Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата28.11.2023
өлшемі210,87 Kb.
#130495
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 
Күз 
Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз
жылытады. Кей күндері таңертең күн салқын болады. Жұрт күземін алып,
киізін де басып алған. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар
көптен көрінбейді. Егіншілер астығын жинап болған. (36 сөз) 
М. Дулатов 
 
Зерлі шапан 
Зерлі шапан – сырт киім. Ол қымбат матадан тігіледі. Оның жағасы
мен өңіріне зер салынады. Арқасы, етегі мен жеңі оқалы жіппен
өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапанды хан
мен сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. (35 сөз) 
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан 
 
Жетіген 
Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан
құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген
жылдар өтсе де, баяғы күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек
байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. (33 
сөз) 
«Ұлттық аспаптар» кітабынан 
1.Мәтіннен сан есімдерді тапқызып, астын сызғызу. 
 
Шоқан 
Шоқан – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші,
тарихшы, саяхатшы. 
Суретші Шоқан таңбалы тастар мен тас мүсіндерге көңіл бөлген.
Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады.
Олар ғасырлар бойы жасай бермек. (34 сөз) 
С. Мұхтарұлы 
1.Туынды сөздерді тапқызып, сөздік құрамына талдыту. 
Көктем. 
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады.
Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа
бастады. өзенде сең жүрді.


Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш
бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз) 
Кемпірқосақтың жеті түсі. 
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар – қызыл, қызғылтсары, сары,
жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда
ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде
жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.
(36 сөз) 
«Әлемнің ұлы кереметтері» кітабынан 
Жайлау 
Жайлау - қыстайдан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы
тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда
тойынады. Адамдар да серігіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік
қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз) 
Н. Қазыбеков 
Табиғат. 
Табиғат – бәріміздің ортақ мекеніміз. Мұнда адамдар, өсімдіктер,
жануарлар өмір сүреді. Табиғат бізге таза ауа, жарық, жылу, мөлдір су,
құнарлы жер сыйлайды. Сондықтан табиғатқа ізгі ниетпен қараған дұрыс.
Табиғаттың байлығын ысырап етпей, оның дамуына кедергі жасамауымыз
керек. (36 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет