20
Мәтінге бӛгде сӛз ену жағдайын ӛз сӛзі мен оған қосылған бӛгде сӛзді
салыстырғанда анықтау оңай.
Айтушының адресатқа жетізген оқиғалар мен фактілер айтушының ӛз
сӛзінің объектісі болады. Ал айтушы басқаның сӛзін жеткізсе, басқаның
айтқаны немесе басқа адамдардың әңгімесі ақпарат объектісі болып табылады.
Айтушы ӛзінің немесе адресаттың айтқандарының мазмұны туралы ақпаратты
адресатқа бӛгде сӛз формасында мәлімдеуі мүмкін.
Бӛгде сӛзді жеткізу және оны мәтінге қосу тәсілдері сан алуан, сӛйлеудің
түрлі функционалдық тәсілдері үшін дифференциалды және әрқайсысының
грамматикалық безендіру нормасы бар.
Басқаның сӛзін жеткізудің ең қарапайым тәсілі – оны тӛл сӛз формасында
жаңғырту, яғни басқа кісінің айтқанын (жазғанын) сӛзбе-сӛз жеткізу. Мұндайда
айтылым (әңгіме) жаңғыртылғанда ештеңе қосылмайды. Тӛл сӛз жоғарыда
суреттелген монологтың немесе диалогтың қасиетін сақтайды. Ол сол сӛзді
айтқан адамның атынан айтылып, оның жеке ерекшеліктері мен стилін
сақтайды. Автор тек басқаның айтқан сӛзін жеткізетінін ескертеді.
Басқаның сӛзін жеткізудің ӛзге тәсілдері сияқты тӛл сӛзді қолдану кейбір
функционалдық стильдерде елеулі ерекшеліктерімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: