Оқудың тәсілдері
1
Оқудың табысты, нәтижелі болмағы неден???
Ең әуелі – өз алдарыңа қандай мақсат қойғандарыңа және соған қандай жолмен жетпекші болғандыққа байланысты. Сірә, «Білімді беруге болмайды, бірақ оны алуға болады» - деп тегін айтылмаса керек. Сондықтан, ерік-жігеріңді аямай жұмсап, бар ынта-ықыласыңмен еңбек ету керек. Ал өмірде біз не көріп жүрміз?
Бірінші жағдай: біреу көбірек білсем, дүние мен өмір туралы мол әрі терең білсем екен деп оқиды. Мұндай адамға тән нәрсе – жан-жақты қызығушылық, жұмыстағы қажырлылық, материалды өз бетімен тәсілін тауып дербес орындаушылық.
Енді бір мотив: адамды талпындыратын – басқаның алдында білімпаз көрінсем дейтін намысқойлық құлшыныс. Бұл ретте оның білімі тек үстірт болуы мүмкін, интеллектік қабілеті шешек жармай, оның есесіне, ептілігі, кінәратты атаққұмарлығы жетілетін болады.
Үшінші мотив: тиісті міндетті атқару ретінде шын пейілді, бірақ ізденіссіз, құлшыныссыз оқу. Бұл тек қолына не алса, соны жақсы атқару дейтін мінез-құлық көрінісі ғана. Бұларды оқығаннан гөрі оқығанситындар деу дәлірек. Кемшілігі: бойыңдағы туа біткен қабілет атаулының бәрі өзің үшін де, айналаңдағылар үшін де ашылмастан қалды, әрі қарай да дамымады. Ал не нәрсе дамымаса – сол өледі, табиғат солай жаралған. Былай қарасаң, бейімділігі сенен төмен біреулердің үлгерімі де жақсырақ, істегені де тынымдырақ.
Мамандардың пікірінше, адамның көрсеткішке емес, тіпті пәнге де емес, дәл сол өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге күш салуы барынша жемісті болады екен. Бұл принцип оқуда ғана емес, кез-келген қызмет саласында да солай еткен пайдалы. Ілгері басу үшін ең алдымен өзіңе бақылау қойып, өзіңді-өзің қадағалауың керек. Нені істедің? – сәтті бақылау қойып, өзіңді-өзің қадғалауың керек. Ұдайы жетіле беру үшін осылайша талдау жасап отыру дағдысы, әркезде де өте қажет.
2
Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер
Конфуций
Достарыңызбен бөлісу: |