Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата28.11.2023
өлшемі210,87 Kb.
#130495
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Құстардың
ұясы
Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя
құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан
жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі ұяны сарықас торғай жасайды. (27 
сөз) 
Тақтаға жазылатын сөздер: сарықас, бүркіттікі. 
Үш буынды сөздердің астын сызғызу. 
Тымақ

Қазақта тымақтың түрлері көп. Ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның
маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкінің терісі тігіледі. Сырты
асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі киізден құралып,
шошақ болып келеді. (29 сөз) 
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан 
 
Ормандағы тіршілік 
Орманның басты байлығы – ағаштар. Олардан тақтайлар, үй жиһаздары
жасалынады. Егер ағаш болмаса, қағаз да болмас еді. Кесілген ағаштың
орнына ағаш өсіруге ондаған жылдар кетеді. Жыл сайын ағаш отырғызу
жұмыстары жүргізіледі. (31 сөз) 
 
Достық 
Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар
бір-біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықта
бір-біріне көмекке келеді.
Қонаққа ең жақын достарыңды шақырасың. Дос сенімен жақсылықта
да, жамандықта да бірге болады. (32 сөз) 
«Әдептілік - әдемілік» кітабынан 
Құмырсқа және илеу. 
Құмырсқа ши тауып алды. Ол шиді илеуіне қарай сүйреді. Бірақ ши
ауыр болып шықты. Құмырсқа оны жалғыз сүйрей алмады. Ол
жолдастарын көмекке шақырды. Бәрі бірдей шиді илеуге жеткізді. 
И, й әріптерінің астын сызғызу. (32 сөз) 
Түйе

Түйе екі жылда бір боталайды. Ботасын он төрт ай көтереді. Жаңа
туған бота әлсіз болады. Емген сайын күш-қуат кіріп өсе бастайды. Күн


суықта боталарға жабу жауып қояды. Сонда өкпесіне суық тимейді. (31 
сөз) 
«Балдырған» журналынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет