Бағыты: Тарихи тұлғалар Дайындаған: Омар Гүлзира Мазмұны: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім


«Қызғыштың әні» - «Шандозға» барар баспалдақ



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі39,13 Kb.
#13135
1   2   3   4   5   6   7   8
«Қызғыштың әні» - «Шандозға» барар баспалдақ

Жазушының бала кезінен құмартып тыңдап, түбіт иек шағынан бастап қалам тербеген сүйікті тақырыбы – Махамбет Өтемісұлы. Студент кезінде «Қызғыштың әні» деген туындысын жазды. Махамбет туралы ұзақ ойланып, тебіреніп, ойларын зерделеді. «Қызғыштың әні» - «Шандозға» барар баспалдақ. Қаламгердің «Шандоз» тарихи- баяны қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпты қалай жазып, қалай іздену, қалай зерттеу керек екеніне әдіснаме. Былайынша айтқанда, Темірқазық. Бүгінгі таңдағы ғылыми зерттеудің үздік үлгісі осы «Шандоз». Көл- көсір білім мен таным да осында. Ұлы ақын қолданған, ақын өлеңдерінде кездесетін біршама сөздер мектеп оқулықтарында да, әдебиеттерде де қате жазылып, басылып, шәкірттер мен оқырмандарға мүлдем дұрыс емес, жаңсақ бағытта түсіндіріліп жүр. Оны түзетудің кезі келді. Ақынның сөзін келешекке апаратын- мектеп шәкірттері, олар оқитын оқулық екенін ескерсек, олқылықтың орнын уақыт өткізбей, толтыру керек.

Әбіш Махамбетті текстологиялық тұрғыдан оқып түсініп, тұнығына бойлаған. Шығарманың аты болып «шандоз» сөзі бекер тұрған жоқ. Сөзді қолданысқа енгізу, қайта жаңғыртып, жандандыру үшін әдейі алған. «Шандоз»- Қазақстанның басқа жерлеріндегі қазақтарға, тұрғындарға түсініксіз. Ғылыми зерттеу еңбек болғандықтан, әуелі, шығарма туралы сөз бастамай тұрып, осы шандоз сөзіне түсінік беріп, дәлелделік.

Махамбет өлеңдерінде: «Керіскедей шандозым» деп келтірілген. Бұл- Исатайға берілген теңеу. Ол көп ретте «керіске», «керісті» деп те айтыла береді. Осы сөздің мағынасын тілшілер әр саққа жүгіртіп жүр... Алғашқы ақын жинағының түпнұсқасы дұрыс. Бірақ бұл екі сөз «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» де берілмегенін айта кеткен жөн. Ал 1999 жылы шыққан «Қазақ тілінің сөздігінде» бұл екі сөзге былайша анықтама береді:



  1. Керіскедей – жергілікті сөз (келіскен, көз тартатын үлкен)

  2. Керіскі – жұқа етіп басылған қалпақ, сырмақ сияқты сәнді киім, бұйым тігуге арналған ақ киіз.

Шығарушы авторлар «Керіскідей шандозым» деген Исатайға қатысты теңеуді осыған саяды. Әрине, киіз де, қалпақ та қазақ үшін қадірлі, қастерлі, дегенмен Исатайдың қалпаққа, киізге теңелуі орынсыз, жарасымын тауып тұрған жоқ. Керіскенің Адай еліндегі мағынасы – жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын алып бауырымен жорғалаушыны айтады. Оны теңеу жасаудағы Махамбеттің:

Керіскедей шандозым,

Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім, - дегендегі теңеліп тұрған нәрсенің бәрі бірдей тірі, айбынды, айбарлы, әсем нәрселермен, ол біздің айтпақ ойымызды да толықтыра түседі.

Шандоз (Қарағай шаптым шандоздап.., Керіскедей шандозым), - бұл сөз Махамбет өлеңдерінде екі рет кездеседі. 1999 жылы Алматыдан, «Дайк- пресс» баспасынан шыққан «Қазақ тілінің сөздігінде» шандоз сөзіне мынадай түсініктеме берілген:


  1. Өрен жүйрік, жеңімпаз ат.

  2. Жергілікті сөз. Сұлу көркем жігіт.

  3. Жергілікті сөз. Әдемілеу, әрлеу, көркемдеу.

Еңбек авторы Махамбет шығармаларындағы сөз қолданысын осы үшіншісіне теліпті. Ақын шығармаларының жинақтарында оған әркелкі түсінік берілген. Әйтсе де мағыналары алшақ кетпейді.

Қазіргі таңдағы қазақ филологиясындағы ең үздік, ғылыми талдау – «Шандоз» деректі- тарихи баянындағы тарихи тұлғалардың бейнесі ашылды. Жазушының әдебиеттегі алғашқы қадамы өлең жазудан басталған. Махамбет ақынның күрескерлік өмірі оны ерте кезден бастап қызықтыран. «Шандоз» тарихи- баянында Махамбет, Исатай, Жәңгір өміріне қатысты тың деректер романдағы оқиғаларға қатысты қарастырыла, басы ашылып, сол бойынша да тарихи тұлғалар сарапталады. Махамбет - бір бүтін әлем. Зерттеушілер оның батырлағы, ақындығы, күрескерлігі туралы айтады. Ал оның танылмай жатқан ерекше қыры- қызыл сөздің көсемі екендігі. Дауылпаз ақынның ана тіліміздің қызғышы екендігі дәлелденді. Оның бастауы, ағар бұлақ Өтемісте жатырғанын Әбіш Кекілбаев ерекше көрсете білді.

Қазақ халқына егемендік оңайлықпен келмегені белгілі. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының өткен жолдары Әбіш Кекілбаев шығармаларында көрініс табады.

«Шандозда» бұрын бір жақты қарастырылып келген тарихи тұлғаларға жаңа заманның көзқарасымен қарау керектігі айтылып, мысалдармен дәлелденген. Халық Жәңгірді Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың» деген өлеңінің мазмұнының аясында түсініп келді. Жәңгірді қайта танудың кезі келді. Оны танытудың басында осы «Шандоз» тарихи-баяны тұр. Зерттеу еңбектегі ерекше сөз болған, өзінің өмірден бағасын ала алмай жүрген тарихи тұлғаның бірі – Жәңгір хан. Бұрын қарастырылған ғылыми тұжырымдардың бәрін сараптай келіп, тұлға жөнінде тың ойларын санамалап айта алған:

Жәңгір тарихы біздің замандастарымызға осындай пародокстық, трагедиялық сипатымен ерекшеленеді. Жәңгір – күрделі образ. Тарих қойнауынан ханның бұрын беймәлім, ескерілмей келе жатқан тұстарын тың деректермен салыстыра, сарапты талдау жасаған. Шайқас, арбасу болған соң, екі жақ үшін де бір түзудің бойымен жүру болмайтыны белгілі. Жәңгір өз ордасын қоршаған ірі- ірі мемлекеттердің бәрімен тіл табысып, жұмысын нәтижелі жүргізе білді. Әрине, бұл – Жәңгірдің артықшылығы деп танылды [3. 237 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет