Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің
стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
22
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі кӛркем тілі, Алматы, 1996
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
10-ТАҚЫРЫП:
Тілдік құралдар.
Дәріс жоспары:
1.Тілдік құралдарды таңдау,
2. ТІлдік құралдарды мәтін құру үшін ұйымдастыру.
3.Тілдік құралдарға әсер ететін факторлар.
Мақсаты:
Тілдік құралдар туралы мәлімет беру.
Қысқаша мазмҧны:
Әдеби тіл нормасына жатпайтын және жергілікті тіл ерекшеліктер болып
табылатын морфологиялық тұлғалар да бұл стиль салаларында кездесе береді.
стилистикасы мәтін түзуші тілдік құрылымдардың стильдік қызметін
қарастырады. Мәтін құрамындағы тілдік бірліктері, күрделі синтаксистк
тұтастықтар, абзац, троп түрлері т.б. құралдар белгілі бір стильдік мақсатқа
орай жұмсалуы мүмкін.
Эпитеттер заттың немесе құбылыстың әртүрлі белгісін айқындап, оқырманға
әсерлілігін арттырады. Кез келген құбылысты суреттеуде, ӛзіндік белгі-
қасиеттерін ерекшелеп кӛрсетуде эпитеттердің қызметі айрықша. Эпитеттер
зат-құбылысты, табиғатты суреттеуде болсын, кейіпкер бейнесін жасауда
болсын жиі жұмсалатын кӛріктегіш, бейнелегіш құрал.
Арыстан кеуделі, бірақ бет-аузы бүтін, қаршыға көз, қыран қабақты, суық
өңді жас жігіт – Ысмайыл батыр
(М.М.).
Омырауы даладай, суық жүз, қыр мұрын, қалың қабақ, қияқ мұртты жас
жігіт.
(М.М.).
Бұл мысалдардағы
арыстан кеуделі, қаршыға көз, қыран қабақты, суық
жүз, қияқ мұртты
деген эпитеттер кейіпкердің бет бейнесін оқырман кӛз
алдына әкеліп қана қоймайды, оның мінез-құлқынан да хабар береді.
Теңеу – бір затты немесе құбылысты басқа бір зат немесе құбылыспен
салыстыру арқылы сипаттайды. А.Байтұрсынұлы теңеуге мынадай анықтама
береді: «Кӛріктеу нәрсені айыра кӛрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен,
нәрсенің бейнесін сүгіреттеп кӛрсетуге күші жетпейді. Ондай орында
белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп,
кӛрнектеп, ашығырақ кӛрсетеміз.
«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен
аталуының негізінде сӛз мағынасының ауысуы – метафора деп аталады».
Метафора кӛркем сӛз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсілге жатады.
Метафора – сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге
балау. Метафора сӛз мәнін ажарлай ӛзгертіп, суреттеліп отырған затты не
құбылысты айқындай түсу үшін оларды ӛздеріне ұқсас ӛзге затқа не құбылысқа
балау арқылы мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту».
Б.Хасанов қазақ тіліндегі метафоралардың екі түрін кӛрсетеді:
«Метафораның екі түрі бар деуге болады: бірі – белгілі бір шешеннің сӛз
23
саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі – халықтық сипат
алған дәстүрлі метафора.
Метафоралар ерекше бейнелілігімен қатар танымдық қызмет те атқарады.
Олар дерексіз ұғымдарды анықтап түсіндіреді. Сол арқылы жазушының немесе
кейіпкердің ойын дәл жеткізуге кӛмектеседі. Мысалы:
ұйқының ауылы, көңіл
Достарыңызбен бөлісу: |