы мен жан азабын қатар алып, жан 

күйзелісінің ауыр екенін жай ғана айтпайды. 

Тән күйзелісі сыртқы денені ғана ауыртады. 

Адамға одан әлдеқайда қиыны – жан ауырғаны. 

Жан күйзелісі миға салмақ салады, жүректі 

мазалайды, азаптайды, қинайды. Сол себепті де 

Абайдың «жүрегі қырық жамау», сол себепті 

де ол «жүрегінің түбіне терең бойлауға» 

шақырады. Жан күйзелісі терең ойға батырады, 

тұңғиыққа сілтейді, тығырыққа тірейді. Ой 

жүрек түбіне кетіп, тыным бермейді, тез 

тарқамайды, көкейде жүреді. Түпсіз, шексіз 

мұңға айналып, адамды қажытады, шаршатады. 

Жалықтырады һәм жабырқатады. «Ойлы 

адамға қызық жоқ бұл жалғанда» деген 

тұжырымға да әкеледі.

Мұндай ойлар ақын Абайға Адам 

мүмкіндігінің шектеулі екеніне көз жеткізген 

соң келсе де, ол Адамды – өмірге текке келмеген 

жан, ол өзінің тағдырына өзі қожа бола алатын, 

қоғамға керек тұлға деп біліп, Адамның сондай 

болуын қалайды. Өмірде өз орнын тауып, пайда 

келтіретін Адам – саналы Адам, толымды Адам.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: 

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, – 

дейді Абай. «Ыстық қайрат» – бұл үнемі 

іздену, алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы 

ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікке іс істеу, 

Құдай берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. 

Ал «жылы жүрек» – иманжүзді болу, адамдарға 

түсіністікпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, 

көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет 

ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда 

ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға 

болады.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 



Сонда толық боласың елден бөлек, – дейді 

Абай.


Мұндай адам өлмейді. «Өлсе – өлер 

табиғат, адам өлмес!» дегенде, Абай толымды 

адамның ісі, сөзі, ойы өлмейді дегенді меңзейді. 

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмей-тұғын 

артына сөз қалдырған?!» дегенде де Абай 

адамның санасын, ойын, сөзін сол адамның 

өзімен қатар қойып отырған жоқ па? Олай 

болса, Абай үшін дүниенің бас ты өлшемі – 

Адам, оның ісі мен ойы, жаны мен санасы, сөзі 

мен сезімі. Абай поэзиясының Ренессанстық 

сипаты да осында деп білеміз.

Өгедей қаған дәуіріндегі Түркістан 

және Мәуараннахр (1229-1241) 

атты еңбегі Түркия Республикасы IQ 

Мәдениет өнер баспасы мен Халықаралық 

Таныту Қызметі Сауда Ұйымының 

қолдауымен 2013 жылы қараша айында 

Стамбул қаласында жарыққа шықты. 

Монографияның түпнұсқасы түрік тілінде 

жазылған.

Монография хронологиялық шеңбері 

жағынан қысқа мерзімді қамтығанымен, 

өз саласында тың, әрі алғашқы еңбектің 

бірі болып саналады. Зерттеу жұмысының 

нәтижелері Scopus, Thomson Reuters 

базасындағы Билиг (Bilig) халықаралық 

ғылыми журналында жарияланған. 

Еңбекте монғол билігі, Өгедей қаған 

және оның тұлғасы, ұлыс құрылымы, 

империя билігінің реформалары, 

империяда беделді қызмет атқарған атақты 

қолбасшылар мен шенеуніктер, қала және 

ауыл тұрмысы т.б. қарастырылған. 

Еңбек еліміздегі монғолтану саласын 

тың, әрі қызықты мәліметтермен 

толықтыра түседі. 

Монографияның қысқаша мазмұнына 

тоқталып өтуді жөн көрдік. Шыңғыс 

хан әскерінің Еуропа және ішкі Азия 

территорияларына кіруіне жол ашты. 

Шыңғыстың ұлы Өгедейдің билік құрған 

тұсында монғол мемлекетінің жоспарлаған 

жорықтарының барлығы жеңіспен 

аяқталды. Батыс жорығы кейінгі уақытта 

құрылған Алтын Орда мемлекетінің 

шекарасын белгіледі. Мемлекеттің Ата 

заңы ретінде монғол салт-дәстүрі мен 

әдет-ғұрпын қамтитын заң кітабы Ясса 

қолданылды. 

Дегенмен мемлекеттің басқару 

жүйесінде ішкі саяси шиеленістер пайда 

болды. Бас уәзір Ехлу Чу Цайдың беделі 

мен ықпалының барынша үстемдік етуі 

алғаш рет билік жүйесінде түрлі саяси 

топтардың пайда болуына әкеліп соқты. 

Байланыс қызметі туралы қабылданған 

реформа дами алмады. Салық мөлшерінің 

құбылмалы мөлшерде жүйесіз алынуы 

халықтың жағдайын нашарлатты. Мұны 

Бұхарадағы халық көтерілісі дәлелдейді.

Өгедейдің таққа отыруы ұлыс 

құрылымын жүзеге асырды. Ұлыстар 

Өгедей қаған тағайындаған мемлекет 

шенеуніктері тарапынан басқарылды. 

Мемлекеттің басқару жүйесі көне түрік 

дәстүрлерін қайталай отырып, түрік 

дәстүрінің жандануына түрткі болды.

Монғол мемлекетінің мәдени, 

экономикалық және саяси іргетасын 

қалауда ұйғырлар, түріктер үлкен еңбек 

сіңірді. Түрік азаматтық билеушілері 

Махмұт және Масуд Ялавачтар монғол 

мемлекетінде ерекше маңызға ие болды. 

Бұған қоса әскердің басым бөлігін 

түрік әскерлері құрады. Түркістан және 

Мәуараннахрға қоныстана бастаған 

монғолдар түріктену үдерісіне аяқ басты.

Ғ.КӨШЕНОВА, 

Қазақстан тарихы кафедрасының

 аға оқытушысы, т.ғ.к. 

Өгедей қаған дәуіріндегі 

Түркістан және Мәуараннахр 

(1229-1241)


10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23 (156), 

желтоқсан, 2013 жыл

Арналсын студенттің жыры жасын,

Бойыма асыл өнер дарығасын.

Таным мен түсінікті байытуда,

Кітапхана қызметінің рөлі басым.

Білесің бе кітаптың бай мүмкіндігін,

Керек болған сәтте әрдайым оған жүгін.

Басын қосар көпке құмар оқырманның,

Құтты болсын «Кітапханашы күні» бүгін!

Білім мен тәжірибе жинақтап ап,

Шарықтайық серпілтіп берік қанат.

Әрдайым студентке қоя білер,

Кітапханашы апайлар биік талап.

Кітапхана университет жүрегіндей, 

Күн сайын келіп жүрем бір бір ерінбей.

Қай кітапты сұрасаң да тауып берер,

Құндылық жоқ кітапханашы тілегіндей.

Кәмшат  ЖҰБАТХАНОВА,

ФФ, ФҚТ-11

Кітапхана – 

университет 

жүрегіндей

ТУДЕНТ

C

Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«G-Global» алаңын құру туралы 

ұсынысы әлемдік дағдарысты еңсеру 

мәселесінде озық идеялардың бірі 

болып табылады. Қазақстан әлемдік 

қаржылық және экономикалық 

мәселелерді талқылау үшін жаһандық 

талқылауға және қолдауға ие болды.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан 

алдыңғы қатарлы шетелдердің 

жоғарғы оқу орындарымен және 

ғылыми орталықтарымен бірлесіп, 

 

«G-20»-ға ұсыныстар  әзірледі. 



Қазақстанның ұсыныстары  G-20 

саммитінде халықаралық ұйымдар мен 

20 топтың қатысушы елдері арасында 

талқыланатын болады.

Осы жылы VI Астана экономикалық 

форумы аясында және БҰҰ-ның 

қолдауымен Астана қаласында барлық 

мемлекеттерді біріктіру және әлемдік 

дағдарысқа қарсы жобалардың 

бағыттарын зерттеу мақсатында 

Бүкіләлемдік дағдарысқа байланысты 

конференция өткізіледі. Бұл 

конференцияның маңызы сол – оның 

қорытынды құжаттарында әлемнің 

дамыған және дамушы мемлекеттері 

экономистерінің пікірлері жазылатын 

болады. Қазіргі  жаһандану дәуіріндегі 

әлемдік қаржы және экономикалық 

мәселелерді шешудің бір ғана жолы 

бар, ол – әртүрлі пікірлерді саралай  

отырып, ынтымақтастықты нығайту. 

«G-Global» коммуникативтік 

алаңы өз жұмысын бастағаны 

көпшілікке белгілі. Үш тілде бірдей 

жұмыс істейтін сайтта әлемнің әр 

елінен ғалымдар мен сарапшылар 

 

пікірталастар мен жарыссөздер түрінде 



әлемдік қаржы дағдарысынан шығу 

стратегияларын талқылайды. 

«G-Global» коммуникативтік 

алаңында жастар, жас ғалымдар әлемдік 

экономикалық дағдарыстарды шешуде 

өз пікірлерін білдіріп, аса белсенділік 

танытуда. Олар қызу пікір-таластар 

өткізіп, ғылыми жарияланымдарын 

шығарады, онлайн-конференциялар 

ұйымдастырады.  Осы бағытта 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде Бірінші проректор 

Ж.Н. Нұрманбетованың қолдауымен 

«G-Global» коммуникативтік алаңын 

қолдау Жастар штабы» ҚБ-і құрылғалы 

жатыр. «G-Global» Жастар штабының 

негізгі мақсаты – Л.Н.Гумилев 

атындағы ЕҰУ-нің, сондай-ақ өзге 

аймақтардағы жоғарғы оқу орындары 

студенттерінің, магистранттарының, 

докторанттарының, жас ғалымдардың 

«G-Global» бастамасына деген 

қызығушылығын арттыру, оларды 

осы алаңға тарту, коммуникативтік 

алаң қызметін          атқаруда оларды 

біріктіру, міндеттерді жүзеге асыруға 

жұмылдыру.  Штаб мүшелері мынадай 

міндеттер 

атқарады: виртуалды 

дебаттар, онлайн конференциялар 

ұйымдастыру, бизнес-жобалар, блогтар, 

жарияланымдар шығару,  сараптамалар 

жүргізу, сұрақ-жауап, сұхбаттар өткізу, 

сондай-ақ, «Алтын Белгі» иегерлері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет