Режиссерлік ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер
және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда
бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан
ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ең көп тараған түрі: ойыншықтар театры - бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап,
оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнайды.
Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды. Жіптің көмегімен басқарылатын
қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан
жасайды.Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады.Бұл
қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы
901
шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз
күшіне сене білуге көмектеседі. Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен
қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып
табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті
дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Трафарет
театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты
дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ
кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын
бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау
қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген
бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
Театрландырылған іскерлік арқылы шешілетін өзімнің педагогикалық
жұмысымнан мысал келтірейін. Ертегіден «сиқырлы заттар» арқылы «ертегіге
ену». Балалардың елестетулерін қалыптастыру. Балаларға көздерін жұмғызып,
демдерін ішке тартып оны қайта шығару арқылы көздерін ашу. Одан кейін
балалардың көңілін қандайда бір затқа аудару, мысалы; үстелге (одан жұмыртқа
жерге құлап түсті ме?), тегешке (осы тегешке бауырсақ пісірді ме? т.б.) балалардан
сұраймын бұлар қай ертегідегі заттар. Ертегілерді оқу және оны бірігіп талдау.
Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін. Ондағы кейіпкерлердің эмоциясымен
және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әр түрлі мінез- құлықтары бар
бейнелерді бөліп алуға және олардың біреуінің орынына өздерін қоюы туралы
айтамын. Өздерін көру үшін айна қолданып мимика, эмоцияларын өзгерткендерін
көре алады.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен
қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін,
шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың
ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық
қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр
ойындар түрі тиімді нәтиже береді.
Пайдаланған әдебиеттер;
1.
Артемова Л.В «Театриализованные игры» 1991 ж
2.
Доронова Т.Н «Играем в театр» 2004 ж
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ СУРЕТ САЛУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Оскеева Асия Жумагалиевна , Бейсенова Камила Зулхарнайевна
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен
айналысатын іс –әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру
бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса
902
да өз көңіл күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикалық,
адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.
Я.А.Коменский, Ф.Фребель: «сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен
айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады» деп
айтқан. Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы. Бұл көзқарасты
философтар, педагогтар, психологтар қолдайды. Ежелгі гректер сурет салуға үйрету –
қол еңбегін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Ежелгі
көзқарастың дұрыстығына көзіміз жеткендей, себебі грек мәдениеті суретпен дамыды
және осы заманға дейін сақталған.
Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет
салу – көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен
қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта
балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын
білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға берумен қатар
танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде балаларда бастаған істі
аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері
ашылады. Бейнелеу іс-әрекеті кезінде ой және дене белсенділігі ұштасады. Сурет салу,
мүсіндеу, жапсыруды орындау үшін еңбек жасалынады, сондықтан белгілі бір
біліктер, дағдылар қажет. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен сурет сала білу
маңызды рөл атқарады. Кейбір педогогтар өз міндеттерін тәрбиеленушілеріне тек
қажетті техникалық дағдыны меңгерту, сурет салу тәсілдерін үйрету, қылқаламды
ұстай білу, бояу, бор, қарындаш, фломастермен жұмыс істеуді меңгерту деп ұғынады.
Сурет салу да баалар айналадағы қызықты құбылыстарды көре білу қажет. Бала үшін
сурет салу – сезім, көңіл күйді берудің бірінші құралы. Педагог бала жұмысының
нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі сезімін, жан дүниесін көре алады. Сурет
салу іс-әрекеттерінде балалардың қызығушылық сезімдерін дамыту мақсатында түрлі
әдіс-тәсілдер қолданылады. Педагогтың мақсат-міндетіне сай балалар өнер
жанырларын, стильдерін (сюжет, портрет, натюрморт, графика, скульптура) түсініп
қабылдай білуі шарт. Сурет салу іс-әрекетінде суретшілер еңбектерімен таныстыру,
ертегілер бойынша салынған суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша
салынған суретшілер иллюстрацияларын көрсету, түрлі саяхат сабақтар өткізу
(мұражайлар, жергілікті суретшілер үйіне) т.б. өткізген шарт. Осындай оқу әрекетінде
балаларды өнерге деген қызығушылықтары дамиды. Сурет салу әдістерін меңгерту
мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын
дамытады. Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия,
ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. дәстүрлі емес
әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін
дамытады. Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолдану балалардың сурет салуға
қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді.
Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін
арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегідей практикалық
материалдар болу керек.
● Суреттер, мүсіндер, халықтың қолданбалы өнерінің бұйымдар жинағы.
● Классикалық саздар жинағы.
903
● Бейнелеу құралдарының жинағы.
● Байланыстыра сөйлеуге басты назар аудару қажет (живопись, скульптура
шығармалары бойынша шығармашылық әңгімелер).
● Балалардың Қазақстан өнері, оның қайнар көздерімен негізін салушылар туралы
білімдерін кеңейтіп, байыту керек.
● Әртүрлі халықтардың мәдениетін түсіне, ажырата білуге үйрету.
Осы мақсатта халықтық ойыншықтар арқылы образдар құра білуге үйрету керек.
Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданудың түрлері: саусақпен салу, жапрақпен
бастырма, сиямен үрлеу арқылы салу, тіс щеткасымен салу, ермексазбен сурет салу,
мақта таяқшасымен сурет салу, майшам+акварельмен салу т.б.Балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ұсақ қол моторикасын жетілдіруге, сурет
салуға деген қызығушылығын арттырады.
Сурет салу әдістері:
«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне
айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция
тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін
ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі
өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру
құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен
қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы
шарты болып табылады.
«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге
ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз
алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты
904
үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер
жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп
немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру
немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет
шығатындай етіп бастыру; Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің оюын
жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады.
Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды
әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті
бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренедіжәне олардың аттарын атап есіне
сақтайды.
«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен,
табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін
(қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр
түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта,
мата, поролонды қолдануға болады.
Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет
салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға
жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін
алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін
салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп
салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру
арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.
«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен,
көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ
болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының
косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым
салынатындқтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі.
Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала
тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.
«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі
сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы
бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ
немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің
көлемдері ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты
болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға
нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға,
сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық
түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.
«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ,
өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.
Қолдану ережесі: - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;
905
- Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;
- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
М.И. Нүсіпбекова Бейнелеу өнері (әдістемелік нұсқау).
2.
И.А. Лыкова. Изобразительная деятельность в детском саду.
АНА ТІЛІ - МӘҢГІ ҚҰЛАМАЙТЫН БӘЙТЕРЕК
Оспанова А.С.
№64 НОМ жанындағы шағын орталық
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі. Өйткені ұлттық мәдениеті
жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Себебі, дүниедегі барлық халық
тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылды.
Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Еліміз Қазақстан Республикасы егеменді ел атанып қалу үшін, ана тілімізге
мемлекеттік статус беріп «Тіл туралы» заң қабылдады.Қазақстан тәуелсіз ел болып
қалсын десек, онда алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін
қорғау дегеніміз - таза сөйлеуіміз, оны жақсы біліп, ананың ақ сүтіндей бойымызға
біртіндеп сіңіру.
Яғни, «Ана тілі-қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын уақыт
жетті.
Қазақ тілі ерте дәуірден бері қарай халқымыздың дамуымен бірге алға басып
жетіліп келе жатыр. Ана тілімізді қастерлеп, қадірлеу-ежелгі салтымыз.Сондықтан
қазақ халқы-ежелден өнерге, шешендікке әуес, тіл өнеріне келгенде ана тілін
құрметпен, көзінің қарашығындай қорғай білетін халықтың бірі.Сондай шешендікке
бай, әуенді, әдемі тіліміздібасқа ұлт балаларына танытып үйрету, қазақ тіліне деген
қызығушылығын арттырып, тілімізді қадірлеуге баулу, әр ұстаздың ұлттық және
азаматтық парызы болып саналады.[1] Сондықтан бүгіннен бастап біздің еліміз-
Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарын тәрбиелеу басты міндетіміз.
Негізінде жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке
дейінгі ұйымдарда өзге ұлт балаларын қазақ тілін үйрету -өзекті мәселелердің бірі. Осы
өзекті мәселені мектепке дейінгі үйымдардың басшылары неғұрлым ертерек бастаса,
соғұрлым өзге ұлттың баласы тілді жеңіл меңгереді.Мектепке дейінгі жастағы
балаларға қазір үш тіл болсын, бес тіл болсын, жақсылап үйретсе, тез меңгеріп
кетеді.Тіл–ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт–мәдниетінің бір жүйесі. Ана тілін жетік білу
үшін жас кезіңнен халық ауыз әдебиетін, ертегілерді, аңыздарды, мақал-мәтел, жұмбақ-
жаңылтпаштарды естіп, тыңдап көп оқу керек.Тіл мәдениетін игеру-әр баланың сәби
шағынан басталып,біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс. Тіл, дүниетанудың кілті. Тіл
игеру арқылы бала айналасындағы дүниені таниды, танымдық қызығушылығы оянады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға тілді үйреткенде, бала сол тілде еркін сөйлей
алса болды дегенді қанағат етпей, тілді баланың бүкіл мүмкіндігін, қабілетін ашатындай
906
дәрежеде оқыту керек. Өйткені кішкентай балалар қағілез келеді, яғни балалар тілді
табиғи түрде тез меңгереді. Себебі қазіргі кезде балаларға білім алуға барлық жағдай
жасалған.Балдырған балаларымыз бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте
еліміздің өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүние жүзін шарлайды. Сондықтан
үш тілді емес, одан да көп тілді үйретуге болады, бірақ бірінші балабақшадан бастап ең
алдымен қазақ тілін меңгертуіміз қажет.Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің
адамдарымен еркін қатынас жасай алу үшін біз оларға сәби кезінен бастап өз ана тілімен
қоса басқа да тілдерді меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек.Қазақ тілінің даму
мүмкіндігі мол. Бізде туу, табиғи өсім көп, қазақ тілі соның негізінде күшейе бермек.
Ана тіліміздің әлем тілдерімен деңгейлес дамуына мынандай жағдайлар жасалған:
Біріншіден, табиғи байлығымыз жеткілікті:
Екіншіден, географиялық орналасуымыз жақсы;
Үшіншіден, мемлекетіміз- емін-еркін дамып келе жатқан егемен ел.[2]
Өскелең ұрпаққазақ тілін-мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлт аралық тіл, ал ағылшын
тілін халықаралық тіл ретінде, яғни заман талабы, болашақ ұрпақ үшін қажеттілік
болып туындап отырғанынын,Үштілділік Қазақстан үшін елдің бәсекеге, қабілетілікке
ұмытылудағы бірінші баспалдағы, қоғамды топтастыратын мүмкіндік екендігін
түсіндіруіміз қажет.[3]
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7 бабы 1 тармағында:
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады» делінген.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, бірнеше заңды актілерді қабылдау
және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік
бағдарламасын бекіту Қазақстан Республикасының көпұлтты халқының қазақ тіліне
деген назарын аударып отыр.[4]
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде өзге ұлт балаларын қазақ тіліне үйрету-
ерекше жағдайларда, тілдік сананың жаңа жүйесін қалыптастырудың күрделі және көп
ауқымды түрінде өтеді.Мектеп жасына дейінгі балаға тілдік ортаны құру, оның қазақ
тілі бойынша бағдарламалық талаптарды орындауы тек қазақ тілі мұғалімінің кәсіби
шеберлігінен ғана емес өзге де педогогтардың (тәрбиешілер, музыкалық жетекші және
отбасы т.б.)жалпы мәдени деңгейіне байланысты, себебі мектеп жасына дейінгі бала
үлкендердің көмегінсіз тілдік әрекетке түсе алмайды.
Осындай қажеттіліктерді ескере отырып №64 НОМ жанындағы шағын
орталығында мынандай бағыттардан тұратын қазақ тілін үйренудің өзіндік жүйесі
қалыптасқан:
1.Тәрбиеленушілердің де, балабақша қызметкерлерінің де қазақ тілін үйренуге
деген талпынысын оятып, қызығушылығын арттыратын қолайлы жағдай туғызу;
2.Ұжымды оқытуды ұйымдастыру;
3.Ата-аналар қауымдастығын жұмылдыру;
4.Мектеппен сабақтастық;
5.Әдістімелік құралдар мендидактикалық материалдар дайындау;
6.Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру;
7.Озық педогогикалық тәжірбиені зерделеу;
8.Тәжірибе алмасу.
907
Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі- балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі.
Яғни, барлық балабақшалар алдында тұрған негізгі міндет- баланың сөздік қорын
арттырып, ауызекі сөйлеу, тілін жетілдіру, тілді үйренуге қолайлы психологиялық
жағдай туғызу.
№64 НОМ жанындағы шағын орталығында «Айгөлек» және «Ертегі» атты екі топ
бар.
Барлық тәрбиеленуші балалардың саны-51. Оның ішінде 8 бала қазақ, ал қалғаны
43 өзге ұлт баласы.Шағын орталықта жүрген балалардың тәрбиесіде, ой-өрісіде жақсы
дамыған және тілін жаттықтырып ойын дамытуға көп көңіл бөлінеді.Әсіресе баланың
жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықты тартымды өлеңдер, тақпақтар,
жаңылтпаштар, бала ұғымын кеңейтумен бірге дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге
баулиды, сөздік қорын байытады.
Біздің шағын орталығында балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін
арттырып, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, есте сақтау, мәнерлеп
оқу, әдемі сөйлеу мәдинеттерін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.Атап
айтқанда, «Үштілдік тәрбие беру» атты ата-аналармен сауалнама өткізілді, тілдерді
меңгеру мақсатында кеңестер оқылды, ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі мамандары
мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бағдарламаларментаныстырды.Жас
ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүр рухында баулу, құлағына сіңіру, әдет дағдысына
айналдыру-парызды іс болғандықтан, күннің II-жартысында «Атамұра» бағдарламасы
бойынша ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптарды балалармен ата-аналардың толық
меңгеруі үшін «Ата салтым-асыл қазынам» жобасын талқылай отырып, «Елім-деп соғар
жүрегім», «Бес арыс», «Ежелгі Қазақстан» атты шығармашылық кештер, ойын-
сауықтар, сайыстар жоспарладым.
«Айгөлек» және «Ертегі» топтарында жас мүмкіндіктеріне сәйкес екі тілде қарым-
қатынасқа түсе алатын, яғни жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып, білім берудің
билингвальды және көпмәдинетті бөлік моделдерін жүзеге асырудамыз.
«Айгөлек» және «Ертегі» топтарының тәрбиеленушілері қазақ тілінде жүргізілетін
мерекелерде, байқауларда,ойын арқылы сахналағанда қазақ тілді еркін меңгергеңдерін
дәлдей түсуде.Өзім жұмыс істейтін «Айгөлек» тобындағы балалардың сөйлеу
дәрежесін, сөз қолдануерекшелігін бақылап, күнделік жүргізіп отырамын.
Балалардың ойын үстінде айтуға қиын дыбыстарды жиі қолданылулының екі
ерекше түріне көңіл бөлемін.
1.Олар өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөздерді дұрыс қолдану
керектігін ескермейді, кейбір дыбыстарды қате айтады.
2.Сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуға қабілеті бола бастайды. Олардың
фонетикалық есту сезімі жетіле түседі.
Бұл жұмыс балалар балабақшаға келген күннен басталады. Балаларға қазақ тілін
түсінуін күнделікті өмірде кеңінен таралған сөздерді, өтінішті қолдауды, ұсыныс пен
сұрақтар қою арқылы жүзеге асырамын. Мысалы: «Рахмет», «Жақсы», «Отыр», «Сенің
атын кім?», «Мынау не?» деген сөздер арқылы балалардың бір-бірімен, айналадағы
адамдармен сәлемдесуге, қоштасуға, алғыс айтуға, өз есімдерін айтуға, заттарды атауға,
үйретемін.
908
Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда түрлі суреттер мен ойыншықтарды
пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп,сөйлеу дағдысындағы жетістік,
кемшіліктерді анықтаймын.Баланың тіл мүкістігін түзету үшін сабақта немесе сабақтан
тыс, жаңылтпаш, қысқа өлең шумақтарын қайталату арқылы жүзеге асырамын.
Мысалы: Домала, доп, домала,
Балшыққа тек жолама.
Жек көремін оныңды,
Бүлдіресің қолымды.
Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап
қалыптасады.Оның алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағалары мен әпкелері. Олармен
күнбе-күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді.Сондықтан
ата-аналар тәрбиешімен бірлесе отырып жаңа бағытта тілдік мәдинетті жетілдіру қажет.
Қазақ тілін жақсы меңгеру үшін ата-аналардан мына міндеттерді талап етемін:
Өлеңдерді,әндерді, ата-аналар үйде кез-келген өздеріне ыңғайлы уақытта
қайталауларың;
Баланың балабақшада, ойын, сабақта үйренген сөздерін, сөз тіркестерін, қазақша
өлең тақпақтарын бала үйіне келгенде ата-аналар сұрап отыруы қажет;
Осы міндеттер арқылы балалар қазақ тілін үйренудегі тәрбиеші мен ата-ананың
біріккен жұмысы үлкен роль атқарады.Өзі тұратын республиканың мемлекеттік тіліне
деген құрметі, бала өз ата-анасының бойынан сезініп отырса, оның қазақ тілін үйренуге,
игеруге деген құштарлығы арта түседі.Жас ата-аналармен, көмекті талап ететін ата-
аналарға ақыл кеңес беруші білікті, білімді жанашыр- ол тәрбиеші.
Қорытындылай келе, менің тәрбиелеп жүрген жеткіншектерім болашақта «Ана
тілі-біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз» екендігін
түсіне біліп, ана тілін жетік білетін, көзінің қарашығындай қорғайтын, білімді,
мәдинетті болатындарына кәміл сенмін.
Мақалалар:
1.Б. Хасанұлы, «Ана тілі-ата мұра», Алматы: Жазушы, 1982. (272 б)
2.Отбасы және балабақша. №5. 2012ж. (3-4 б)
3.«Үш тұғыр» Егемен қазақстан, № 350-351, 2007.
4.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.
ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ФОРМИРОВАНИИ ЭЛЕМЕНТАРНЫХ
МАТЕМАТИЧЕСКИХ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ У ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА
Оспанова Б.А., Алиева Т.В.
КГКП ясли-сад «Куаныш» г. Карагандa
«Не в количестве знаний заключается образование,
а в полном понимании и в искусном применении
всего того, что знаешь».
Дистерверг
909
Дошкольное детство – очень важный период в жизни детей. Именно в этом
возрасте каждый ребенок представляет собой маленького исследователя, с радостью и
удивлением открывающего для себя незнакомый и удивительный окружающий мир.
Чем разнообразнее детская деятельность, тем успешнее идет разностороннее развитие
ребенка, реализуются его потенциальные возможности и первые проявления
творчества.
Каждый ребенок по своей природе - исследователь. Удовлетворить потребность в
познании окружающего мира помогают разные технологии. Одной из универсальных
технологий являются палочки Кюизенера. Этот дидактический материал разработан
бельгийским математиком Х. Кюизенером. Счетные палочки Кюизенера являются
многофункциональным математическим пособием, которое позволяет "через руки"
ребенка формировать понятие числовой последовательности, состава числа, отношений
«больше – меньше», «право – лево», «между», «длиннее», «выше» и многое другое.
Набор способствует развитию детского творчества, развития фантазии и воображения,
познавательной активности, мелкой моторики, наглядно-действенного мышления,
внимания, пространственного ориентирования, восприятия, комбинаторных и
конструкторских способностей.
Особенность этого дидактического материала:
- абстрактность
-универсальность
-высокая эффективность.
Эффективное применение палочек Х. Кюизенера возможно в сочетании с другими
пособиями, дидактическими материалами.
Палочки Киюзенера можно широко применить:
-на логопедических занятиях (формирование мелкой моторики, решение речевых
задач, автоматизацию звуков речи, навыков звукопроизношения, обозначение ударных
и безударных звуков)
- по развитию речи, художественной литературе, по ознакомлению с окружающей
среды
- по конструированию
-изобразительная деятельность
- на математических занятиях как средство математического развития
Игры – занятия с палочками позволяют каждому ребёнку овладеть способами
действий, помогают накопить чувственный опыт, решить образовательные,
воспитательные, развивающие задачи. Организовать развитие и обучение с
использованием палочек Кюизенера можно вне занятий. О палочках Кюизенера узнали
на курсах повышения квалификации. Мы заинтересовались этой методикой и решили
внедрить ее во второй младшей группе. Родители помогли нам в работе над этой
методикой. Они приобрели пособие «Цветные счетные палочки» и дополнительно к
нему «Веселые цветные числа». В этих пособиях предоставлены игровые развивающие
ситуации с разноцветными полосками, разделенными на квадраты «единицы», что
является плоским вариантом цветных счетных палочек. Разработали план работы во
910
второй младшей группе , цели, задачи, которые помогут нам в работе. Приготовили
дидактический раздаточный материал для занятий. Занятия разделили на блоки:
-I блок «Цвета» ,где с помощью дидактических упражнений дети различают цвета,
используя приемы примеривания, сопоставление путем приложения при определении
цвета.
- II блок «Величины» - ознакомление во второй младшей группе с величиной
предполагает кроме усвоения отношений величин, развитие глазомера, игры и
упражнения на восприятие величины следует проводить параллельно с играми на
восприятие формы. В этом неоценимую помощь играют «Блоки Дьнеша»
III- блок «Счет» , но до овладения счетом ребенка следует научить объединять,
разделять группы предметов- производить операцию анализа и синтеза. Приведу
пример: Так группа кукол (синтез) разделена на группы по размеру, наличию головных
уборов, цвету одежды (анализ). Если дети умеют производить такой анализ, их можно
учить сравнению: каких кукол много – маленьких или больших, каких мало или
поровну. Для ответа не нужен счет с помощью числительных. Такое сравнение много-
мало, больше- меньше, поровну вызывает у детей желание называть числа предметов
сравниваемых совокупностей, появляется возможность обучить их счету, умению
ответить на вопрос воспитателя: «Сколько предметов и каких?» Чтобы сформировать
у детей понятие числа, нужно, чтобы в раннем возрасте они видели, слышали, осязали,
сравнивали разнообразные предметы, звуки, движения. Поэтому на занятиях часто
используем игры и упражнения на формирование слуховых, зрительных, двигательных
восприятий.
Занятия проводим последовательно , систематически от простого к сложному.
Заниматься с палочками дети могут индивидуально, подгруппами в игровой
деятельности. Иногда возможна и фронтальная работа со всеми детьми. Фронтальная
форма работы не должна быть ведущей, так как накопление детского опыта происходит
в игре и в повседневной детской деятельности. Подбор игр мы осуществляем с учетом
индивидуальных особенностей детей, возрастных возможностей каждого ребёнка и
уровня развития детей. Методы и приёмы подбираем так, чтобы они могли
обеспечивать мотивацию занятий. Для обеспечения и поддержания интереса к
обучению используем игровые методы и приёмы, так как содержанием дошкольного
обучения должно быть только то, что можно решить способом игры. Подача
математического содержания осуществляем на сюжетной основе. Демонстрационный,
раздаточный материал, схемы, игры всегда яркие и сенсорно привлекательные, что
поддерживает интерес у детей. С новым материалом раньше знакомим отстаюших
детей, а затем детей с высоким уровнем развития, что повышает активность отстающих
детей. Для себя завяли дневник, в котором отслеживаем над чем поработать
индивидуально с ребенком. Все игры - занятия предполагают совместный поиск
решения, интеллектуальное сотрудничество. При использовании в работе палочек
Кюизенера занимаем разные позиции по отношению к ребёнку- "вместе" или "рядом".
Приоритет чаще отдаем личностно - ориентированной модели общения, которая
предполагает отношение сотрудничества и партнёрства. Помимо палочек Кюизенера в
работе используем «Волшебный поясок» - пособие, способствующее развитию
любознательности по ознакомлению с окружающим миром, и «Математический
911
планшет»- дидактическая обучающая игра для развития у детей сенсорных, логико-
математических, речевых и творческих способностей. Отличная игра для мелкой
моторики рук.
В своей работе тесно сотрудничаем с родителями. Они помогают нам в подготовке
дидактического, раздаточного материала. Родители завели тетради, в которых пишем
домашние задания на закрепление пройденного материала. Проводим консультации с
родителями, в которых даем рекомендации по работе с палочками Кюизенера.
В дальнейшем планируем продолжать работу по данной теме. Наша задача-
формировать математическое мышление, развивать творческое воображение,
воспитывать настойчивость, усидчивость, целеустремленность, Чтобы полученные
знания они смогли применить в своей жизни.
Предлагаем технологическую карту по второй младшей группе
Достарыңызбен бөлісу: |